400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Достық-жүрек қалауы 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдер үшін қажет.Оқушылардың достық туралы түсініктерін кеңейту. Олардың достық қарым – қатынасының қалыптасуына ықпал ету.Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір - біріне деген достық сезімдерін нығайту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы:

5 «ә» сынып

Достық-жүрек қалауы.


Мақсаты

«Дос» және «достық» деген ұғымды терең жеткізе отырып, достық сезімін қалыптастыру мақсатында бір-бірін сыйлауға, қадірлей білуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың шынайы достықты ажырата білу және адал дос бола білу қасиеттерін бойларынан көру.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Пікірталас, «Шаттық шеңбері», Сергіту сәті, Жағдаяттан шығу.

Қолданылатын ресурстар

маркерлер, стикерлер, ноутбук,суреттер, нақыл сөздер, слайдтар.

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі




Амандасу.

Оқушылар екі «Достық» және «Татулық» тобына бөлініп отырады, орындарынан тұрып, «Шаттық шеңберге» тұрады.




Оқушылар «Шаттық шеңберін» құрып, бір-біріне жылы сөз айтады.



Білу

















Мұғалім: Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме.

Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: « Достық –жүрек қалауы» деп аталады.

Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі , бірақ та кейбіреулер , шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді!
Достық- адамдарды бір-біріне бауырмал, жақын ететін, кіршіксіз, таза, ізгілікті қарым-қатынас. Бір-бірлерінің көзқарастары мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. Адам досына ғана өз сырын айта алады, шынын жасырмайды. Дос болу дегеніміз-керек кезде қол ұшын беру, сыйлау, қадірлеу. Өзінің жан досы бар адам бақытты.

М.Мақатаевтың «Дос» туралы өлеңінің бір шумағын сіздерге оқып беруге рұқсат етіңіздер:

Досым саған сенемін, сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен
Достық деген - адамның көрігі екен
Достық деген - ақылдың серігі екен .

Құрметті оқушылар! Осындай құрмет тұтар,адал, шын жанашыр достарың көп болсын, достарыңды құрметтеп, олармен әрқашан тату болыңдар!

«Жүректен жүрекке» Оқушыларды шеңберге тұрғызып, қол ұстастырып «Абзал достар» әнін бірге орындап, сабақты бастаймыз.
Дос туралы ойлар өте көп. Достық жайлы айтпаған ұлы адамдар жоқ десе де болады. Мысалы: ұлы ғұлама ғалым Аристотель «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес» деп айтса,
«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп Мұхтар Әуезов те достық туралы өз ойын айтып кеткен.

Достық- адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп,

тілектес, мұраттас болуы.

Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан

алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» - дейді.

Достық- адамның, өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.


«Достық» тақырыбына

видеоролик көрсету

I.Пікірталас. Тақырыпты ашу сұрақтары:

1.Дос деген кім?

2.Достар қандай болу керек?

3. «100 теңгең болғанша, 100 досың болсын» деген мақалды қалай түсінесің?
4. Достық жасқа байланысты ма?

5
. Неліктен өмірде жақсы достар қажет?

6. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

7 . Достық дегенді қалай түсінеміз?

1-топ. «Достық» тақырыбына эссе жазамыз.

2-топ. «Достық» тақырыбына өлең шумақтарын жазамыз.
































Оқушылар орнынан тұрып барлығы «Абзал достар» әнін орындап шығады.

















































Оқушылар видеоны көру арқылы көп мәлімет алады.


Сұрақтарға жауап беріп, пікірталас жүргізеді.










Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларын орындап,

1-топ эсселерін,

2-топ екі шумақ өлеңдерін оқиды.

Түсіну


II. Дос қандай болу керек?
Олай болса балалар
«ДОС» күншуағын құрастырайық.Достың бойында қандай қасиеттер болу керек соны жазасыңдар.

Адал ,жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді , кешірімді,төзімді, ақылды,сабырлы ,салмақты , кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік


III.Сергіту сәті.

Ал балалар бүгін дос және достық туралы көп мәліметтер білдіңдер.Ендеше,достарымызға арналаған «Досымның жүрегі» деп аталатын ойын ойнайық.
Кеудеге тағылған жүрекке бір - бірінің жақсы қасиеттерін жазып оқимыз.

Қағазға «дос күншуағын» жазу.

Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап,ортаға топ мүшелері шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді.





Бір-біріне жүрекшеге жақсы қасиеттерін жазып, кеуделеріне тағады.










Қолдану


VII. Жағдаяттан шығу.
«Достық» және «Татулық» топтары
1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр.
Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?



Оқушылар ситуациялық сұрақтарға жауап береді












Талдау

Ойлан тап

Мақалды жалғастыр


1. «Кемшіліксіз.... іздеген адам.... қалады».
2. «Дұшпан.... айтады, дос.... айтады».
3. «.... жаңасы жақсы,... көнесі жақсы.».
4. «Досы көппен....,
Досы жоқпен...».
5. «Досы..., өзі де жақсы».
6. «.... басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
7. «Ақылсыз.... ақылды дұшпан....».
8. « Досың мың....,
... біреу болса да көп».
9. «... адам тамыры жоқ... тең»
10. «... дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
... дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».


Жауаптары:


1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
4. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас».
5. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
6. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
7. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
8. «Досың мың болса да - аз,
Дұшпаның біреу болса да - көп».
9. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
10. «Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетіңді қайтарар».

Әр топ өз жауаптарын парақтарға жазып, оқып таныстырады.

Жинақтау


Мұғалім сөзі: Сонымен балалар енді мен сіздерге мынадай достық ережесін ұсынғым келеді. Осы ережелерді есімізде сақтайық.
«Достық» ережесі:
• Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Оқушылардың мақсаты берілген ереже бойынша өз ойларын жинақтау.



Бағалау

Әр топқа бағалау парақтарын тарату

Әр топ бағалау парақшасына 2- топ мүшелерін бағалайды

Рефлексия

Екі жұлдыз , бір тілек

Стикерлерді толтыру

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойын стикерге жазып, тақтаға іледі .

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.

Үйге тапсырма

«Менің досым» тақырыбына 100 сөздік эссе жазу

Үй тапсырмасын жазып алады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі