Ашық тәрбие сағаты "Егеменмін,тәуелсізбін,азатпын"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Егеменмін,тәуелсізбін,азатпын"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Егеменмін,тәуелсізбін,азатпын" атты ашық тәрбие сағаты сынып жетекшілерге үлгі ретінде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 5

Тақырыбы: «Егеменмін, тәуелсізбін, азатпын!»

Мақсаты:1986 жылғы 17-18-желтоқсандағы бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірген ғаламат оқиға жөнінде жастарымызға жаңа тұрғыда насихаттай отырып,туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін,туған халқын сүюге,тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреті, мақал- мәтелдер, Қазақстан рәміздеріің суреті , Ата заң, мақал- мәтелдер, көрме, фотосуреттер, , шарлар, «Тәуелсіздік шежіресі», «Алматы 1986 Желтоқсан» кітаптары, «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар, слайд, видеороликтер т.б


Әнұраным, жанұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім - сағынарым.

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам әнұраны.

(ҚР Әнұран орындалады.)

1 жүргізуші

Биыл – тәубе еткен Тәуелсіздікке 26 жыл. Тәуелсіздік - ең қымбат ұғым.
Тәуелсіздік жолында құрбан болған Алаш қайраткерлері мен ұлтын, тілін сүйген есіл азаматтардың әруағы бір аунап түсетін қасиетті күн. Бұл ұлық мейрам әр қазақтың жүрегіне патриоттық рухтың дәнін себуі тиіс.

Құрметті оқушылар, ұстаздар, біз Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған «Егеменмін, тәуелсізбін, азатпын!»атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!

2 жүргізуші

1991 жылдың 16 желтоқсаны халқымыздың тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн. Бұл күн біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзі мойындаған күн. Қазақ халқының сан ғасырлық арманы болған бұл күн бізге оңай келген жоқ. Талай қырғынды бастан өткіздік. Ата-бабамыз білектің күшімен найзаның ұшымен кең байтақ жерімізді қорғады.

1 жүргізуші

Иә, бұл расыменде солай. Өйткені, осыдан 26 жыл бұрын әлемдік сахнаға Қазақстан Республикасы деген жаңа тәуелсіз мемлекет көтерілісі, 1986 жылы Желтоқсан күндері еркіндік пен бостандық, тәуелсіздік жолындағы күрестің жаңа замандағы бастауы болатын. Сондықтан да 16 -17 желтоқсан халқымыздың қастерлі күндеріне айналды.

Хор: « Желтоқсан желі»

2 жүргізуші

Алып өсен Абылайдай ұлылардың батасын,

Тәуелсіз ел, Егемен ел, Қазақ жасасын!

Бейбітшілік мызғымастай елімізде орнасын!

Қос қанаты қазағымының ешқашан да талмасын!

Бақыт қонып,ернеуімнен асып-тасып төгілдім,

Желбіреп тұр, әрін ашып, көк байрағым елімнің.

Елтаңбам мен Әнұраным еріндікті білдірген

Ірге тасы мықты болсын қазақ деген елімнің!

Хор: «Қазақ елі»

Менің отаным - Қазақстан Республикасы әрі жас, әрі кәрі, байырғы атамекен. Жас болатыны - бабалар армандаған тәуелсіздік туының желбірегеніне 26 жыл болды, кәрі болатыны- кешегі бабалардың бүгінгі біздің, ертеңгі ұрпақтың құт мекені.

Видеоролик «Атамекен»

1 жүргізуші

Бұл күнде біздің Республикамыз - өз алдына тәуелсіз мемлекет. Қазақстан халқының өткен тарихы – ата - бабаларымыздың бостандық пен бақытты болашақ жолындағы ұзақ та ауыр күресінің тарихы. Бүгінде Республикамыз 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың ортақ үйі болып отыр. Ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан қазақтар мен басқа ұлт өкілдері Қазақстан халқын құрайды.

Айтамын әрқашанда сөздің шынын,

Атқарған сансыз еңбек халық үшін.

Биікке қол жеткізсе Қазақстан,

Данышпан саясаты Елбасының

Видеоролик «Елбасы»

2 жүргізуші

«Желтоқсанда құрбан болған ұл - қыздарымызға арналған мына өлеңді қабыл алыңыздар»

Қазақ елі қымбатты,

Көлеңкелеп таң атты.

Желтоқсанда мерт болған,

Құлындарың үн қатты.

