Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Елін сүйген - Елбасы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаты "Елін сүйген - Елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы Президент Н.Ә.Назарбаев туралы түсінік беруҚазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
929
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы»

Мақсаты:
1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен

жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге,

ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі: слайдтар көрсету,буклет, кітаптар, бейне фильм, үнтаспа,

шарлар.

Оқушылар 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні, осыған орай сыныбымызда «Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы» атты мерекелік ашық тәрбие сағатымызды өткізгелі тұрмыз.

Дайынбызба?, балалар.

Қонақтармен ұстаздармен амандасу.

Амандасу;

Психологиялық дайындық:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз.

Үлкен-кіші ағайындар бәріміз.

Ұлтым, елім деп қайғырған ұлы жан.

Сіз біздердің піріміз де әніміз.

Мұғалім: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ, ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Қазақстан Республикасының Гимні:

Елбасымыз туралы бейне фильмді тамашалай отырып өмір баянымен танысайық.

МҰХТАРӘЛІ: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.

АЙЗАДА:Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украина қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
ЖАНЕРКЕ: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

ҰЛДАНАЙ: Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!


ГАУҺАР:Астананың Есілі сарқырайды,
Мың бір шырақ түнімен жарқырайды.
Көк аспанмен таласқан «Бәйтерегім»,
Астанамның сұлулығын айқындайды.
Астана сұлулығын бізге берген
Ұлтжандылық идеялы- Елбасы .
Қазақ халқын жаһандандыру —
Жылдағы жолдауларының идеясы


САНЖАР: Қазағымның желбіреп көк байрағы
Гүлге оранды ауылы мен аймағы
Нұрсұлтаны биіктерге бастады
Елінің көркеюін жоспарлады
Елімнің көркеюіне атсалысам,
Міндетімді орындаймын, білім алам!
Әр басқан қадамымды аңдап басып,
Тәрбиелі балалардың алды болам.

Балалар кішкене сергіп, демалып алайық.

Жанерке мен Айзаданың мерекеге арналған «Әдемі-ай » биін тамашалайық.

Балалар әрі қарай жалғастырамыз, мен Елбасы жайында сұрақтар қоямын, сол сұрақтарға жауап берейік.

1. Қ. Р - ның президентті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
2. Н. Ә. Назарбаев қай жерде туған? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған? (6 шілде, 1940 жылы туған)
4. Біздің елбасы сабақты қалай оқыды? (4 пен 5 - ке)
5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады? (Металлургия)
6. Н. Ә. Назарбаевтың бойында қандай қабілет бар? (адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)
7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)
8. Астананың бұрынғы аттары қандай? (Целиноград, Ақмола.)
9. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер? (1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан тұңғыш президент күні)
10. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды? (өйткені бұл күн президент сайлау күні болды.)


Ән: «Менің елім»

Балалар Елбасымыз- адал, ашық, ақжарқын адам, ел басшылығымен қатар өлеңде жазады және көптеген кітаптары бар.

Балалар мына үстел үстіне елбасы жайлы, өзінің шығарған кітаптары бар екен, ал кітап жайлы мектебіміздің кітапханашысы Фарида апай әңгімелеп береді. Фарида апай кітаптары және Н.Ә.Назарбаевтың «Жан шуағы» атты жыр жинағы жайында да айтып кетеді.

Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған «Арман, тілек, мақсатым»өлеңін Ақнұр, Ернұр,Сәуле, Дәурен оқиды.(төртеуі алға шығады.)
Ақнұр:Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамың!
Өркені өссін қазақтың,
Осы – менің арманым!
Ернұр:Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,
Осы – менің мұратым!
Сәуле:О, Ақорда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы – менің мақсатым!
Дәурен:Халқым – менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы – менің тілегім.


Тәрбие сағатымыздан бұрын оқушыларға «Менің Елбасым» атты эссе жазуға тапсырма берген болатынмын, соны қалай орындады екен, оқушыларды тыңдайық.

Ақнұр,

Мұхтарәлі,

Гауһар,

Мұхтарәлі:Төле бидің сөзімен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.

Ән: «Көк тудын желбірегені»

Қорытындылау:

Мұғалім: Тәуелсіздік таңы үшін күрескен елбасы туралы айтылған осы ықылас - ниеттеріңіз үшін, аппақ көңілдеріңіз үшін сіздерге көп - көп рахмет.

Еліміздің көз қуанышы болып, аман – есен ер жетіңдер. Тәуелсіздігіміз берік, тұғырымыз биік болсын!

Қонақтар, зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!