Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Елін сүйген,елі сүйген Елбасы" бастауыш сыныптар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаты "Елін сүйген,елі сүйген Елбасы" бастауыш сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге қажет материал.Тәрбие сағатын өткізе отырып оқушыларды көптеген мағұлыматтармен таныстырады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2018
1513
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 желтоқсан – Президент күніне арналған ашық тәрбие сағатыТақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»Мақсаты:1.Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру2.Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру.3.Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу.4.Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.5. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.Көрнекіліктерпроректор, суреттер, слайд, шарлар, викториналық сұрақтар, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері, Астана қаласы,ЭКСПО-2017 көріністері туралы слайдтар.Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауапТәрбие сағатының барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық әзірлік.Кіріспе.Мұғалім:- 1-желтоқсан Президент күніне орай «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ.Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.Алаулаған алабынан нұр тамып,Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.Көк байрағың желбірейді төріңде,ӘН ұраның тұр көгіңде шырқалып.Тәрбие сағатымызды әнұранымызбен бастаймыз (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады) (слайд көрсетіледі)

ІІ. Негізгі бөлім. Слайдтар бойынша түсіндіру.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне тоқталу.Балалық шағы1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Нұр және Сұлтан деген деп оның аты Нұрсұлтан болсын». дейді.Нұр деген араб тілінен аударса сәуле,жарық,тазалық,ал Сұлтан араб тілінен жоғары билеуші,әмірші,ең жақсы, мейірбан деген мағына береді екен. Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев қара жұмысшы болған.Орта Азияны Сібірмен жалғастырған Түркісіб теміржол торабы құрылысына қатысқан. Кейіннен егіншілер бригадасын басқарған. 1971 жылы қайтыс болды.

Нұрсұлтанның анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Әзілқой,сурып салып әнайтуға бейімділігіненде көрініп тұрған.Нұрсұлтанның бауырлары інісі Сатыбалды,Болат,қарындасы ӘнипаЕлбасымыз еңбек жолын Қарағанды металлургия зауытында бастап оқып «инженер-металлург мамандығын алады. Қарапайым қазақ баласы осы ерең еңбегінің арқасында көзге түсті. Партия комитетінің хатшысы, комитет мүшесі болып көтеріледі. Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.Мұғалім: -Енді оқушыларымыздың тақпақтарын тыңдайықБейбіт:Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.Жер шары әлемдегі барлық елдер,Біледі Президентіміздің ақыл-ойынАйтқали:Бағдарлап елдің ертеңін,Тыныштық тауып жатпаған.Болашақ үшін тер төгіп,Үмітін елдің ақтаған.Аяжан:Қазақ елі желбіреп көк байрағыңГүлге оранды ауылың мен аймағыңНұрсұлтаның биіктерге бастадыОл көрсеткен нұрлы жолдан таймағынЕрнұр: Әнге толсын барлық қала ауыл барҚағылсын бір барабандар, дабылдарЕлбасының туған күнін ардақтауБәріміздің борышымыз, бауырларАрасат:Қиялы ұшқыр ойлы адам,Әлемге болған аты аңыз.Ұрпақтың қамын ойлаған,Аман-сау жүрші, Атамыз.ӘН: «Нұр-аға» орындайтын Сайлау БейбітМұғалім: енді кішкене ойын ретінде викториналық сұрақтарға жауап береміз.Викториналық сұрақтар:1. Қ. Р - ның президентті кім?(Н. Ә. Назарбаев)2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)3. Н. Ә. Назарбаев қай жылы қай айда туған?(6 шілде, 1940 жылы туған)4. Біздің елбасы қалай оқыды?(4 пен 5 - ке)5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлург)6. Н. Ә. Назарбаев - тың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)8. Астананың бұрынғы аттары қандай?(Целиноград, Ақмола.)9. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан тұңғыш президент күні, 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні мерекесі.)10. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)

Мұғалім: ендігі кезекте барлығымыз «Тәуелсіз ел» әнін орындайық (хор)

Мұғалім: - Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздерін тыңдайық.

Арасат:Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.

Ернұр:Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.

Аяжан:Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!Бейбіт: Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.Айтқали:Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бірМұғалім: тамаша елбасымыздың бұл нақыл сөздерін ешқашан естен шығармайық-балалар біздің бас қаламыз қалай аталады?(Астана)Кім Астана туралы тақпақ біледі? (Ернұр)Мұғалім: жақсы .Астана – қандай қала?(балалар өз ойларын айтады )Мұғалім:Астана-Отанымыздың жүрегі.Болашағы кемелді, керегесі кең, сән-салтанаты келіскен әлемде теңдесі жоқ қала-Астанамызбен, жас қаламызбен мақтанамыз.БАРША ӘЛЕМ НАЗАР САЛҒАН ЖАС ҚАЛА-Ендеше балалар Астананың көрікті жерлеріне саяхат жасайық (слайд)Мұғалім: -енді ұлдар тобының орындауында «Қазақ жігіттері» биін қабыл алыңыздарМұғалім: биыл елімізде Астанада ең үлкен жаңалық ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. («Нұр-әлем» павильион)2017 жылдың 10 маусым мен 10 қырқүйек аралығында өтті. ЭКСПО -Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Мұндай іс-шараға шет  елдерден миллиондаған адам қатысты. Көрменің басты тақырыбы «Болашақ энергиясы».  ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.  Болшақ энергия қуаты қайдан алынбақ? Күн көзінен. ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған, »экспонат» деген сөзден шыққан, қазақшасы - жәдігер. Дүние жүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң.    Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев міндет қойды: Қазақстан-2030 таза ауасы мен мөлдір суы бар таза және жасыл ел болуы тиіс. Біздің негізгі байлығымыз: мұнай, газ, көмір мәңгі емес. Сондықтан да ертеңгі күні энергия тапшылығына тап болмас үшін біз «Болашақтың Энергиясын" дамытуға міндеттіміз. Энергия көздері :Күн батареялары,Су электр станциялары, Биоотын,Жел энергиясы   Күн энергиясы қалаларды энергиямен жабдықтауда қолайлы. Ауылдық жерлерді энергиямен жабдықтауда да күн энергиясы үздік нұсқа. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күн энергиясы әр түрлі табиғи және жасанды процесстерде қолданылады. Су электр станциялары . Электрды алудың мұндай тәсілі су ағынымен басқаруды талап етеді.Гидроэлектр станцияларының көптеген артықшылықтары бар. Сумен қозғалатын генераторлар атмосфераны ластамайды. Әлемде мұндай көзден шамамен 20% электр алады. Су энергетика қорлары — өзендер мен сарқырамалардың құлама суынан алуға болатын энергия қоры. Энергияның бұл көзінің артықшылығы — оның қоры сарқылмайды, үнемі қалпына келіп отырады. Биоотын Биомасса деп кез келген биологиялық қалдықтардың түрлерін –ағаш өңдеу өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының қалдықтарын, қоқыс, сондай-ақ дәнді дақылдардың кейбір түрлерін атайды.. Қалдықтарды өнеркәсіп жеткізеді: ағаш шабу, құрылыс, қағаз өндіру, фермерлік шаруашылық, қатты қоқыстарын қалалық қоқыс тастайтын жерлерді және метан – газ өндіретін қоқыс тастайтын жерлерде. Кейбір шөптердің түрлері ферменттеуден кейін, биоотын. ретінде пайдаланылуы мүмкін., Әлемде биоотын – көбінесе бұл өнімдер ағаштан, жылу электр станцияларында көмірмен бірге өртеледі.. Биоотын –биомассаны пайдаланудың негізгі нұсқасы.Жел энергиясы Кішкентай диірмен әлемде алдымен бу, кейін электр қозғалтқыштар ығыстырғанға дейін таратылды. Үлкен жел турбинаға қызығушылық мұнай дағдарысы кезінде 1970 жылдары өсті. Осындай энергия түрін пайдаланатын негізгі елдер арасында - Германия, АҚШ, Дания мен Испания, Үндістан мен Қытай жел энергиясын қолдана бастады. Мұғалім: - өте тамаша енді кезекті әнге берейікӘн: «Тәуелсіздік –тірегім» орындайтын Жақсылық АяжанМұғалім: —Жақсы балалар күнделікті сабақтарда жанада тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев туралы біліп жатырмыз.Тұңғыш президентіміз кім?қашан, қай қалада өмірге келді ,қандай адам кім біледі кане қалай түсіндік айта қояйық1-оқушы: (ЕРНҰР) Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген2-оқушы:(Бейбіт) Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.3-оқушы: (Аяжан)Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.4-оқушы: (Айтқали)Нұрсұлтан ата-ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға5-оқушы:(Арасат) Н.Назарбаев ҚР тұңғыш президенті.

Мұғалім: би «Сарбаздар» ұлдар тобыМұғалім:Толтырған гүлге даланы,Жайнатқан ауыл қаланы.Ардақты атамекенім,Отаным Қазақстан.Ой қозғау. Болашаққа өмірге саяхат жасап армандаймыз.Елбасымыз өзінің жігерлілігінің арқасында,білімінің арқасында президент болды.Көптеген игі істер жасап жатыр.Елімізді әлемге паш етті.Елбасымыздың көрегенді ойының арқасында біздің елімізді басқа жақтар тани бастады.Енді «Егер де мен………»Президент болсам…. деген тақырыпты өрбітіп,оқушылардың ой-пікірін тыңдайық.(оқушылар өз ойларын жеткізеді)Мұғалім: «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ болуларыңа шын жүректен тілекшіміз»Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.Тәрбие сағатымызды «Қазақстан –туған елім» әнімен аяқтаймыз (хор)
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!