Достық-сыйластық
Мақсаты:
Оқушыларға дос, достық туралы
әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту;
оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдік, менмендік,
тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету; Ұйымдастыру:
Сыныпты шаттық шеңберге шақыру.
Шаттық шеңбері (Балалар бір –
біріне тілектерін айтады)
Жүректен
жүрекке
-Ойыншық жүрекшені
алақандарына салып, «Сенің досың қандай болғанын қалайсың?» деген
сұраққа жауап бере бір-бірлеріне
ұсыну.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.(Достық, Сыйластық,
Сыныптастық)
Қызығушылықты ояту- (тәрбие сағатының тақырыбын
табу)
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3
минут
«Өзі туралы кластер»
тренинг
Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер
құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін
жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес
негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос
т.б
Топтық
жұмыс
Ассоцация құру:1топқа -Дос
деген кім?
2топқа -Дос қандай болу
керек?
3 топқа -Достықтың қандай
түрлерін білесің?
Жеке
жұмыс
«Менің
достарым»
Сыр
бөлісетін адам
Мені өте
жақсы түсінетін адам
Көмекке
әрдайым дайын адам
Қандай
жағдай болмасын бірге болатын адам
Сенімді
адам
«Сұрақ-жауап»бөлімі
1.Өзіңді
қандай доспын деп ойлайсың?
2.
Досыңыздың басына қиындық түсті, не
істейсіз?
3.Достық
шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
4.Достық
жасқа байланысты ма?
5.Қыз
бала мен ер баланың арасында достық бола
ма?
6.Жақсы дос, жаман дос
қандай болады?
7. Әрбір
адамға дос керек,өйткені....
8. Әке мен бала арасында
достық болу мүмкін бе?
9. Адал дос табу үшін
өзіміздің қарым-қатынасымыз қандай болу
керек?
Достық
Әйтімбет
деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде оның замандастары: -Достық
нешеу?-деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет айтқан екен: -Достықтың екі
түрі болады. Бірі-адал достық, екіншісі-амал достық. «Енді оны
қалай ажырата аламыз» дегендерге: -Адал достық өмірлік нұсқа
боладды, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп берген екен.
Оқушылардың пікірі тыңдалады
Ойын: «Ренжістік, достастық»
/әуенмен/
Балалар, бүгін біз «
Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз
достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша
сендер:
• «РЕНЖІСТІК» дегенде
бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды
безейсіңдер.
• «ТОҚТА» дегенде
бір-бірлеріңе арқаларыңмен
бұрыласыңдар.
• « ДОСТАСТЫҚ » деген
бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік
туралы ізгі сөздер айтасыңдар
Пікір алмасу
- Сендерге ойын ұнады
ма?
- Татуласу ше?
- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар?
/қуанышты, бақытты, көңілді/
- Ал, сендерге ренжіскен ұнады
ма?
- Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер?
/уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/
Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу
үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не
жетсі.
Жағдаяттан
шығу.
1.Сенің
ең жақын досың ұрлық жасады . Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек
күтіп тұр. Сен не айтар едің?
2.Сенің
досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң
жетпейді. Сен не істейсің?
3.
Сыныпта жиі –жиі оқушылар төбелесе береді. Ол жайында бәрімізге
мәлім делік. Ондай жағдай болмау үшін қандай шара жүргізер
едіңдер?
Мақалды жалғастыр 1.Кемшіліксіз ... іздеген адам
...қалады.(дос,доссыз) 2. Дұшпан ... айтады, дос ...
айтады.(күлдіріп,жылатып) 3.Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ
...(жақ, жоқ) 4. ...жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы.(киімнің,
достың) 5. ... ақшаң болғанша, көп досың.... (көп,болсын) 6.Ақылсыз
...ақылды дұшпан ...( достан,иартық) 7.Досың мың ...., ... біреу
болса да көп (болса да аз,
дұшпаның)
Қорытынды: «Достық «ағашын
құру
«Екі
жұлдыз бір тілек» Қиын кезде бір-біріне көмек
көрсетіңдер. Досыңды алдама,
оған адал бол. Досыңды қорлама. Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе
біл. Досыңды барда да сына, жоқта да сына. Досыңның кемшілігін
кешіре біл.