жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты "Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік"2-сынып
Ашық тәрбие
сағаты
Тақырыбы:
Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік!
Мақсаты:
▪ Еліміздің
тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету,
оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан
аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Тәуелсіздік ұғымын
түсіндіру.
▪ Оқушылардың
туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін
ояту.
▪ Елін, жерін
сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа
тәрбиелеу.
Кіріспе
Мұғалім
сөзі
- Құрметті
ұстаздар! Сіздерді 16 желтоқсан тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
31 жыл біз желтоқсан құрбандарын еске алумен келеміз, біз олардың
ерлігін ешқашан ұмытпаймыз! олай болса, «Елімнің
еркіндігі-Тәуелсіздік»атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие
сағатымызға қош келдіңіздер!
- Қазақстан
Республикасының гимні. Хор.
-
Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
- Біздің Отанымыз -....
- Біз қай ұлтпыз?
- Қандай Республикамыз?
- Біздің ана тіліміз қандай тіл?
- Елбасымыз кім?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап
шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)
-Иә,
тәуелсіз мемлекет болып өз тіліміз, туымыз, елтаңбамыз,
әнұранымызбен мақтанамыз.
Ал, Тәуелсіздік
бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не
қиындық көрмеді?
Жылап тұрып
аналарым бұл жолда,
Сан перзентін
қара жерге жерледі.
Тәуелсіздік
бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз
тізгінін бермеді.
Қазағымның
алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан
төрімізге төрледі.
1986жылы 16 -
желтоқсанда таңертең,
Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады.
Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз
көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар
айтылды.
Алматы
гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы
жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы
бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге
шыққан жастарға«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә
тағылды.
Көптеген
студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік
жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира
тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде
қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан
болды.
1 -
оқушы
Сол бір сәтте
бұлт торлады аспанды,
Алатаудың
көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік
желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік
күресі енді басталды.
2 -
оқушы
Қатыгездік
жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді
жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда
шықты үлкен алаңға
Ата - баба
аруағына сыйынып.
3 -
оқушы.
«Нашақор»- деп,
«ұлтшыл»- деп,
Қазаққа күйе
жаққан күн,
Базары кетіп,
бір түнде
Қайғыға халық
батқан күн.
Жас арудың жанарында-Желтоқсан.
Қанды ғасыр табанында-Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында-Желтоқсан.
Жауыздықты жасқағанда Желтоқсан.
Жаңа ғұмыр бастаған да Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да-Желтоқсан.
Намысымның шырығы да-Желтоқсан.
Сырқай өмір сынағы да-Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да-Желтоқсан.
Жаңа күннің шуағы да-Желтоқсан.
Мұғалім
сөзі
- Дүниені дүр
сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһармандары Ләззат Асанова,
Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков елінің
болашағы, бостандығы егемендігі үшін
күресті.
Олай болса
батырларымызды 1 минут үнсіздікпен еске
алайық.
- Мың рет естігенше бір рет көр демекші назарымызды экранға бұрайық.
- Желтоқсан
желі видео
Қандай бақыт
қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде
Қазақстан елдігін.
Арман еткен,
қыршын кеткен ағалар,
Елің алды
егеменді теңдігін.
Хор: «Егеменді ел Қазақстан!!»
1.
Тәуелсіздік таңын сүйем,
Таңмен бірге келді өлең.
Көк туыңа басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
2.
Аласармас аспанымда,
Күн мен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында,
Бостандықтың желі еседі.
3.Маған қымбат ұлы елімнің,
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың таң нұры.
4.:
Сарарқаның даласында
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің,жерім менің
Баққа қолы жеткен күн.
5.
Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен,жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөленде.
6.
Тәуелсіздік- бақ туын,
Қолға ұстаған сәт бүгін
Болсын әр дайым шат күнім!
7.
Балабақша серпін нық,
Көкке атады бөркін жұрт.
Тәуелсіздік- ынтымақ
Тәуелсіздік- еркіндік.
8.
Желтоқсанның ызғары –ай
Кірпікке қатқан мұздар-ай
«Елімай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар,қыздар-ай.
9.
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
10.
Он алтыншы желтоқсан,
Ел мейірі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан.
12.
Әділеттің ұраны
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.
13.
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні бұл.
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні-бұл.
14.
Қуан қазақ
Күн туды қуанатын
Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат.
Би ,,Алға Қазақстан!,,
-Енді еліміздің тәуелсіздік шежіресін
тыңдайық.
-1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін
жариялады.
-1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі
мемлекеттік рәміздері қабылданды.Қазан айында тұңғыш ғарышкер
Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.
-1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді,
ол өмірдегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды.
- 1995 жылы 30 - тамызда Ата заң қабылданды. Заң 2001 жылдың 5
қыркүйегінде күшіне енді. Сөйтіп, жаңа Конституциямен еліміздің
жаңа тарихы бастау алды.
15.
Егемендік-бұл елімнің елдігі
Егемендік-барлық ұлттың теңдігі
Егемендік-елін,жерін қорғаған
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
16
Шұғылалы таңымыз,
Қазақ жері-бағымыз.
Қайнарынан мөп-мөлдір,
Сусындайды жанымыз.
Қ –
Қазағымыз аман болсын!
А - Азамат боп
мен ертең, Отанға қызмет етем!
З - Заманымыз
тыныш болсын!
А - Аман
болайық!
Қ - Қыран
құстай биік болайық
С – Елімізде
бейбітшілік болсын!
Т - Табиғатты
аялайық
А - Елбасымыз
аман болсын!
Н - Нанымыз көп
болсын!
Мұғалім:
-
Балалар, біз қандай елміз?
- Қай жылы тәуелсіздік алдық?
- Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
- Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
-Желтоқсан құрбандары кімдер
екен?
Аспан ашық, елі тыныш Тәуелсіз Қазақстан жасай
берсін!
Ақ шашты аналар,әзиз әкелер аман болсын!
Әр қашан сәбилердің күлкісі үзілмесін!
Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтағым келіп отыр.
-1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін
жариялады.
-1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі
мемлекеттік рәміздері қабылданды.Қазан айында тұңғыш ғарышкер
Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.
-1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді,
ол өмірдегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды.
- 1995 жылы 30 - тамызда Ата заң қабылданды. Заң 2001 жылдың 5
қыркүйегінде күшіне енді. Сөйтіп, жаңа Конституциямен еліміздің
жаңа тарихы бастау алды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген