Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Дарабоздар" интеллектуалды сайысы 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Дарабоздар" интеллектуалды сайысы 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зияткерлік тәрбие саласы бойынша өткіізілген ашық тәрбие сағаты "Дарабоздар" интеллектуалды сайысы 4 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2021
602
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Усенова Гульдана Калдыбаевна

«Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы

Тақырыбы: ДАРАБОЗДАР интеллектуалды сайысы 4 сынып

Мақсаты:

Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс


Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер, ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Өркениет өзегі – білім мен ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш сыныптарынан басталатыны бәрімізге аян.
Көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын
істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын
істері. Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Міне, осы теорияны негізге ала отырып, «
ДАРАБОЗДАР» деп аталатын 4 «А» сыныбында ұйымдастырылып отырған интеллектуалды ойынымызға қош келіпсіздер!


Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе – бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.

Оқушылар «Білімділер», «Ойшылдар» «Зейінділер» болып мозайка әдісі арқылы 3 топқа бірігеді

- Ал, құрметті оқушылар, осы уақытқа дейінгі алған білімімізді топ болып, жан аямай ортаға салайық

Ойын кезеңдерімен таныстыру. 6 айналымнан тұрады.

1. Кім тапқыр?

2. 1, 2, 3, 4

3. Тіл білгірі

4. Интерактив

5. Тұлғаны тани біл

6. Айшықты сөздер

1-кезең «Кім тапқыр»

Бұл кезеңде әр топқа 6 сұрақ қойылады, сол сұрақтарға мақалмен жауап бересіңдер. Әр сұраққа бір оқушы жауап береді. Өзі жауап берсе 2 балл алады, егер топ мүшелері жауап берсе 1 балл беріледі. Жауап беретін оқушы жеребе арқылы анықталып отырады.

Оқу – немен құдық қазғандай?

Оқу – инемен құдық қазғандай.

Білім бұлағы не?

Оқу – білім бұлағы т.с.с

Оқу – білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.

Қарты бар үйдің – қазынасы бар.

Білімдіге дүние жарық.
Білімсіздің күні кәріп.

Өмір – үлкен мектеп.
Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.

Кітап – алтын қазына.

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

Білім – теңіз, мектеп - кеме.

Еріншектің ертеңі бітпейді.

Ұстаздан шәкірт озар.

Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.

Отан – оттан да ыстық.

Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.

Білегіңе сенбе, біліміңе сен. 

Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.

Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.

Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.

Әр кезең соңында топтардың баллы есептеледі.

2 – кезең

1, 2, 3, 4 – кезеңі. Бұл кезеңде 10 сұрақ қойылады және сұрақтың 4 ықтимал жауаптары көрсетіледі. Топ мүшелері ақылдаса отырып дұрыс жауабының номерін көрсетеді 1, 2, 3, 4. Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.

1.«Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау гүлін сүйем» өлең жолдарының авторы кім?

  1. Ы.Алтынсарин

  2. А.Құнанбаев

  3. М.Мақатаев

  4. М.Әуезов

2.Адамның қай мүшесі жұп? 1) жүрек 2) асқазан 3) бүйрек 4) бауыр

3.Өсімдіктің жер астындағы бөлігі

1) гүл 2) тамыр 3) сабақ 4) бүршік

4.Біздің мемлекеттік туымызда қай түс жоқ?

1) қызыл 2) көк 3) сары 4) күлгін

5.Мемлекеттік әнұранның музыкасын жазған сазгер.

1) Е.Брусиловский 2) М.Мақатаев 3) Ш.Қалдаяқов 4) Ш.Уәлиханов

6.Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, төртбұрыш. Фигураның қайсысы артық?


1) дөңгелек 2) шаршы 3) төртбұрыш 4)үшбұрыш


7) 9 мамыр күні қандай мерекені атап өтеміз?

1) Тәуелсіздік күні 2) Жеңіс күні 3) Наурыз мерекесі 4) Аналар мерекесі


8) Өрмекшінің неше аяғы бар?

1) 4 2) 7 3) 8 4) 5


9) 1 сағат 20 минутты минутқа айналдырсақ

1) 90минут 2) 70 минут 3) 80 минут 4) 60 минут


10) Үзіліс 1 сағаттың алтыдан бір бөлігін құрайды.

1) 10 минут 2) 20 минут 3) 15 минут 4) 5 минут


3 – кезең

«Тіл білгірі»

Бұл кезеңде экраннан сурет көрсетіледі, сол суреттегі затты бір оқушы топ мүшелеріне жұмбақтап түсіндіреді, топ мүшелері заттың атын тауып оны үш тілде айтулары керек.

Заттың атын тауып үш тілде айтылса 3 балл беріледі, егер екі тілде айтылса 2 балл, заттың атын ғана айтып қойса 1 балл беріледі.


1-топқа

1

кірпі – ёж – hedgehog

2

аспаз – повар – cook

3

отбасы – семья – family

4

жұлдыз – звезда – star

5

алма – яблоко – apple

6

жолбарыс – тигр – tiger

7

сағат – часы – clock

8

суретші – художник – painter


2-топқа

1

дәрігер – врач – doctor

2

керік – жираф – giraffe

3

қолғап – перчатки – gloves

4

шаштараз – парихмахер – hairdressers

5

қарлығаш – ласточка – swallow

6

алмұрт – груша – pear

7

тиін – белка – squirrel

8

қасық – ложка – spoon


3-топқа

1

гүл – цветок – flower

2

аю – медведь – bear

3

ұшақ – самолёт – plane

4

мұғалім – учитель – teacher

5

қоян – заяц – rabbit

6

балмұздақ – мороженное – ice-cream

7

өрік – абрикос – apricot

8

балалар – дети – children




4 – кезең

Интерактив

Бұл кезеңде оқушылар залда отырған көрермен оқушыларға сұрақ қояды, сұраққа қол көтеріп жауап береміз. Жауабын тапқан адам кішігірім сыйлыққа ие болады.



5 – кезең

Тұлғаны тани біл

Бұл кезеңде әр топқа 6 танымал тұлғаның суреті беріледі. Топ мүшелері плакатқа жабсырып сол тұлға жайлы білген мәліметтерін айтады (қорғайды).


6 – кезең

«Айшықты сөздер»

Бұл кезеңде қима қағаздарда жазылған сөздерден өлең жолдарын құрастырып, өлеңнің авторын, өлеңнің атауын айтады және сол өлеңді мәнерлеп оқып береді.


Shape3 Shape2 Shape1

баптанба

Орын

таппай



Shape4

мақтанба


Shape6 Shape5

Ғылым

таппай









Міне, бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Олай болса, ұпай сндарын есептеп жеңімпаз топты анықтайық 

Ал құрметті қонақтар мен балалар бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды. Әрқашан білімді, ойшыл, зейінді болыңдар балалар.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

Келгендеріңізге көп-көп рақмет. Көріскенше қош сау болыңыздар!





Shape7



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!