Аман ба екен анашым,

Берген өмір баласын.

Ботасынан айырылып,

Алған өмір жарасын.

Сұлу арман қуған жер,

Кіндігімді қиған жер.

Аман ба екен біздің жақ,

Еркелеткен түған жер.

Біздер өткен алаң-ай,

Сол алаңға барам-ай.

Қан төгілген жерлерге,

Гүл шоқтарын қоям-ай.

Біз үмітпен келгенбіз,

Әділ баға берді-ме?!

Адалдығын қызының,

Жан анашым сезді ме?!

Жас денемді тас етіп,

Мен жатырмын мұз бүгіп.

Суық екен қара жер,

Жылытшы ана бір келіп.

1 жүргізуші

(«Отан, Қазақстан, Тәуелсіздік, Елбасы» туралы «5 сынып» оқушыларының мына бір жүрек жарды өлеңдерін тыңдап көрейік)

(Оқушылар барлығы бір қатарға тұрады)

2 жүргізуші «Қайрат Рысқұлбеков туралы көрініс»

1 жүргізуші

Бұрқатып өткен бұл халық мұңы,

Бір дәуір сынды жыл болды ұлы.

Желтоқсан таңы жадырап қайта,

Ғасырдың бүгін нұрланды күні.

Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар,

Жүректе жылы үміт пен ізгі ар.

Ақ құстай бейбіт арманы самғап,

Алаңға шықты жігіттер,қыздар.

2 жүргізуші «Сабира Мұхамеджанқызы туралы көрініс»

Залда 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

1 жүргізуші

Қасиет де құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып ой жіберейік Тәуелсіздік атты бұл сөздің тұңғыиығында ата бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай – талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр.


Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы

Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы

Тұрақты болсын, қуатты болсын әрқашан

Шырағы мен пырағының тұрағы.

Шамшырағы енді қайтып сөнбесін,

Жүйрік пырақ енді қайтып өлмесін.

2 жүргізуші

Мен – адаммын, әуелі содан кейін,

Қасқаюға қақым бар: - Қазақпын! – деп

Айта алмаған ата – анам азатпын деп

Мен – халықпын, жер бар, жалауы бар

Мақтан етер көп асыл қасиетім

Мен халықпын еркі бар, алауы бар

Қасиетті туы бар иетін!

Мен – азатпын өз еркім, өз үйім бар,

Азаттығым бекіген Ата заңмен

Мен адаммын көз қарасы сезімім бар

Қалыптасқан еңбекпен бата қанмен

Бәрі де бар бойымда осылардың

Бірақ, барға малданып алданбаймын,

Айналсам,- деп ұлы елге, армандаймын!

1 жүргізуші

Жаңа Қазақстан жалпы адамдық құндылықтарды жариялай отырып,өзінде тұратын барлық халықтардың достығын нығайтты, саяси тұрақтылық орнатты. Осы саясаттың туын көтеруші, оның іске асуына жағдай жасаушы ел Президенті Н.Ә. Назарбаев.

2 жүргізуш
Бақыт қонып, ернеуімнен асып-тасып төгілдім,
Желбіреп тұр, әрін ашып, Көк байрағым елімнің.
Елтаңбам мен Әнұраным еріндікті білдірген
Ірге тасы мықты болсын қазақ деген елімнің!!!

Ән: көк тудың желбірегені

1 жүргізуші

Ата-бабам арман еткен ежелден,

Жүріп өткен қилы-қилы кезеңмен.

Қазақстан тәуелсіз ел атанды,

Бірден оңай келмегенін білем мен.


Бейбіт күнім күлімдейді төбемнен,

Қара бұлтты ыдыратып сөгем мен.

Тойлап келем қатарынан он бес жыл,

Ел болды деп Қазақстан егемен.

Ән: «Елім менің»

2 жүргізуші

Тәуелсіздік – тірегім алмас үнді,

Тәтті үміті халқымның сан ғасырғы.

Көк байрақты, кемеңгер кемел ойлы,

Келбетіңнен көремін жалғасымды.


Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,

Жүректерге үміт боп жағылғансың.

Аяулысын білмеген алақаннан –

Сусып барып қайтадан табылғансың.

1 жүргізуші

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп

«Егеменмін, тәуелсізбін, азатпын!» атты мереклік концертімізді жабық деп жариалаймыз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
31.05.2018
919
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі