400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты: “Елбасының өнегелі өмір жолдары” 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ашық тәрбие сағатындағы мақсатым Қазақстан Республикасы Президентінің қазақ халқының бақытына біткен дара да дана білімінің арқасында еліміздің өркендеуіне, дамыған мемлекеттер қатарына енуіне ықпал ету жолдарын оқушыларға кеңірек жеткізу. Отанға деген патриоттық сезімін жандандыра түсіп, ел тарихын түсіндіру, ой өрісін кеңейту, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу. Басты мақсат Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты

“Елбасының өнегелі өмір жолдары”
Мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Міндеті:

Елбасының өмір жолы, ерекше қадір-қасиеті, тұлғалық тұғыры, ерен еңбегі туралы түсінік беру, Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана-сезімі жоғары, саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу; көпшілік ортада еркін сөйлеу, өз ойларын ашық айта алу дағдысын, болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, Елбасы кітаптары, Елбасы туралы жазылған кітаптар, бейнероликтер, Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, нақыл сөздер, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Қазақстан туралы әндер.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
ІІ. Кіріспе

Әнұран

Армысыздар, мұғалімдер, әз-жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Болашаққа болашақты жырлатып,

Шәкіртттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге.

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

Апай: Құрметті ұстаздар 6 «А» сыныбының “Елбасыныңөнегелі өмір жолдары” атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!

Ең алдымен тәуелсіздік деген ұғымды қалай түсінеміз балалар? Ендеше осы ұғымды түсіну үшін қысқаша көрінісімізді тамашалайық!

Былтыр ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенемін

Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма алты жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата - бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.

(хормен)

1. Біздің Республикамыз қалай аталады? .................................................

2. Біздің президентіміз кім? ..................................................

Тәуелсіз ел Қазақстан – гүлстан

Ақындары жыр арнаған алыстан

Хан шатыры мен мұндалап көрінсе

Бәйтерегі көз тартады алыстан

Егеменді елім менің Қазақстан

Бар әлемге айқара есік ашқан

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы

Істері айта берсек үлкен дастан ---- дей келе Елбасымыздың өмір жолына кезек берейік.

Өмір жолы кезеңі 5 бөлімнен тұрады:

1.Балалық шағы

2.Жасөспірім шағы

3.Жастық шағы

4.Кемел кезеңдері

5.Отбасы

Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,
Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

1.Балалық шағы.-. Нұрсұлтан Назарбаев - түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ та­рихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары – еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасайұлы Көшек батыр, Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұң­ғы­шы, әулиеге түнеп жүріп, Құдайдан тілеп алған баласы. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қояды. Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балғар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

2.Жасөспірім шағы - . Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Қаскелеңдегі Нұрсұлтан бітірген орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаев жас ұланның білімге құштарлығын және ақылдылығы мен алғырлығын бірден байқайды. Сейітхан Исаев елбасымыз туралы былай деген «Ол ең үлгілі оқушы болды. Сабақты ұйып тыңдайды, оқу бағдарламасынан тыс сұрақтар да қояды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді. Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып отыратын». Нұрсұлтанның балалық және жастық шағы ұзаққа созылған жоқ.  Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды. Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург ретінде Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді.Оқуды үздік аяқтап, “домна пешінің сегізінші разрядты екінші горновойы” куәлігін иеленді.

Кезекті әсем әнге берейік. Қол соғып-қошеметтеп отырыңыздар! Көк тудың желбірегені Мұздыбек Русланның орындауында

3.Жастық шағы – Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты.   Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының диспетчері, газшысы болып жұмыс істеді. Осы жылдарда оның өмірінде тағы бір маңызды оқиға болды. Нұрсұлтан Әбішұлы кейіннен былай деп жазды: «Ал сол жылдардың өмір бойы есте қалатын ең бір елеулі оқиғасы – болашақ келіншегім Сарамен алғашқы кездесуім. Ал бұл кездесу... бір апаттан кейін домна пешінің жанында болған еді. Осындай қолайсыз бір сәт еді – тәулік бойы дерлік табанымыздан тік тұрған кезіміз, тұла бойымыз қазанның түп күйесіндей қап-қара, тек көзіміз жылтырап, аппақ тісіміз ақсияды. Сол күні қосалқы электр станциясында кезекші болып, біздің пешіміздің түбінде не болып жатқанын көруге келген қызға кез бола кеттім. Көп ұзамай тойымыз болды. Бақытты жас отбасы тез жетіліп, өсіп-өніп келе жатты, шаңырақтарында үш қыз – Дариға, Динара және Әлия дүниеге келді. Н.Ә.Назарбаев Қарағанды политехникалық институтында 3 жыл оқып, одан соң Теміртауда Қарағанды металлургия зауыты жанынан қайта құрылған зауыт-втузға ауыстырылды, оны инженер-металлург дипломымен бітіріп шықты. Оның ізінше зайыбы Сара Алпысқызы Назарбаева да 1967 жылы «Қармет» жанындағы зауыт-втузды бітіріп, экономист дипломын алды. Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Ол 1969 жылдан бастап туған қаласындай болып кеткен Теміртауда өзіне ұсынылған партиялық, комсомолдық жұмысқа ауысуға келісім береді.

4.Кемел кезеңдері – . Елбасы еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастайды. Әке-шешесі мұндай ауыр жұмыс істеуіне қарсы болады. Бірақ 20 жастағы жас жігіт табандылығының, еңбекқорлығының арқасында жұмысын жалғастырып, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. Осылайша еліміздің басшысы металлург болып еңбек жолын бастаған еді. Өміріндегі бетбұрысты сәт оның 1972 жылы өзіне етене жақын Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы лауазымына тағайындалуы болды. 1977 жылдың өзінде ол Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, одан соң екінші хатшысы болды. Нұрсұлтан Назарбаев 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылы 44 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Ол КСРО-дағы одақтық республикалардағы ең жас премьер еді. КСРО-да 1989 жылғы көктемде алғашқы рет мемлекеттік биліктің ең жоғары органының баламалы негіздегі сайлауы болып өтті. Қазақ КСР Компартиясының Орталық Комитеті 1989 жылғы 22 маусымда  бірінші хатшы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. Оған пленумға қатысқан 158 адамның 154-і жақтап дауыс берді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымын белгіледі. 1991 жылғы 1 желтоқсанда республика президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, оның барысында Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауына ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заң қабылдады және Қазақстан  Президентін ұлықтау рәсімін өткізді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстан  Республикасының Президенті қызметіне кірісті.

5.Отбасы – Зайыбы, Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылғы ақпаннан – Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті. С.Назарбаева – 1994 жылғы шілдеден бастап « Қазақстанның балалар қалашықтары» қорының президенті. Ол 2010 жылы өз өмірін Kinderdorf балалар қалашығының балаларына арнаған әйелдерге берілетін Kinderdorf International Халықаралық қорының марапаты –  «Алтын жүзікке» ие болды. Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы (1963 ж.т.), үлкен қызы. Екі ұлы және қызы бар. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Саяси ғылымдар докторы. ҚР Парламенті Мәжілісінің 5-шақырылымдағы депутаты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарады. Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Ұлы мен қызы бар. 1989 жылы А.В.Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірді. 2004 жылдан бері Қазақстан-Британ техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы. Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қорын басқарады. Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші қызы. Қазақстандағы және шетелдердегі мектептер мен университеттерде оқыды. ҚазМЗУ-ді бітірген. Екі қыз тәрбиелеп отыр. «Европа плюс» радиосында директордың көмекшісі,  «ТұранӘлемБанкте» заң департаментінің стажері,  Нұрсұлтан Назарбаевтың хатшысы болып жұмыс жасады.

Тәуелсізідк ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

Қазақ халқы азаматтық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.



“Елбасына”

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

“Елім,жерім” деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

Ендеше оқушылар елбасымыздың өткен жылдары туралы сыр шертейік.

-1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

-1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.

-1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

-1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

-1973-1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

-1977 – 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы

-1979 – 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы

-1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

-1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

-1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы

-1990 жылдың сәуірінен – Қазақ КСР президенті

-1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

-1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

-1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.

-2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

-2010 жылғы 14 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді

-2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта  сайланды.Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.

Рәміздерді айту

1992 жылы 4 маусымда Елбасымыз мемлекеттік рәміздер туралы заңға қойып, Қазақ елі өзінің мемлекеттік рәміздеріне ие болды. Мемлекетіміздің биік мәртебесі – Туы, Елтаңбасы, Әнұранына зер салайық.

Ту. 1992 жылы 4 маусымда Президент Н.Ә.Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып, “Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін”- деді. Туымыздың авторы: Шәкен Оңалсынұлы Ниязбеков.

Елтанба. Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса  ен – таңба ?!

Еліміздің нышандарын бекіткен күні Нұрсұлтан ата тебірене былай деді. “Ұлттық рухты осыншама кемел жеткізген елтаңба әлемге сирек кездеседі десек те артық болмас. Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар Елтаңбамыз қуатты болсын!”.

Бұған бүкіл еліміз қуанды.

Авторы: Жандарбек Мәліков мен Шотаман Уалиханов.

Әнұран. Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын , өзі әнші халықта ,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?!

1992 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранның мәтіні туралы заңға қол қойылды.

Авторы: Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди,Мұқан Төлебаев

Сөзін жазған: Жадыра Дәрібаева, Мұзафар Әлімбаев,Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев.

Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерейтойына орай әнұранды екінші рет жаңғырттық. Қазіргі әнұранның авторы:Шәмші Қалдаяқов.

сөзі: Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Өлең оқу



Өлең дейді,шіркін-ау, өлең дейді,

Кейде өлең байқаусызда елеңдейді.

Жаныңа дауа болып жадыратар,

Өлеңсіз өмір гүлге бөленбейді. – дей келе, егеменді тәуелсіз елдің кемеңгер басшысына арналған өлең жолдарына кезек берейік.

Мадияр

Елбасымыз ол біздің

Нұрлы жолға бастаған.

Болашаққа жол ашып,

Білімді жасты қолдаған.

Әліппеден таныған,

Нұрсұлтан біздің атамыз

Кең байтақ мына әлемде

Қамқоршы біздің панамыз.

Камила

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші,ағайындар-бәріміз.

Ұлтым,елім деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

.Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы,тауы,өзен,көлі бар.

Қазағымның елін,жерін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар,елі бар.

Алтынай

Міне,осындай егеменді еліміз,

Кең жазира,ұлан-байтақ жеріміз.

Туған елін,туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз,еріміз.

Айсұлу

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерержер даңқын.

Президентім,елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса,жас қазағым,өр халқым!

Төбемнен төңкергендей қара түнді

Түлетті тәуелсіздік қанатымды.

Елбасы арқасындаел жаңарып,

Арқаға Астанадай қала тұрды.

Ежелде елтұтқалар ел орнатқан,

Ұласқан ұрпағына олар мақтан.

Елбасы –қасиетті, аталы сөз

Мазмұны,мағынасы терең жатқан.

Елбасы кітаптары

«Елбасы – жазушы, ақын» (Елбасы кітаптары көрсетіледі.)
Нұрсұлтан Назарбаев – бірқатар ғылыми еңбектердің, ғылыми қоғамдық, саяси тақырыптағы кітаптардың авторы. Демек елбасы – жазушы. 
Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары:

  1. «Қазақстан жолы» – Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді. (Жібек Жолы, 2012)

  2. «Тарих толқынында» - Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады. (Атамұра, 1999)

  3. «Ғасырлар тоғысында» - Бұл кітаптың мақсаты – расында да, болмыстарынан бедерлі жаратылған саяси ықпалдастарымыздың бейнелерін жарқыратып сомдап шығу емес. Біздің көздегеніміз – кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына ұоқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу. (Атамұра, 2003)

  4. «Сындарлы он жыл» - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. (Атамұра, 2003)

  5. «Жүз жылға татитын он жыл» - Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі. (Атамұра, 2001)

  6. «Тарих тағылымдары және қазіргі заман» - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің бес жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасалған баяндама. (Қазақстан, 1997)

  7. «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы» - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар» - Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясындағы баяндама, Ақмола, 1997 жылғы 6 маусым. (Қазақстан, 1999)

Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.

Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! – деген елбасымыздың сөзін айтқым келеді.

Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:
«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».

АПАЙ: Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, елі аман, жұрты тыныш болсын, ел басқарған Елбасымыз аман болсын! Еліміздің болашағы, жас ұрпақ, біздің қолымызда. Сондықтан елдің, халықтың қамын ойлайтын азамат болайық дегім келеді. Бүгінгі тәрбие сағатымызды Елбасымыздың мынадай сөзімен аяқтағым келіп тұр: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа». «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!
ендігі кезекте «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтаймыз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1557
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі