400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Дос және досық" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық тәрбие сағаты бастауыш сынып мұғалімдеріне және сынып жетекшілеріне көмегі мол. Тәрбие сағаты жаңа форматта өткізілген. АКТ қолдана отырып,оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттырып, дос ұғымының кең мағыналы сөз екендігіне көздерін жеткізеді. Сабақ өте жеңіл,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай өткізілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Дос және достық»

Тәрбие сағатының мақсаты:

  1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

  2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

  3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Пайдаланылатын көрнектілер:

Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, газет-журналдардан үзінділер, видеопроектор.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту кезеңі.

ІІ. «Дос және достық» тәрбие сағаты.

Ән тыңдау «Достарым»

ІІІ. « Сыйқырлы сандықша»

  1. Дос деген кім?

Shape1

Дос



Shape2 Сыр бөлісетін адам

Shape4 Shape3 Мені өте жақсы түсінетін адам

Shape5 Көмекке әрдайым дайын адам

Shape7 Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам

Сенімді адам



2.Достық дегенді қалай түсінеміз не?(Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді)

1Shape10 Shape11 Shape9 Shape8 - жауап:Адамдар арасындағы байланыс 2-жауап: Достықты шеңберге теңедім

Shape12 Shape13 Shape15 Shape14





3-жауап: Жүрек 4-жауап : Гүл



Shape17

3.Досың бар ма? Ол кім?

4. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

5. Достық жасқа байланысты ма?

6. Қыз бала мен ер балавның арасында достық бола ма?

7. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

8. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

9. Дос қандай болу керек?

Адал жомарт адамгершілігі мол қарапайым мейірімді Дос кешірімді төзімді ақылды сабырлы салмақты кек сақтамау ашықтық бүкпесіздік


Достық

Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:

  • Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

  • Достықтықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі – амал достық.

«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:

  • Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық өмірлік нұсқа болады, - деп жауап береді екен.

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.


IV. «Сөйлемді аяқта» тренингі

Екі топқа сөйлемдер беремін. Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу керек.


А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ...

Ә) Сыйластық бар жерде ...


V. Жағдаяттан шығу.

«Достық» және «Сыйластық» топтары

1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?


Y. «Мінездеме беру» тренингі

Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіәңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.

Тірек сөздер:

Адал арам

жомарт өз қамын ойлайтын

адамгершілігі мол кекшіл

қарапайым сөзге түсінбейтін

мейірімді жалқау

кешірімді тәккапар

төзімді қатал

ақылды мейірімсіз

сабырлы сараң

салмақты қызғаншақ

кек сақтамау тұйық

ашықтық

бүкпесіздік

«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылы бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік

YІ.Мақалды жалғастыр

1. «Кемшіліксіз .... іздеген адам .... қалады».

2. «Дұшпан .... айтады, дос....айтады».

3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ .......».

4. «.... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы.».

5. «..........ақшаң болғанша, көп досың ...».

6. «Досы көппен .... ,

Досы жоқпен ... ».

7. «Досы ... , өзі де жақсы».

8. «.... басқа қарайды,

... аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз ....ақылды дұшпан ....».

10. « Досың мың ....,

... біреу болса да көп».

11. « ... адам тамыры жоқ ... тең»

12. « ... дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

... дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».


Жауаптары

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

6. «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас».

7. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

10. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».

11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»

12. «Білімдімен дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

Білімсізбен дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

.

Қорытынды:

  • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

  • Досыңды алдамай, оған адал бол.

  • Досыңды қорлама.

  • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

  • Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

  • Досыңның кемшілігін кешіре біл.


Оқушылар арасында треннинг ойнату.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1973
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі