400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Ерлік күні" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Совет әскерінің Ауған жерінен шыққанына 30 жыл толуына байланысты өткізілген ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бәйтерек ауданы, Достық мектебі, Достық ЖОББМ математика пәні мұғалімі Мағзумова Әсел Асхатқызы

Сынып: 9

Тәрбие сағаты: «Ерлік күні»

Мақсаты:

Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд, интерактивтік тақта,видеороликтер, 30 шам, кітап көрмесі, суреттер, шарлар.


Сабақ бағдарламасы:

  1. Мемлекеттік әнұран

  2. Үнсіздік

  3. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама (видеоролик)

  4. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама презентация

  5. Жылдар сөйлейді

  6. Шамдар жағу «Зажгите свечи» әнімен

  7. Өлеңдер

  8. «Жойылсын соғыс» әні

  9. Қорытынды


Сабақ жүрісі:

  1. Мемлекеттік әнұран

  2. Интернационалист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ерлік күні» ашық тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер. Биылғы  ақпан айында  Ауғанстаннан   Кеңес  әскерлерінің   шығарылғанына 30  жыл толды. 1979 жылы  25 желтоқсанда Кеңес өкіметі  басқарушыларының қарымсыз, дарынсыз   саясаткерлігінің   кесірінен  Ауғанстанға  әскер  енгізіліп, 10 жыл бойы ешкімге пайдасыз  соғыс  жүргізді.Осы  уақыт  аралығында Ауғанстан  территориясында  600 мыңнан  артық  кеңестік әскерилер  болды.Оның  15  мыңнан  артығы  қаза  болып.,  54 мыңға жуығы  жараланып ,  417-сі   хабарсыз  кетті . Соның  ішінде  соғысқа  қатысқан  22 мыңнан  астам  қазақстандықтың  1 мыңға  жуығы  қаза  болып, 2 мыңнан астамы  мүгедек   болып  қалды. Ал  21  қазақстандық  із-түзсіз  кетті. Бұл  айтуға  оңай  сандар.  Он сегізге  жаңа  толып , өмірді  енді  ғана  бастаған  боздақтың   мәйітін жерлеудің  қаншалықты  қиын екендігін  бастан  кешіргендер  біледі. Ұзақ , 10  жыл  бойы  жасы  балиғатқа   толып  , әскерге  алынуға тиісті  балалардың бәрінің  де  ата-аналары  «Ауғанстанға  жібермесе  екен»  деп  қыл  үстінде жүргендей  күй  кешетін…. Мұның  да  жүйкеге  қаншалық  салмақ  түсіргенін  бастан  кешкендер  біледі.  Сайып  келгенде  бұл  соғыс  Ауғанстанға  барғандар мен   онда   қаза  болғандар  үшін  ғана  емес,  сол  жылдарда   300  млн-ға  жуық  халқы  болған  барлық  КСРО  халқы  үшін  үлкен  трагедия  болғанын  ұмытпайық.

  3. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама (видеоролик «Ауған елінде 1979-1989 ж болған соғыс»)

  4. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама (презентация) – оқушы таныстырады

  5. Жылдар сөйлейді (10 оқушы қолдарына ақ шар ұстап, кеуделеріне 1979-1989 аралығындағы жылдарды жазып ортаға шығады. Өздеріне сәйкес жылдағы болған оқиғаны айтып кейін шарын ұшырады)

1979 жылы

Кеңес әскерінің шектеулі контингенті Ауғаныстанда 86 адамынан айырылды, оның 7 – еуі қазақстандық еді.

12 желтоқсанда КОКП ОК Саяси бюросы Ауғанстанға 40-армияны енгізу туралы шешім қабылдады.

13 желтоқсан Армия генералы  С.Ф.Ахромеевтің басшылығымен КСРО Қорғаныс мин-нің жедел тобы Ташкент, Термез қалаларына жіберілді. 40-армияның қолбасшылығына генерал – лейтенант Ю.В.Тухаринов тағайындалды.

27 желтоқсанда арнайы мақсаттағы «Зейнит» бөлімшесі Тәжі-Бек сарайын шабуылдады. АДР басшысы Х.Амин өлтірілді. Мемлекеттің жаңа басшысы Б.Кармаль болды.

1980 жылы

Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1484 адамынан айырылды, оның 181 қазақстандық еді.

Ақпанның аяғы. Кабулда үкіметке қарсы жаппай қозғалыс өтті. КСРО елшілігі атқыланды, бірнеше кеңестік азаматттар қаза тапты. Оппозицияның қарулы отрядтарын АДР армиясымен бірігіп талқандау туралы Ауғандағы кеңестік әскери қолбасшылығына тиісті нұсқаулар түсті.

Көктем. 40-армияның қатысуымен Пактия және Газин уәлфяттарында жауынгерлік іс-қимылдар жүргізіліп, І- Панджер операциясы өтті.

