400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Елім менің - Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Білім беру мазмұнын жаңартудағы инновациялық үдерістер» тақырыбында ұйымдастырылған аудандық семинардың «Елім менің- Қазақстан» атты концерттік бағдарламаның сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Түркістан облысы

Ордабасы ауданы







Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі







«Білім беру мазмұнын жаңартудағы инновациялық үдерістер» тақырыбындағы аудандық семинардың ашылуына дайындаған

«Елім менің - Қазақстан»

атты

концерттік бағдарлама















Ұйымдастырушы: Кузембаева Несипкул



Шұбарсу - 2019 ж

«Білім беру мазмұнын жаңартудағы инновациялық үдерістер» тақырыбында ұйымдастырылған «Елім менің- Қазақстан» атты

концерттік бағдарламаның сценарийі



«Жас ұлан» балалар хорының орындауында «Қазақстан» әні


Фанфармен екі жүргізуші шығады:

Нұрасыл:

Армысыздар құрметті ұстаздар, кеш қонақтары мен көрермендер!


Ақерке:

«Елім менің -Қазақстан» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!


Нұрасыл:

-Ұлы дала перзентімін білемін,

Тәуелсізбін деп жырлайды жүрегім.

Мәңгілік – ол қазағымның арманы,

Жасай бергін Қазақстан ұлы елім!


Ақерке:

-Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын! Иә, қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оған ерекше құрмет көрсеткен.


-Теңдесі жоқ, асқар биік шыңымыз,

Ақниетті, әділетшіл шынымыз.

Асыл қазына ойламаған сырымыз,

Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!


Мен қазақпы! Қазақ болып туғанмын,

Ата үмітін арқалаған ұланмын.

Тайсалмаспын не тұрса да алдымда,

Белестерді бағындырар қыранмын!


Нұрасыл:

1-сынып оқушысы Мәлік Нұрисламның орындауында «Жаным қазақ» әні. Қабыл алыңыздар.


Ақерке:

Орындап ата-ана өсиетін,

Баламын жас үлкенге бас иетін.

Паш етем ер жеткен соң бар әлемге,

Жаңарған нағыз қазақ қасиетін.




Нұрасыл:

Уа, туған жер, дариға алтын бесік,

Жүрегім дүрсілдейді атыңды естіп.

Бір шумақ саған арнап ән жазбасам,

Сағыныштан келеді кеудеме өксік – дей келе, «Айгөлек» биімен

«Ару қыздар» тобын ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар.


Нұрасыл:

Мың бұрала би билеген биші достарымызға сәттілік тілей отырып:

Достық, достық жасай берсін мәңгілік,

Достықты жүрейікші ән қылып.

Татулық пен достық біздің отанда,

Жарастырсын бейбітшілік сән құрып.


Ақерке:

-Бал дәуренім тәтті балдай,

Отаным менің әсем қандай?

Еркін елім еркелеткен,

Мен қызымын жазық маңдай- деп, келесі кезекті «Тәуелсіз қазақ қызымын» әніне береміз. Орындайтын Айару Парасатқызы


Нұрасыл:

Өз елім- өлеңім де, өнерім де,

Бақытты, қайтпас қайсар өр елімде.

Еліме арнап бар ғұмырымды,

Шаттанып жүрейік тек өз елімде.


Ақерке:

Берекелі бақ дарыған қазағым,

Пейілі кең, жаны шуақ ардағым.

Тәуелсізсің, Мәңгілік Нұрлы ел,

Құтты болсын басқан ұлы қадамың!


2-сынып оқушысы Әзірхан Асылжанды «Мен қазақпын» әнімен ортаға шақырамын. Құрметпен қарсы алыңыздар!


Ақерке:

«Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылған «Елім менің -Қазақстан» атты концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз.


Нұрасыл:

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға мың алғыс!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
699
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі