Материалдар / Ашық тәрбие сағаты: Фариза Оңғарсынова
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты: Фариза Оңғарсынова

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру. Оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу және поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2021
4173
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып: 8 «В»

Күн: 20.10.2021

Мұғалім: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, әдебиет сүйер қауым! Бүгінгі Фариза оқулары атты поэзия кешімізге қош келіпсіздер!

Армысыздар, ардақты көрермендер! Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ елінің мақтанышы, қазақтың сүйікті ақын қызы Фариза Оңғарсынованың құрметіне арналған

« Жыр падишасы-Фариза!»атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!

Шараның мақсаты: оқушыларға қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист

Фариза Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру. Оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу және поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,  

Қиыннан қиыстырар ер данасы. 

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Деген ұлы Абай атамыздың сөздерін көкірегімен түсініп, ұғына білген бірден бір ақын – Фариза Оңғарсынованың туғанына бүгінгі күнде 80 жыл толып отыр.

Ұлттық поэзия бағының шоқ гүлдерінің ішінде отты жырларымен дараланған Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, ірі тұлға, қазақ поэзиясының падишасы – Фариза Оңғарсынова.

«Поэзия – әйелдей жұмбақ әлем,

Сиқыр сырын түсінер тұлға де кем.

Жаны –тұнған тұңғиық тереңдік те,

Қимылы –ырғақ, әуен.

Поэзия арудай құпиясын ұқтырар жылдап әрең..» деп өзі жырлағандай, жыр құпиясынан бұрын өмір дерегіне көңіл бөле кетсек.

 Дильназ: 1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», Парасат (2001) ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстанның Халық жазушысы.

Мұғалім: Фариза – үлкен ақын! Фариза, алдымен, лирик ақын!Ақындық әлемінің айшығы мен әшекейі де осы лирикасында жатыр. Фариза ғасырдан ғасырға жалғасқан қазақ поэзиясындағы мәңгілік махаббат тақырыбын жырлады. Ал махаббат, сүйіспеншіліктің шалқар шыңы Отанға, туған жерге деген сезім емес пе?

Фариза жырларын оқыған сайын көз алдымызға шыңның басындағы мұңлы шынар және кәусар бұлақтың сұлулығы мен мөлдірлігі келеді. Фаризаның сирек бақытқа ие болуының ең бастысы тарихпен тамырлас, халықпен тағдырлас жандардың ғана несібесіне бұйыратын, адамгершілік шалқарынан бастау алып жатқан жан мөлдірлігіне лай түсірмей жүре ала білгендігінде шығар. Оның жырларындағы тұңғиық тереңдік пен айна көлдей айқындықтың қос қайнары өткеннің өзек өртер өкініштері мен келер күннің үмітті үздіктірер пәк арманы болса керек. Фариза жырлары- айдын көл, шалқар теңіз емес, тылсым мұхитқа теңеледі.

 Мұғалім:  бүгінгі Фариза оқуларына оқушыларға келесі кезекті берейік:

Бәрімізге бірдей ақын болу міндет болмағанымен, адам болу- парыз. Жүректен шыққан сөз ғана жүректерге жетеді. Осы кеште Фариза Оңғарсынованың өлендері сіздердің жандарынызды жылытып, жүректеріңізді тербетеді деген ойдамыз.

Бақ пен бабы шыңдалған,

Тілдерінен бал тамған,

Шақырамыз ортаға,

Қырандарды самғаған

МұғалімФариза –аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары. Ол –қоғам қайраткері, халқының ардақтысы. Атаның қаны, ананың сүтімен сіңген адал қасиетінен өскелең ұрпақ үнемі үлгі алуы қажет.

Осындай жан дүниемізді байытатын, қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін поэзияның падишасы болып, халықтың сүйікті ақыны болып жүрген, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемінде өзіндік орны бар Фариза апамызға арналған кешіміз де өз мәресіне жетті.

Барлықтарыңызға үлкен рахмет!




































Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы




Ашық тәрбие сағаты

«Жыр падишасы-Фариза»









Сынып 8 «В»

Сынып жетекшісі: Даулетбаева М.С.



















2021 оқу жылы














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!