400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Елбасының балалық шағы 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін көмегі бар.Жаңартылған бағдарлама бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Елбасының балалық шағы .

Мақсаты: 
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет

Әнұран


Сабақтың барысы: 

Ұйымдастыру

Үнтаспадан «Елім менің» (әні естіліп тұрады)
-Балалар, 1 желтоқсан қандай мерекелі күн?

Біздің елімізде «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтарға құтты мерекесі. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.

- Біздің президентіміз кім?
- Н. Ә. Назарбаев
- Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды?
- 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98,7% дауыспен Н. Ә. Назарбаев сайланды.

Мұғалім:

-Құрметті оқушылар!1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Елбасының балалық шағы»

Көрініс: Нұрсұлтанның балалық шағы
Рөлдерде: Автор, Әжесі – Мырзабала , Әкесі – Әбіш, Бала – Сұлтан

Автор:  Шменова Сафия

Әжесі:  Жабалбай Айару

Әкесі: Агадылов Бексұлтан

Бала Сұлтан: Қазытай Бақдәулет

Автор:Бала Сұлтан ат жарысына қатысып, бәйгеде аты бірінші келеді. Әкесі Әбіштің қуанышында шек жоқ. Ауыл тұрғындары Сұлтанды құтықтап жатыр. Бала Сұлтанға бәйгеден аты озып шыққаны үшін сыйлыққа кілем береді.Олар үйлеріне қайтады.

Әкесі Әбіш:

 -Апа! Сүйінші, Сұлтан бәйгеден бірінші келді!

Апасы:

-Жарайсың, балам! Өркенің өссін!Айттым ғой, менің балам озып шығады-деп.

Апасы Сұлтанды құшақтап, бетінен сүйеді.

Бала Сұлтан: 

-Апа,қарашы маған не бергенін? Мен бұл кілемді біздің үйде тұрып жатқан

Кавказдан келген ағайындарыма беремін-деп кілемді береді

Мұғалім:

-Балалар, бұл көріністен Бала Сұлтаның қандай қасиеттерін көрдіңдер? 
- Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолдары туралы не білеміз? (ойымызды ортаға салып көрелік)

1- Жүргізуші: Тимур

Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,

Құт қонған ел қасиеттен жаралған.

Бірлігімнің туын биік ұстаған,

Жаңарған ел желтоқсаннан нәр алған.

2-жүргізуші: Рабия

Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы

Бейбіт күнде желбіреген байрағы.

Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,

Қазақстан – ынтымақтың айғағы.

Бақдәулет

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.

Анеля

Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

Аделя

Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.

Мажид

Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді.

Диана

Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны тығыншықтай етіп, шыңдап шығарды. Ол құрбы-құрдастарына қарағанда әлдеқайда ересек сияқты көрінетін. Бірақ оны ерекшелеген басты нәрсе – пікір айтудағы және әрекет етудегі дербестік пен жетекшілікке тұрақты ұмтылыс еді. Ол құрбы-құрдастарымен алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып кете беретін. Өз ортасының ұйтқысы және қоғамдық ұйымдастырушысы болды. Әзіл-қалжыңға бейім болды, әнді жақсы айтатын, елдің көңілінен шығып, өз ортасын тез үйіріп әкете білді.1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

Бекжан

Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Оның әрдайым бірінші болуға деген ұмтылысы, өзгелерді қызықтыруға және соңына ерте білуге қабілеттілігі байқалып, бағаланды. Ол 1969 жылдан бастап туған қаласындай болып кеткен Теміртауда өзіне ұсынылған партиялық, комсомолдық жұмысқа ауысуға келісім береді. Басында ол бұл ұсынысқа онша ықылас танытқан жоқ – жалақының едәуір бөлігінен айрылуы мен «жалынды жылдарының» жалғаспай қалатыны қынжылтты. Бірақ қатаң партиялық тәртіп осыған міндеттеді. Оған қоса металлург достары да мұның басшылық жұмысқа барғанын құптады.

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

Мейіржан

Өміріндегі бетбұрысты сәт оның 1972 жылы өзіне етене жақын Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы лауазымына тағайындалуы болды. Ол 30 мың адам жұмыс істейтін Қазақстан ауқымындағы аса ірі кәсіпорында комбинат директорынан кейінгі екінші тұлғаға айналды.

Жалғас

Бұл зор жауапкершілік жүктеген еді, оның ауыртпалығын көп ұзамай-ақ толық сезінді. Тек партиялық жұмыстармен ғана емес, өндіріспен, өнім шығару жоспарымен, жөндеу және құрылыс мәселелерімен, кәсіпорынды жабдықтаумен, көптеген адамның тұрмыстық, баспаналық, мәдени және отбасылық істерімен де айналысуға тура келді.Ол комбинаттағы кемшіліктерді жасырмады, қайта олармен күресті. Нәтижесінде комбинаттағы істер оңға баса бастады, Теміртаудың өзінің де құрылысы дамып, абаттана, жақсара түсті

2-жүргізуші: Рабия Қазақ елі туралы ВИДЕО

Ойынның шарты: тақтаға ҚР тулары ілінген. Туларда сұрақтар берілген. Оқушылар бір - бірден шығып сұрақтарды алып оқиды.
Сұрақтар:

  1. Біздің республикамыз қалай аталады?

  2. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата? ( Дариға )

  3. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы ? (Алима)

  4. Әнұранның авторлары кімдер? (Айару)

  5. Қазақстанның астанасы қай қала? (Аружан, Сафия)

7 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы  ? (Исатай)
8. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?Атап айт (Ақнұр)

Дариға

Рәміздерім- елдігімнің белгісі

Білу керек – бала дағы ең кішісі

Рәміздерім Әнұран, Ту, Елтаңба

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі

Алима

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бірі — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Елтаңбаның авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов

Исатай

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн,арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков

Айару

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының авторы

Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмші Қалдаяқов


Аружан

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін

Сафия

1998ж 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала есіл өзенінің оң жағалауында Сарарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ

Жаңарып қалам , жасарып далам

Басыңнан серпі бодандық жүгін

Кетпейді ойдан Отандық ұғым

Арыстан жүрек Айбынды елім

Таниды сені бар әлем бүгін

1- Жүргізуші: Тимур

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілейміy әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, елбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!.

 2- Жүргізуші: Рабия

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

1-жүргізуші: Тимур

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

2-жүргізуші: РАБИЯ


Ән: Орындайтын: «Көк тудың желбірегені» Байдаулетов Ильяс



Дінмұхаммед

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті.Тәуелсіз Қазақстанның жаңа дәуірі басталды.Ардақты ұлын ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз айнымас басшысының еңбегін жоғары бағалады. Қазақстан Республикасының қайта қабылданғанКонституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.Інжу

1992ж. 4 маусым Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.

Айзере

Азат елдің бастаған айқын жолы тәрізді,

Ата заң деп аталған Конституциямыз бар біздің

Ата Заң бекіткен дербестігін еліміз,

Ата баба мұра еткен тұтастығын жеріміз.

Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,

Жақсарсын деп халқымыз адам құқығын қорғайды

Дейді заңы мемлекет үлкенге де балаға

Байәділ

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Жүргізуші: Тимур

Бір күні Мұзафар Әлімбаевтан француздың танымал жазушысы:

Сіз қай елде дүниеге келдіңіз ? деп сұрайды. 
Қазақстан Республикасында! – деп жауап береді.
 
О,қандай керемет неткен үлкен мемлекетте тұрасыз!

Сіздердің байтақ жерлеріңізге бес Франция сиып кетеді. 
- Ия, деп мақтанышпен жауап беріпті Мұзафар Әлімбаев.
 
Осы кең байтақ еліміздің ең негізгі Ата заңы- Конституцияны егемендік құқығымызды негізге ала отырып,1995 жылы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда қабылдадық . Осы Ата заңымыздың 1 бөлім Жалпы ережелер,

30-бабында Азаматтардың барлығы білім алуға құқылы. Орта білім алу міндетті.

2- Жүргізуші: Рабия

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.


Қорытынды.

Н.Ә. Назарбаев – өзінің ерен еңбегімен, халқымен алға қойылған мақсат пен міндетті іске асыратын және елде және әлемде көлемді нәтижелерді көре алатын планетарлық деңгейдегі сирек және бақытты саясатшы.
Жылдар өтер, жүздеген, мыңдаған жылдар өтер, бірақ Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев Қазақстан және жаһандық әлемнің тарихында, біздің еліміздің ұлы есімдері қатарынан өзінің лайықты және ерекше даңқты орнын алады деп бүгінгі тәрбие сабағымызды жабық деп жариялаймыз.

 

Елбасының білімге арналған қанатты сөздеріне тоқталып,өтейік

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны». Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


Н. Ә. Назарбаевтың айтқанындай

«Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін, Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз



1- Жүргізуші: Рабия . Осымен тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз!

2- Жүргізуші: Тимур .Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 Сау болыңыздар!Хор «Ата мекен»




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1226
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі