жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты "Елін сүйген- елі сүйген Елбасы"
Алматы қаласы, Ауэзов ауданы
№119 мектеп-лицейінің
9 «Ә» сынып жетекшісі Абдикаймова Ж.Ж.
Тақырыбы: «Елін сүйген – елі сүйген Елбасы»
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
1
жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін
сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең
аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан
мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге
беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің
даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны
құрметтейтін ерекше
Армысыздар,
ақ пейілді көпшілік!
2
жүргізуші:
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ
елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының
еңбегімен нұрлана
Қазағымның
мерейі тұр аспандап.
Елі
үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған
еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз
құтты болсын көпшілік
Елбасының
құрметіне жиылған!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын
2-жүргізуші
Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
«Нұр аға» хор
1-жүргізуші
Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды.
2-жүргізуші
Азаттық,
теңдік әлемі,
Шаттыққа
елді бөледі.
Тағдыры
тарих өрелі
Көк
тудың желбірегені!
1-жүргізуші Нұрсұлтан Әбішұлының өмірбаянына тоқталып өтейік
1-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде
1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы
Шамалған ауылында туған.Балалық шағы
кейде айта беретініміздей таршылық
жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына,
бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек
болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске
алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін
сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін
есек жеккен арбамен жақын маңдағы
теміржол стансасына бару дегенің керемет
мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,
жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет
тұтты.
2-оқушы:
Ол
ерте есейді, орта мектепті бітіре
салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі
Қарағанды металлургия комбинатының
көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста
біраз еңбек еткеннен кейін бір топ
қазақстандықтармен Украинаның
Днепродзержинск қаласына барып металлург
–жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын
құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын
атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне
көтерілді.
3-оқушы:
Сол
жылдары оның басшылық қасиеттері
жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және
республикалық көлемде басшы органдарда
жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық
комбинатында партком хатшысы, Теміртау
қалалық, Қарағанды облыстық және
республикалық партия ұйымдарында
экономикалық салаға жауап беретін хатшы
болды.
4-оқушы:Ол
Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста
болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны
басталады.
5-оқушы.1991
жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы
тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
Республикамыздың Президенті етіп
сайланды.
6-оқушы:1991
жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан
Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз
демократиялық және құқылық мемлекет»
деп жариялады.
2-жүргізуші «Қамажай» биін тамашалаңыздар
1-жүргізуші
Ел
тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты
бар адамға дарып тең.
Елбасының
есімі бұл тарихта
Қалар
анық өшпес алтын әріппен.
Нұрсұлтан Әбішұлының даналық сөздері
Жақсыдан бақ қалады»
«Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ»
«Тәрбие ошағы – мектеп»
«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»
«Бiз үйренетін ұлттан үйреттетін ұлтқа айналуымыз керек»
«Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында»
2-жүргізуші
Бір
басында кемеңгерлік, даналық,
Елін
сүйген елі үшін жаралып.
Сол
кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың
аласармас үлгісі
Бір
өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін
Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем
әнді шырқата бір салалық!
«Туған ел» әнімен Мэлсқызы Ақбота
1-жүргізуші
Еліміздің
жетістігін бүгінгі,
Елбасының саясаты
деп білем.
Бұл өмірде кім данышпан
десе біреу,
Нұрсұлтан Назарбаев деп
білем.
Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына жолдаулары
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы
2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі
Рухани жаңғыру
Рухани жаңғыру – қазақ ұлтының салт-дәстүрін, өткеннен келе жатқан мұраларын пайдалана отырып өркениетті қоғам жасауға ұмтылған жоба. Ұлттық жаңғыру дегеніміз - ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты - ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу.
Жастар жылы
Былтыр 5 қазанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Ал 14 қарашада президент Жастар жылын жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы жолдауы
БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.
СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару.
ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
Мәңгілік Ел
« Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
Үш тілділік
Елбасы Н.Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы септігін тигізіп отыр. Тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассемблеясында айтқан. 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды.
2-жүргізуші
Келбетіңнен
ізгілік нұр көрінген,
Лебізіңнен ал
арманы өрілген.
Сенің арқаң- Қазақстан
көркейіп,
Атамекен әні шарықтайды төрімнен!
«Атамекен» хор
1 жүргізуші
Біздің бүгінгі іс-шарамызға келіп қатысып, қонақ болғандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген