Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Еңбек бәрін жеңбек"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаты "Еңбек бәрін жеңбек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Наурыз 2019
4533
10 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Абай атындағы орта мектеп» КММ






Ашық тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Еңбек бәрін жеңбек»












Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі:С.Алшынбай






2018-2019 оқу жылы




Тәрбие сағатының тақырыбы: Еңбек бәрін жеңбек.

Мақсаты:

  • Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

  • Еңбек жасай білу дағдыларын дамыту.

  • Еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,слайд.

Тәрбие сағатының жоспарымен таныстыру


І. Ұйымдастыру.

Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.

ІІ. «Ой шақыру» кезеңі. Әңгімелесу

1 - бөлім. Сұрақ – жауап.

1.“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

2. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады.

3.Қандай адамды еңбекқор дейміз?

Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын.

4. Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?

Сабақ оқу, мамаларымызға көмектесу.

5. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?

2 - бөлім. Суретпен жұмыс.

Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді тыңдағанда.

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы еңбек жайында болмақ. Еңбек адамның өзінің өмірлік қажетін қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш-жігері, байлықты жасаушы. Ұлы ақын Абай атамыз: «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деп, еңбектің адамның табиғи қажеті екенін асқан көрегенділікпен тамаша тұжырымдап берді және «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» - деп, шегелей түседі. Демек, адамның адам болуында еңбек шешуші рөл атқарады.

«Жалқаубек» биімен ортада 3 а сынып қыздары.

ІІІ. «Қызығушылықты ояту» кезеңі. Ертегі

Ортаға оқушылардың «Еңбекпен  тапқан  тиын» ертегісінің сахналық көрінісін тамашалайық.

/Грузин ертегісі/

Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып –қағып , киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты :

  • Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе

қалдырмаймын. Ол –жалқау. Ұлын аяп, анасы он сомдық алтын береді:

  • Кешке дейін бір жерде бола тұр, - дейді ол баласына. Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң « Мынаны еңбегіме алған едім », - деп әкеңе бер.

Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:

  • Бұл  сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес, - депті.

Ұлы жымиып күліпті де, түк айтпай шығып кетіпті. Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:

  • Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам.Одан да ақшаны жұмыс

істеп тап , -деп ақыл айтыпты.

Анасының тілін алып, бала бір апта жұмыс істейді.Тапқан тиынын әкесіне береді. Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жіберіп:

  • Жоқ, бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес, - депті.

Бұған ұлы шыдай алмай,шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады

да:

  • Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап - шалдығып жүріп таптым. Сіз

оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай? - деп айқай салыпты.

Сонда әкесі тұрып:

  • Бұл ақшаны шынында да, өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім жетті, - депті.

Ертегі бойынша сұрақтар қою.

  1. Қарияның ұлы еңбекқор ма?

  2. Қария қандай шешім қабылдады?

  3. Анасы ұлына қандай ақыл береді?

  4. Өз еңбегімен тапқан алтынын ұлы отқа тастай салды ма? Неге?

Міне, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер. «Еңбектің наны – тәтті, жалқаудың жаны – тәтті» деген мақалмен түйіндеймін.

ІҮ. «Мағынаны тану» кезеңі.

1 – бөлім. «Жалғасын тап!» ойыны.

Ендеше, балалар, еңбек  туралы мақалдарды еске түсіріп, «Жалғасын тап!» ойынын ойнайық.

  1. Еңбек түбі – ... (зейнет )

  2. Еңбек етсең емерсің, ... ( ерінбесең жеңерсің )

  3. Еңбек адамның ... ( екінші анасы )

  4. Еңбек – ата, ... ( жер – ана)

  5. Еңбек ет те мақтан, ... ( ойнап күл де шаттан )

  6. Еңбекке жастан, ... ( өнерге бастан )

2 – бөлім.

Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау.

Еңбектің пайдасын талдай отырып, күннің шашқан әр сәулесіне адам бойына еңбек арқылы келетін қандай жақсы қасиеттер бар екенін айтады.

3 – бөлім. Сахналық көрініс. (Слайд арқылы суреттер көрсетіледі)

Балалар, адамға өмір сүру үшін нелер қажет? Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді \

Оқушылардың дайындап келген нақыл сөздеріне кезек берейік:

1-оқушы:Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап.

Абай Құнанбайұлы

2-оқушы: Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

3-оқушы: Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады.

Әзілхан Нұршайықов

4-оқушы:Байлық — қанағат пен еңбекте.

Ыбырай Алтынсарин

5-оқушы: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі –ішсем,жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем екен деп туады. Не көрсе соған талаптанып. Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Мұның бәрі-жанның құмары деген екен Ұлы Абай атамыз. Сабақ оқу да – еңбек.. Олай болса, болмасаң да ұқсап бақ демекші бәріміз де жақсы оқып, еңбектенуіміз керек.

Сергіту сәті

Қырға шықсақ, өрлеп,(Қолдарын кезек кезек жоғары көтереді.)

Мұның аты-Еңбек.( Екі қолын жаяды.)

Кесте тіксең ,зерлеп,(Оң қолыңмен ине ұстап,тіккен қимылды көрсетеді)

Мұның аты –Еңбек.(Екі қолын жаяды.)

Сабағыңды жөндеп( Жанындағы  көршісіне қарап сол қолын жаяды)

Әзірлесең-Еңбек.

Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады)

Еңбек қана жеңбек.(Екі қолын жаяды.)

ҮІ. «Ой-толғаныс» кезеңі. Шығармашылық тапсырма.

  • Балалар, қазір біз топтық жұмысқа көшеміз. Үш топқа бөлініп, әр топ жеңіс үшін еңбектенетін боламыз. Олай болса, үш топқа тапсырма беріледі, мұқият тыңдаймыз.

1 топ: Еңбек туралы 3 мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіру. 1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.

2. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.

3. «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев аталарың көп еңбектеніп аты елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі болмақ.

2-топ: «Еңбекқор жәндіктер» туралы жазып, айту.

3-топ: Ой еңбегі мен дене еңбегін ажырату. (суреттер бойынша)

  • Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

ҮІІ. Қорытынды:

Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек. Еліміздің болашағы өздерінің қолында екенін айта отырып, оқушылардың «Болайықшы осындай» әнімен аяқтаймыз.


Сөзі мен әнін жазған А.Меңжанова


Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады

Қиындықты женіп кіл,

Құшағы гүл толады.


Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай

Болайықшы досым-ай.


Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.


Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай

Болайықшы досым-ай.


Соңы.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!