1981 жылы

Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1298 адамынан айырылды, оның 97 қазақстандық еді.

Сәуір. 3 – Панджер операциясы сәтті өтті.

Қыркүйек. Кеңестік және ауғандық әскерлер шартты «Мармоль» атауымен қиын операция жүргізді. Балх уәлаятындағы Мазари - Шариф Оңтүстігіне қарай 25-30 шақырымда тауда орналасқан көтерілісшілер базасы талқандалды.

1982 жылы

Бұл жылы 1948 кеңестік жауынгерлер мен офицерлер, оның ішінде 168 қазақстандық қаза тапты.

Мамыр. 40-армияның қолбасшылығына генерал В.ФЕрмаков тағайындалды. Оның басшылығымен Парван, Каписа, Газни уәлаяттарында жауынгерлік операциялар, сонымен қатар Ауғаныстанның Пәкстан, Иранмен шектесетін мемлкеттер шекарасын жабуда ауқымды жұмыстар жүргізілді.

1983 жылы

Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1446 адамынан айырылды, оның 72 қазақстандық еді.

Мамыр-қыркүйек. Қарсыластармен соғыс барысында 22 жауынгерлік операция жүргізілді. 2800 торауыл қойылып, 17 632 қару бірлігі жойылды. 4334 және1772 мың бірлік оқ дәрі қолға түсті. 103 колонна. Дислокация пунктері атқыланып, 38 минаның жарылуы оқиғасы тіркелді.

1984 жылы

Кеңес әскерінің бұл жылы шығыны 2343 адамды құрады, оның 103-і қазақстандық еді.

Мамыр-қыркүйек. 40-армия  22 жоспарлы, 19 жоспардан тыс операциялар жүргізді. 2084 торауыл қойылыр, 18184 моджахед өлтіріліп, 3839 жеке қару бірілігі қолға түсіріліді. 80 колонна, 96 дислокация пункті атқыланды, 53 мина жарылысы болды, кеңес әскері 886 адамынан айырылды, оның 111-і офицерлер болды. 1958 адам жараланып, оның ішінде 70 мың адамы өліп, 3 минааттар, 50-ден астам мина, ауқымды қару – жарақ, оқ –дәрі қолға түсті.

1985 жылы

Ауғанстанда кеңестік 1868 адам қаза тапты, оның 86 –сы қазақстандық болды.

қазан. Мәскеуде Кеңес әскерін Ауғанстаннан шығару туралы келіссөз қабылданды.

1986 жылы

Ауғанстанда кеңестік  1333 адам қаза тапты, оның 70-і қазақстандық болды.

Сәуір. Кеңес әскерін қалайда Ауғаныстаннан шығару туралы АҚШ-тың №166 Ұлттық қауіпсіздік директивасына қол қойылды.

1987 жылы

3 – қаңтар. Ауғанстан респ.революциялық кеңесі «Ауғанстандағы ұлттық татуласу» Декларациясын қабылдады.

1988 жылы

759 кеңес әскері, оның ішінде 44 қазақстандық қаза тапты.

Желтоқсан. Горбачев БҰҰ-ның Бас ассамблеясының 4- сесссиясында АҚШ пен Пәкістанға арналған инициатива көтерді. Онда 1989 жылдың 1 қаңтарынан барлық соғысушы жақтар арасындағы ұрыс қимылдарын, оппозиция мен үкімет әскеріне қару – жарақ, техниканы жеткізуді бір уақытта тоқтату ұсынылды.

1989 жылы

Кеңестік әскерінің шығыны 53 адамды құрады. Оның 8-і қазақстандық болды.

15 ақпан. Түстен кейін Ауғанстан кеңестік шекарашылар тастап шықты. Термез қаласында болған митингіде 40-армияның қолбасшысы алдарына қойған әскери міндетті толық орындап шыққанын мәлімдеді.


  1. Шамдар жағу «Зажгите свечи» әнімен. Өлеңдерін оқып болған 10 оқушыға қалған оқушылар жанған шамдар алып келеді де, ескерткіштің алдына қояды.

  2. Өлеңдер – оқушылардың орындауында. Сахнаға екі ер бала шығып өлең шумақтарын оқиды.

Сақтады олар елін, жерін, қонысын

Актады олар азаматтық борышын

Сол үшін де қолтығынан сүйейік,

Ардагерге-майдангерге

Иейік біз барлық жерде

Басымызды сол үшін.


Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,

Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.

Ардагерлер-естелігі ерліктің,

Ұрпақтары-бұтақтары,

Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен.



  1. «Жойылсын соғыс» әні. Сыныптың барлық оқушылары тұрып әнге қосылады.

  2. Мұғалім: - Сабағымызды «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әнімен аяқтағымыз келіп отыр. Сабағымыздың соңында мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Сағатова Жанаргүл Мақсотқызына сөз беріледі. Келесі сөз кезегі бүгінгі кешімізге қатысып отырған қонақтарда.

  3. Қорытынды


































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
998
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі