400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Денсаулық – зор байлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға денсаулық, салауатты өмір салты қағидалары туралы түсінік беру. Оқушылар бойына гигиеналық талаптарды және салауатты өмір салтын ұстануды, оны насихаттауды қалыптастыру, зиянды дағдылардан бойларын аластату. Оқушыларды тазалыққа, жанашырлыққа, белсенділікке, дене тәрбиесіне баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сынып: 6 «Б»

Мектеп: «№11 орта мектебі» КММ

Тақырыбы

Денсаулық – зор байлық

Мақсаты

Оқушыларға денсаулық, салауатты өмір салты қағидалары туралы түсінік беру.

Оқушылар бойына гигиеналық талаптарды және салауатты өмір салтын ұстануды, оны насихаттауды қалыптастыру, зиянды дағдылардан бойларын аластату.

Оқушыларды тазалыққа, жанашырлыққа, белсенділікке, дене тәрбиесіне баулу.

Үштік одақты нығайту. Мұғалім ,ата ана ,оқушы

Күтілетін нәтиже

оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру. Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу.

Сабақтың мақсаты

 Білімділік: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру;
Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
Тәрбиелік: денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

түсінік беру, сұрақ жауап, зумм, интарактивті тақта

Көрнекілік

нақыл сөздер, суреттер, слайдтар, бейнекөрініс,постерлер.

Сабақ барысы

Қызуғышылықты ояту

Сәлеметсіздер ме, балалар?!

Балалармен үш түрде амандасу (құшақтасу, қол беру, шапалақ)


Психологиялық көңіл күй орнату

Бүгінгі тәрбие сағатымыз көңілді өту үшін көңіл- күйімізді көтеретін бір бірімізге жақсы тілектер тілейміз.

Балалар, ыңғайлы отырып, бір- бірімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік . Енді, бүгінгі тәрбие сағатымызды осындай көтеріңкі көңіл-күймен өткізейік.

Ұйымдастыру кезеңі

(слайд көрсету)

Оқушылар мен зумдағы ата аналарды топқа бөлу.Түрлі түсті алма таңдау арқылы топқа бөлініп,мазайка құрап топтың атын шығарады.(Жемістер,көкеністер,дәрумендер,сүт тағамдары)

Мен сөзімді қазақ халқының нақыл сөздерімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» деген екен.

Олай болса, құрметті оқушылар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»

(Денсаулық туралы видео-ролик көрсетемін https://youtu.be/Pi9ZG-BtjWo )



Сабақтың ортасы

1-тапсырма.Топтарға тапсырма беру видео роликтан түйген ойларын топқа салып кластер ,венн диограммасы арқылы қорғау

Пайдалы тағамдар

Спаорт түрлері

Пайдасыз тағамдар


Әр топ жұмыстарын қорғайды.

2-Ата анадан кеңес алу Нигметжанова Гульмира Серикказыевна « Білім инновация лицейден Диетолог» Алидің анасы жұмыс жасайды сол ата анадан сұқпат алсақ дәзге не айтар екен.

3-«Ыстық мекрафон» әдісі арқылы біздің болашақтағы Оператырмен жүргізуші Камилла мен Бекнұрды ортаға шақырайық

Сұрақ жауап әдісі

Жұмбақ:

Дымқылдап күнде сен,

қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір-ласың,

Тап-тазаболасың. (Сабын)


Шомылған баланы,

Аймалап алады.

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да. (Сүлгі)


Аузыжоқ, көзіжоқ,

Тіліжоқ, өзіжоқ.

Бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар. (Тарақ)


Бізедік, бізедік,

Отыз екі қыз едік.

қатар-қатар тізілдік,

Кезек-кезек үзілдік. (Тіс)

Мені жалғастыр” ойыны

1. Зиянды заттардан ертең емес бүгін ...

2.

3. ... – зор байлық.

4. ... саудың – жаны сау.

5. ...- бар байлықтан қымбат.

6. Ауырып ем іздегенше, ... ауырмайтын ем ізде.

7. Демі бардың ... Бар.


сұрақ – жауап

Ата аналарға Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар?

1. Қоршаған орта ластығы. 

2. Дұрыс тамақтанбау. 

3. Тұқымқуалаушылық. 

4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы. 

5. Зиянды заттарды қабылдау. 

6. Тазалықты сақтамау. 

7. Отбасындағы кері жағдайлар. 

8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы. 


Оқушыларға Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар?

1. Дұрыс тамақтану. 

2. Қоршаған орта тазалығы. 

3. Дене шынықтыру. 

4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы. 

5. Зиянды заттарды қабылдамау. 

6. Жеке бастың тазалығын сақтау. 

7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау. 

8. Эмоциялардың оң болуы. 


Болашақтағы дәрігеріміз Ділдәнің кеңесін тыңдайық

Сергіту сәті

(Оқушыларға бейне-баян көрсету https://youtu.be/by8NcRAsRAE )


Ойтолғаныс




















Кері байланыс

Рефлексия

1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
2.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
3.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?
4. Денсаулыққа не зиян?

Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу
5. Салауатты өмір сүру дегеніміз не?

Ол әлуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.
6.Біз не үшін тамақтанамыз?

Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз.

Ментиметр программасы арқылы кері байланыс жасау https://www.menti.com/alc3ezyab8rd

Қорытынды сөз мұғалім

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Сау болыңдар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
06.11.2024
392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі