400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Еңбек түбі - береке" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Іс -тәжіребиеммен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Еңбек түбі – береке»
Мақсаты:
Оқушылардың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамыту. Оқушылардың еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, суреттер. т. б.
Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    Біз әдепті баламыз,
    Біз ерекше боламыз.
    Қонақтарды көргенде,
    Сәлемдесіп аламыз.

Шаттық шеңберге турып, топқа бөлінеміз.(Еңбек құралдары арқылы)

Топқа бөлініп отырамыз.Енді суретіміз келесі бетін аударайық. Қандай сөздер шықты. Бірінші топта «Еңбек», «Түбі», - «Береке» енді олай болса бүгінгі біздің өтетін тәрбие сағатымыздың аты «Еңбек түбі- береке!»

(көгілдір экранға назар аударайық)

Мұғалім: Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.
Бұдан балалар сендер нені ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.
Әңгімелесу

-Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

-Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

-Өз еңбектеріңнін жемісін көргенде қандай сезімде боласыздар?
(Жақсы жарайсыздар!)

Енді еңбек туралы қандай мақал мәтел білеміз? (Соларды айтайық)

1 .Еңбек бәрін жеңбек

2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

3.Ерінбесең еңбегің өнеді

4.Еңбек етпеген ішіп жемейді

5.Еңбек етте мақтан, Ойнап күлде шаттан

6. Еңбек түбі –зейнет

7.Еңбексіз өмір, сөнген көмір

8. Еңбегі аздың өнбегі аз

9. Жаңбырменен жер көгерер ,еңбекпенен ел көгерер

10. Байлықтың атасы еңбек- анасы жер.

11.Еңбек етіп ас ішсең ,балдан тәтті болады.

12. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті

13. Еңбегімен ел таныр.

1-ші топ «Шелектер» сіздерге тапсырма

«Фиш боум» әдісі арқылы мамандық иелері қандай қызмет атқарады соларды жапсырасыздар


2-ші «Балғалар» тобы сіздерге Заттарды ажырату «Вен диаграммасы» арқылы

(суреттерді жапсыру)


3-ші «Қайшылар» тобына осы заттардан бір нәрсе құрап келген қонақтарға тілек айтып сыйлау.


4-ші «Аралар» тобына ертегі құрастыру.Еңбек тақырыбына байланысты.


Балалар енді тақпақтарынды айта қойайық

1 оқушы: Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты ― еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты ― еңбек.

2оқушы: Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.

3оқушы: Адал еңбек барында

Таза сенім арыңда

Сол еңбекпен келеді

Күнде жейтін наныңда

4 оқушы: Еңбекті сүй құрметте
Береке болар еңбекте
Еңбек етсең емерсің
Жақын болшы еңбекке.


  • Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
    - Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді тыңдағанда.

    Мұғалім: Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер. «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап» -деген екен Абай атамыз. Сондықтан әрқашан осы сөзді есімізден шығармайық.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
7052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі