Тақырыбы: «Ешкімде, ешнәрседе ұмытылмайды»
Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю,
туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін
қорғай білуге тәрбиелеу.
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік
істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.
Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, Отанымыздың
саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін -
өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру.
Мұғалім: -Балалар алдымызда
үлкен мейрам келе жатыр, ол қандай мейрам?
-Ұлы жеңіске 72
жыл.
-Дұрыс-ақ,
балалар.
Мұғалім: - Жеңіс күні -
адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен - 1945 жылғы 9 мамыр
азаттық күрестің айбынды күні. 1941 жылы 22
маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл
жасады. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы
күнді қара түнге айналдырмақ болды. Халық үшін бұл ауыр кезең
болды.
9 мамыр мерекесі барлығымыз үшін ең бір қымбат тарихи күн екені
күмәнсіз. Біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің қандай бағамен келгенін
ешқашан ұмытпаймыз. Біз Отанымыздың бейбітшілігі мен тәуелсіздігі
үшін өз өмірлерін қиған аяулы жандарды мәңгілік естен шығармақ
емеспіз.
1 - жүргізуші: Кешегі неміс -
фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен
келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды.
2 - жүргізуші: Бұл мереке әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат
мереке.
Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери
жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге
айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге
жақын.
Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің
қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып
барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытылмауы тиіс! Себебі, бұл –
біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің
даңқымыз!
1
-
жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия
Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасағаны
баршамызға аян.
Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған
адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ
үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға
болмайды.
Ән «Бейбіт күн
тілегі»
2 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі
үшін маңызы зор болды. 1945 жылы 8 - мамырда Берлинде фашистік
Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9-ында
бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне,
жеңіс күні осылай келген еді.
1 - жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық
алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен
еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік,
халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңістің
72
жылдығын атап өтеміз.
Ермұрат:
Дәл осынау
жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным болсын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сол
ағаларымыздың,
апаларымыздың рухына бас иіп 1
минут еске алайық.
2 - жүргізуші: 1941 жылы 22 маусым күні таң
шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия
елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.
Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Нұрасыл:
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау
тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
1
-
жүргізуші: Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5
мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шабуылға шығарды.
Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5, 5 миллион адамға
жетті.
2
-
жүргізуші: Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс!
Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы
– қасірет, қантөгіс, өлім – жетім. Соғыс дегеніміз – күн сайын
туған – туыстан, жақын – жорадан, қарулас досыңнан айырылу.
Нәбиәлі:
Еске алып туған жер, ана жарын
Биік ұстап абырой, намыс, арын.
Отан үшін аянбай соғысты олар
Кеудесінен ұрса да отты жалын.
Сырым:
Қан кешкенде майданда бабаларым
«Қан көрмесін ұрпағым, бабаларым»
Тілек еткен ұрысқа түсіп алмай
Тауып алып қан - жаса жараларын.
Асель:
Батырлықтың қашанда тұрағы –
елі
Жүрегінде батырдың тұрады елі.
Өшпес
ерлік, өнеге, тағылымның
Біз боламыз әркезде мұрагері.
2 - жүргізуші: Иә, Отан – ана өзінің 27 миллион ұлдары мен
қыздарынан айырылды. Олар дала төсінің ерлері, инженерлер мен
ғалымдар, қысқасы адамдардың зор бақытын жасаушылары бола алатын
еді. Өмір мен өлім арасында отты майдандарда қазақстандықтар,
солардың ішінде өзіміздің осы Кеңес ауылының өрімдей азаматтары
қыршын кетті.
1 - жүргізуші: Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді
бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу
түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист
басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте
қазақстандықтардың үлесі зор болды
Ән «»
Айымгүл:
Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей
кең, Отан кең, артымызда Москва.
Шегінуге хақымыз жоқ, хақымыз жоқ бір қадам.
Миржан:
Орыс, қазақ, қырғыздан,
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей
туғызған
Жайпап түсер жалын боп.
Бәрі:
Барлығы майдан үшін,
Барлығы жеңіс үшін.
1- жүргізуші: Зұлым жауға қарсы күреске 1
миллион 200 мың қазақстандықтар қатысты. Олардың 200 мыңнан астамы
ордендермен және медальдармен наградталды. Ал, 500 - і Кеңестер
Одағының Батырлары атағына ие болды.
2 - жүргізуші:
1 - жүргізуші: Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді
бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу
түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист
басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте
қазақстандықтардың үлесі зор болды
Асылжан:
Жерден, көлден, аспаннан,
Соқты жауды ел күнде.
Берлинде алғаш басталған,
Бітті соғыс Берлинде.
ІІ жүргізуші: 1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Фашизмнің
ордасы Рейхстагқа қазақ жігіті, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Қызыл
ту тікті!
Аружан:
Сүйінші, халқым,
сүйінші!
Беліңді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете,
Жасалған той мереке!
Ранида:
Ол
бұзбаған
қамал
жоқ,
Жайдай тиіп бүйірден.
Тажал жауға ажал
боп,
Төбесінен
шүйілген.
Байтақ
елдің бағына,
Туған
қыран ұланы.
Қашанда Отан
жауына
Қаһар
төгіп
тұрады.
Миржан:
Жаралғандай жалыннан
Жайсаң батыр-Бауыржан,
Естігенде есімін
Жау есінен жаңылған.
Асылжан:
Батыр Талғат ағамыз
Құртып талай жау мысын
Мейірімді кескін жүз
Ерге біткен мінезі
Кеудесінде қос жұлдыз
Екі рет батыр - бір өзі.
Аружан:
Өр тұлғалы келбетті
Қошқарбаев Рақымжан
Сын сағатта ерлепті,
Ер сүйсінген батыр жан.
Айымгүл:
Сонау жылы жер көкті
Соғыс бұлты торлаған
Сонда Мәншүк әпкеміз
Жаудан елді қорғаған.
Мейрамгүл:
Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі.
Әлия аты-көңілде,
Әпкеміз деп жүреді.
1 - жүргізуші: Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан
соғысына қатысып, ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров,
Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк
Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған
аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып
кетті.
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы - жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.
оқушылардың орындауында хор «Ақ көгершін» әнін қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей
жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!
1 - жүргізуші: Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің біз ұланы!
- Ал ендеше, балалар осымен Ұлы
жеңістің 72 жылдығына арналған тәрбие сағатымыз
аяқталды.
Ермұрат:
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным болсын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
Нұрасыл:
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
Нәбиәлі:
Еске алып туған жер, ана жарын
Биік ұстап абырой, намыс, арын.
Отан үшін аянбай соғысты олар
Кеудесінен ұрса да отты жалын.
Сырым:
Қан кешкенде майданда бабаларым
«Қан көрмесін ұрпағым, бабаларым»
Тілек еткен ұрысқа түсіп алмай
Тауып алып қан - жаса жараларын.
Асель:
Батырлықтың қашанда тұрағы –
елі
Жүрегінде батырдың тұрады елі.
Өшпес ерлік, өнеге, тағылымның
Біз боламыз әркезде мұрагері.
Айымгүл:
Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей кең, Отан кең, артымызда Москва.
Шегінуге хақымыз жоқ, хақымыз жоқ бір қадам.
Миржан:
Орыс, қазақ, қырғыздан,
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған
Жайпап түсер жалын боп.
Асылжан:
Жерден, көлден, аспаннан,
Соқты жауды ел күнде.
Берлинде алғаш басталған,
Бітті соғыс Берлинде.
Аружан:
Сүйінші, халқым,
сүйінші!
Беліңді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете,
Жасалған той мереке!
Қорытынды: Құрметті
ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Осымен 2 «Б»
сыныбының дайындаған «Ұлы
Жеңіске – 72 жыл!» атты тәрбие сағатын аяқтай отырып, баршаңызға
бақыт, бірлік тілейміз. Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Бейбітшіліктің символы болған ақ көгершін ашық аспанымызда қанаты
талмай биік самғай берсін деген ниетпен «Ақ көгершін» әнін тарту
етеміз.
Ән: «Ақ
көгершін»
М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта
білім беретін мектебі
Тәрбие сағатының
тақырыбы:


Өткізген: 4 «б» сынып мұғалімі: Аккалиева
А.С.
М-С.Бабажанов атындағы
жалпы орта білім беретін мектебі
Тәрбие сағатының
тақырыбы:

Өткізген: 1 «б» сынып мұғалімі: Сариева
Г.Ш.