Ашық тәрбие сағаты Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, студенттерге көмек ретінде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру;

Тәрбиелігі: оқушыларға елбасының ел үшін жасаған істерін үлгі, өнеге ету,елін сүюге, ұлтжанждылыққа, Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге тәрбиелеу;

Дамытушылығы: сөздік қорын молайту, еркін сөйлей білу, өз ойын еркін айта білу біліктілігін арттыру.

Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты

Сабақтың көрнекілігі: елбасының суреттері, слайд, осы тақырыпта салынған оқушылардың сурет көрмесі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:


Әлима:

  • Желтоқсаннан бастау алған егемен,

Егеменді елде берік керегем.

Қазақстан бірлігімнің айғағы,

Әлем білген басшысымен көреген.


Дәметкен:

  • Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,

Құт қонған ел қасиеттен жаралған.

Бірлігімнің туын биік ұстаған,

Жаңарған ел желтоқсаннан нәр алған.


Әлима:

  • Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,

Бейбіт күнде желбіреген байрағы.

Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,

Қазақстан – ынтымақтың айғағы.


Дана:

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.

Қош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.


Нұржайна:

Естігенде көк аспанның астында,

Тік тұрыңдар айтылған Әнұран.

Бар қазақтың үніндей шарықта,

Шарықташы, Әнұраным, шарықта!


Дәметкен:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.


ІІ. Негізгі бөлім:


Әлима:

Дәметкен, тәрбие сағатымызды әрі қарай жалғастырмас бұрын мен оқушыларға сұрақ қойғым куеліп тұр.

  1. Оқушылар, Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?


Тілек Жанболат:

Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат, нәр бердік.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан – мәңгі гүлденеді.


  1. Сенің Отаның қай мемлекет?

  2. Қазақстан қандай мемлекет?


Дәметкен:

  • Оқушылар, біздер осы тәуелсіздіктің елімізге қалай келшенін білеміз бе?

Мен осы жөнінде сіздерге түсінік беріп кетейін (бейнебаян).

1986 жылы 17 желтоқсан күні Республика алаңына саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен жастар жинала бастыды. Алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. Бұл көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция топтары құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Әскери күштер жиналған халықты, топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (олар Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.

Желтоқсан көтерілісі қазақ жастарының азаттық күресі, тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.

Қысты күні сақылдаған сары аяздан сескенбеген қазақ жастарының қызыл қаны тәуелсіздіктің тұңғыш ізіндей болып ақ қардың бетінде алаулап, лапылдап жатты. Қара тамған қызыл қанның орнына көктемде қызыл раушан гүлі пайда болды. Бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы рухани орталыққа айналған тәрізді. Біз, қазақ елі, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз ел атандық.


Әлима:

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.

Ерте айтылды сондықтан да келте айтылды бұл әнің,

Уақытыңның талабына деп келсе де ұраның,

Уақытыңның әділесіз соққысынан құладың.

«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыптадың ұланым.
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғаным

Керең болып қалды ма екен неге менің құлағым

Айналайын, айналайын, жас қайратым, қыраным!

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған

Намысыңды жықпай өттіңнәубет, дүлей маусымнан.
Жасап қалған шақтарымды жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Жә, не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір ең…….

Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша көгінен.

Оқ бойы озып тұрыпсың-ау сол аумалы кезеңде-ақ

Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы

Лаула, Лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!


Дәметкен:

Тәуелсіздік жолында жандарын қиған ұл-қыздарды, рухы биік аға-апайларымызды ұмытпайық. Олардың ерлігі біздерге үлгі болсын.Тәуелсіздік туын биік ұстап, алға баса берейік!


Әмина:

Қазақстан бабамнан қалған мұра,

Сенбейсің бе даламнан бар да сұра.

Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған,

Батырларым демесем болар күнә.


Алина:

Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де.

Өзіңдікі еккен бақ,

Тәуелсіздік төрінде.


Әлима:

  1. Оқушылар, біздің тәуелсіздігімізді дәлелдейтін рәміздерімізді атайықшы.


Әлихан:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Халық оны қашан да,

Биікке іліп қояды.

Туымызға жас туған,

Бір өарамай өтпейді.

Сол көк тудың астында,

Желбірейміз көктейміз.


Азамат:

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы еліңнің,

Елдігімнің белгісі.


Дәметкен:

  1. Ал, осы тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы кім?

Иә, дұрыс айтасыңдар, олайй болса бүгінгі сабағымыз осы Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.


Айша:

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.


Дәметкен:

  • Оқушылардың орындауында би: «Қаражорға».


  • Оқушылар, жарайсыңдар, ал осы Елбасы күні қашан екенін білесіздер ме? Иә, дұрыс айтасыздар. Биыл біздің «тәуелсіз ел» атанғанымызға 25 жыл толып отыр. Осыдан 5 жыл бұрын, тәуелсіздігімсіздің 20 жылдық мерекесінде «1 желтоқсан – Қазақстан Республиксының Тұңғыш Президенті күні» деп заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – баршамызға құтты мереке болсын! Халық үшін қызмет етуді бақыт деп санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.


Әлима:

  • Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, 25 жыл бұрын,

яғни 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда 98 % дауыс жинап, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата – бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бір ауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жарқын болашаққа батыл қадам басты.


Дәметкен:

  • Жаннұр мен Жансаяның орындауында ән: «Туған ел».


Әлима:

  • Оқушылар, ендеше барлығымыз тақтаға назар аударып, атақты тұлғамыздың

өмірбаянымен танысып өтейік (бейнебаян көрсетіледі).

Нұрсұлиан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатау бөктерінде дүниеге келді. Әкесі, Әбіш, қадірлі, көңілді кісі болған. Әкесі орыс және балқар тілдерінде сөйлей білді. Анасы, Әлжан, суырыпсалма, өнерлі әнші болған. Әкесіне үнемі көмектесіп отырды, мал бағысып, шөп шапқан. Нұрсұлтан тәрбиені анасынан алды. Анасы Нұрсұлтанды үлкенді қадірлеуге, өз елінің салт – дәстүрін құрметтеуге үйретті. Нұрсұлтан бауырларының әкеліп берген кітаптарын қызыға оқитын. Нұрсұлтан оқыған мектептің басшысы оны «Ол өте үлгілі оқушы, сабақты ұйып тыңдайды, кітаптан бас көтермейді» - деп мақтап, мадақтап отырған. Ол – ең үздік оқушы. Адамдармен жақсы тіл табысады. Өз ортасында – ұйымдастырушы. 18 жасында мектеп бітірген соң Теміртауда металлургия комбинатында комсомолдарды жинап жатыпты. Содан ол металлург болуды ұйғарады. Украинада оқиды. Ол спортпен де айналысады. 1959 жылы Украинаның спорт шебері атанады. Одан да басқа көптеген мамандықтарды игереді. Көп ұзамай Сара Алпысқызына үйленеді. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланады. Міне, содан бері 25 жыл уақыт өтті.


Дәметкен:

  • Оқушылар, тек бұл ғана емес, Елбасымыздың өмірі туралы деректер өте көп. Тіпті

ол туралы фильм де түсірілді. Мысалы, Елбасымыздың өмірі туралы түсірілген фильм « Балалық шағымның аспаны» деп аталады. Бұл фильм өте қызықты, жан дүниеңді толғандырады.


Әлима:

  • Әйгерімнің орындауында ән: «Жаса, Қазақстан!»


Дәметкен:

  • Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған.

Қазағымның өркендеді елдігі,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.


Әлима:

  • Құрбан болған тәуелсіздік жолында,

Қазағымды жарқын жолға бастады.

Ағалардың ұмытылмас ерлігі,

Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.


Дәметкен:

  • Кең байтақ қой қазақстан картасы,

Естімейік енді елдің жылағанын.

Астанамен айшықталған ортасы,

Қайта құлап, бостандық сұрағанын.


Әлима:

  • Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Абылайдың жолымен алға басқан.

Бұның бәрі Елбасының арқасы,

Құт болсын «нұрлы жолы» нұр ағаның.


  • Елбасымыздың, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, бастамасымен қазақ елінде

дүниежүзілік – тарихи маңызы бар істер атқарылды.


Дәметкен:

  • Ел тірегі – қайратым,

Абыройым, айбатым!

Отан даңқын асырдың,

Көк туымды жайнатып.

Бағымызға жүр аман,

Нұр сәулетті, Нұр аға!


Әлима:

  • Оянады көңілден қайдағы арман,

Бақыт желі ескендей жайлап алдан.

Президентім бар менің елі түгел,

Ақ киізге көтеріп сайлап алған.


Дәметкен:

  • Оқушылар, елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да ел тарихын

дүр сілкіндіріп оятатын ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын

көре аламыз. Сондықтан да, еліміздің болашақта үміт күтетін ұрпағы – сендер! Елбасының «садағаң кетейін, айналайын, халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» - дегенг ойларын біліп жүрулерің қажет.

  • Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы – осы тұлғаның арқасында. Қазақ

елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.


Әлима:

  • Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен өз елінің президентін

сайлады. Сөйтіп оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Рухы күшті ел – алынбайтын қамалмен тең!


Хормен:

Халық үшін Елбасы,

Әскер үшін қолбасы.

Нұр ағаны

Туған жұрты қолдасын!

Дәметкен:

Хор: «Атамекен».


  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – өзінің ерен еңбегімен, халқымен өзінің міндеттерін іске асыратын, көлемді нәтижелерді көре алатын сирек және бақытты саясатшы. Осымен ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз, назарларыңызға рахмет!












«Жетібай ауылының №4 орта мектебі» КММ















(ашық тәрбие сағаты)









Дайындаған: Насредин Таңшолпан










2018 – 2019 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.01.2019
842
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі