400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты: Денсаулық-зор байлық 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтауда денсаулықтың маңызын ұғындыру, өз денсаулықтарын күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу мақсатында өткізілді « Білегіңе сенбе, біліміңе сен » Ой ашу: блиц-турнир сұрағы .« Бас қатырғыш », « Қапшықта не бар?», «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»,. «Арқан тартыс »,« Жалғасын тап» кезендері бойынша екі топқа болініп жарыс түрінде өткізілді. Жарыс оте тартымды , көңілді өтті
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Денсаулық-зор байлық
Мақсаты:
Білімділік: Салауатты өмір салтын сақтау, денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін оқушыларға ұғындыру.
Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын кеңейту.
Тәрбиелік: Өзін - өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Әдісі: ойын, жұмбақ шешу, мақал-мәтел айту, сұрақ-жауап, плакаттар.
Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, буклет
Барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе бөлім.
Мұғалім:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында, Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ақуалы жақсы болуы тиіс,-деп атап көрсеткен болатын.
Сол бағдарламаға орай бүгінгі 3«Г» сынып оқушыларының арасында өткізілгелі отырған
«Денсаулық –зор байлық» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!
Мақсаты: Денсаулықтың негізі- қимыл, спортпен шұғылданып, дұрыс ұтымды тамақтанып өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеп, ойын арқылы да салауатты өмір салтын сақтауға болатындығын ұғындыру.
Оқушыларды екі топқа бөліп ,ойындарды жарыс түрінде өткізгелі тұрмыз.
Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:
1. Әр топтың өздерін таныстыруы,
2. « Білегіңе сенбе, біліміңе сен » Ой ашу: блиц-турнир сұрағы 
3. Ойын : « Бас қатырғыш »
4. Ойын: Қапшықта не бар?
5. Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар. «Арқан тартыс »
6. Ойын: « Жалғасын тап»
Олай болса әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Әділ қазылар алқаларының алдарында 3 түсті смайликтер қойылған, сары, жасыл және көк ең жоғары ұпай саны 7сары түс; 5 жасыл түс; 3 көк түс.

Қай топтың қоржынында сары түсті смайлик көп сол, со топ жеңіске жеткен болып саналады.

Олай болса,егеменді еліміздің тұтқасы болар,болашақ сол жас ұрпақты қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық:
Сайыскерлерді таныстыру: 
І «Күншуақ» тобы
ІІ. «Шаттық» тобы:

ІІІ. Сайыскерлер тобымен, ұранымен таныстырады.

ІV.
« Білегіңе сенбе, біліміңе сен » Ой ашу: блиц-турнир сұрағы.

Оқушылар қолдарын көтеріп жауап беру керек

1.Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста)
2. Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
3. Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие)
4. Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)
5 Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
6) тазалық кепілі (денсаулық)

Ү.Ойын : « Бас қатырғыш »

Ойынның шарты: көкөністер мен жемістердің суреттері қиынды түрінде берілген, сол қиындыларды жылдам, дұрыс орналастыру керек.

VІ.. Сергіту сәті: Би-қозғалыс, қозғалыс-денсаулық, денсаулық-зор байлық.

VIІ. « Қапшықта не бар?» ойыны.

Ойынның шарты: ойыншылардың көздері байлаулы болады, кезекпен келіп, қапшықтың ішіндегі заттардан біреуін таңдап алады да сипап сезу арқылы заттың атын айту керек және алған заты адам денсаулығына пайдалы ма, әлде зиян ба соны ажыратып айтуы тиіс.

ҮІІІ.Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар.

Ойын: « Арқан тартыс » 

Әр топтан екі-екіден ойыншылар шығып, арқан тартысады.

ІХ.Ойын: «Жалғасын тап»

Ойын « Жалғасын тап» деп аталады , бұл ойында оқушылардың денсаулық туралы мақал мәтелді қаншалықты жақсы білетіндігін анықтау.

«Күншуақ»тобына:

1. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
2. Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
3. Күлкі денсаулық мүлкі
4. Ішің ауырса.аузыңды тый
Көзің ауырса, қолыңды тый

«Шаттық» тобына :

1. Дені саудың, жаны сау.
2. Тазалық-саулық негізі,
Саулық-байлық негізі.
3. Демі бардың-емі бар.
4. Басы аманның малы түгел. 
Х. Қорытынды:

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші, сайысымызда өз мәресіне келіп жетті.

Осымен сайысымызды аяқтаймыз, әділ қазылар алқасына сөз беру, оқушыларды марапатта
у.














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
4429
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі