400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Ғарыш қырандары 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал сыныптан тыс жұмыстар яғни тәрбие сағаты барлық білім беру мекемелерінің тәрбиеші ұстаздарына, мұғалімдерге қажет. Еліміздің тұңғыш ғарышкерлері туралы кең түрде мағлұмат беріледі. Оқушылардың ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін жетілдіп, ғарыш әлемі және құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы











Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Ғарыш қырандары»















Орындаған: Нуралина С.С









2018-2019 оқу жылы


I. Сабақтың тақырыбы: “Ғарыш қырандары”

II. Сабақтың мақсаты:

а)білімділік:тәуелсіз  еліміздің  тұңғыш  ғарышкерлері  туралы  кең  түрде  мағлұмат  беру;

ә) тәрбиілігі: Оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу;

б) дамытушылығы: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін жетілдіру; ғарыш әлемі және құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру; сөздік қорларын молайту; еске сақтау, ой - өрістерін, зейіндерін дамыту.

III.Сабақта қолданатын ресурстар: слайд, видеороликтер, таратпа материал, үлгілер.

IV. Әдіс - тәсілі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, сергіту, ой шақыру, кері байланыс

V. Пәнаралық байланыс: Астрономия,география,тарих.

Сабақ барысы:

VI. Ұйымдастыру кезеңі: (сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру)

Тренинг: «Жылулық шеңбері»

Балалар шеңбер  бойына  тұрып, бір-біріне әдемі  айдың  пішінін  ұсына   

 отырып,  ғарышкерлерге  тән  қасиеттерді атайды.

«Үш шапалақ» соғу арқылы бағалау

Мозайка әдісімен топтасу.Топқа бөлінуге ықпал ету.

- Енді, балалар 3 топқа бөлінеміз. Оқушыларды мақал-мәтелдер, жұмбақтарды кеспе қағаздарға жазу арқылы топқа бөлу.

Құрастырылған ненің суреті? Осы суреттердің бүгінгі сабағымызға байланысы бар ма?

1 топ: «Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз
» /Зымыран/
2 топ:
«Ұшқыш емес, бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар?
» /Ғарышкер/

3 топ: Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсаң ғажайып,
Соңында із қалады.
/Зымыран/

Рисунок 3 «Бас бармақ» арқылы бағалау

-Ал, балалар жаңа ашық тәрбие сағатымызды бастамас бұрын алдымен видеоролик көріп алайық. Мағынаны ашу: видео көрсетіледі. (Ғарыш айлағы туралы)

Мағынаны тану. Оқушыларға сұрақ қою.

– Осы бейнекөріністен не көрдіңдер? (Өз ойларын сұрау)

Балалар ғарыш дегенде көз алдарыңа не келеді?
Өз ойларын сұрау.
- Сіздің ойыңызша ғарыш айлағы дегеніміз не?
Ғарыш айлағы дегеніміз – бұл зымыран,
ғарыш серіктері мен үлкен ғарыш кемелері ұшырылатын орын.
- Қазақстанда
ғарыш айлағы бар ма? Қалай аталады?
Байқоңыр.

- Ғарышкерлер мен ұшқыштың айырмашылығы қандай?



«Смайлик» арқылы бағалау

Жақсы Дайындық керек


Кіріспе сөз.

Кеңес Одағының ғарышкері Гагарин Юрий Алексеевичтің өмірінен сыр шертсек.
Юрий Гагарин 1934 жылдың 9 наурыз күні Смоленск облысы, Гжатск қаласында дүниеге келген. әкесі Алексей Иванович, ал анасы Анна Тимофеевна Гжатск ауданына қарасты Клушино ауылынан, қарапайым ауыл еңбекқорлары болған. Олар Юрийді еңбеқорлыққа тәрбиелеген. Неміс басқыншылығының қиын кезеңдерін бастан өткізе отырып Гагарин отбасы 1945 жылы Клушино ауылынан Гжатск қаласына қоныс аударған.
1949 жылы мектепті бітіре отырып, осы жылы Люберецкое училищесіне ұшқыш мамандығы бойынша түсті. Одан кейін Саратовский техникумына оқуға түседі.
12 сәуір күні Гагарин бірінші жерден ұшуын "Восток" ғарыш кемесінде бастады. Осы ғарышқа алғаш ұшу оған Кеңес Одағының Батыры атағын алып келді. 1962 жылдың 12 сәуірінен бастап 12 сәуір – ғарышкерлер мерекесі болып жарияланды. 1964 жылы Кеңес ғарыш әскерлерінің командирі болып бекіді.
1968 жылы 27 наурызда Киржачск ауданының Новоселово ауылының маңындағы жаттығу кезінде қайтыс болды. Кремлевск жарындағы Қызыл алаңда жерленген.
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров өміріне тоқталып өтсек. 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші Май ауылында туған. Ата-анасынан жастай жетім қалған ол апасының қолында тәрбиеленеді. Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды. Балаң жігіт, ең алдымен, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашюттен секіруге әуестенді. Осылай асыл арман аясында жүріп ол орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті. Инженер-ұшқыш атағымен училищені бітірген Тоқтар Қиыр Шығыста жұмыс істеп жүріп, 1-класты әскери ұшқыш атағын иеленді. Өз ісін жетік меңгерген маман ретінде ол аса жауапты да қиын жұмыстар атқарды: түрлі маркадағы бірнеше әскери ұшақты сынақтан өткізді. Албырт жастың әлі де алдына қойған мақсаттары көп еді, ақыры ол өз арманына жетті. 1986 жылы «Тбилиси» авиакрейсеріне «МИГ-29К» дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын қондырып алып, сол кемемен әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты. Осы батырлығы үшін Т.Әубәкіровтің есімі Гинестің рекордтар кітабына жазылды

1991 ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

  1992 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі. Парламентке сайланудың алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.


Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы авиация генерал-лейтенанты. Ол  Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. Ата-анасы Талғаттың есімін, Талғат Бигелдинов сияқты болсын деп, ырымдап қойған екен. Талғат Мұсабаев 3 жасынан ұшқыш болуды армандаған.

1961 жылы 12 сәуірде Ю. Гагарин көкке көтерілгенде, достарының арасында тұрып, «Ол, ғарышкер Талғат Мұсабаев »- деп айғайлаған екен.

Ғарышкер өмірінің бір жылға жуығын, яғни 342 күнін ғарышта өткізген. Сонымен қатар ашық ғарышта ұзақ болған ғарышкер 30сағат 8 минут ұзақтығымен Гиннестің рекорттар кітабына енген.

Талғат  Мұсабаев ғарышқа  әр дайын  Қазақстанның туы мен туған жердің топырағын бірге алып ұшады. Араға 14 жыл салып Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың ізін жалғап ғарышқа ұшқан ғарышкер Айдын Ақанұлы Айымбетов. 27.07.1972, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылында дүниеге келген - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы. Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылдың 2 қыркүйегінде «Союз ТМА-18М» зымыран тасығышы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан көкке көтерілді. Кеме сәтті ұшырылған, 2 тәуліктен соң ол халықаралық ғарыш станциясына жетті. Экипаж құрамында Айдынмен бірге ресейлік ғарышкер Сергей Волков пен еуропалық астронавт Андреас Могенсен болды. Бұл Байқоңырдан ұшырылған 500-ші зымыран екен. Ал 41 жастағы Айдын Айымбетов ғарыш станциясында ғылыми зерттеулер жүргізіп, 10 күннен соң елге оралды.

Ал, балалар осы естіген ақпараттардан қандай шешім қабылдауға болады?

Оқушылар пікірі тыңдалады.

VІІІ.Топпен жұмыс:

-Енді, балалар біз де ғарышкер ағаларымыз туралы қаншалықты жақсы білетінімізді үш топ боп сайысып, ортаға саламыз. І топ Постер құру. Венн диаграммасы: Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев Айдын Айымбетовті салыстыру.
ІІ топ Сұхбат сұрақ жазу плакатка топпен жұмыс
Ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамызға қандай сұрақ қояр едіңіздер?
– Оқушы сұрақтарын оқу.

ІІІ топ Тіл өнері. Үш тұғырлы тіл үйлесімін тапқан бүгінгі Қазақстанда үш тілділік ұлттық мерейі саналады . Ендеше осы турасында да өзімізді сынап өтсек артық етпес. Яғни, сіздер бұл кезеңде қазақ тілінде берілген кез-келген сөздің орысша және ағылшынша баламасын табасыздар .
Тіл - өнер
Қазақ тілінде берілген сөздерді - орысша, ағылшынша тілге аудару.
1. Ауа – воздух – air
2. Ғаламшар – планета – planet
3. Ай – луна – moon
4. Жұлдыз –зведа -star
5. Уақыт – время – time
6. Жылдамдық – скорость – speed
7. Ғарыш – космос – space
8. Күн – солнце – sun
9. Жер – земля – earth
10. Аспан – небо – sky



Оқушылардың өз ойларын сұрап, ашық тәрбие сағатын қорытындылау. « Егер мен ғарышкер болсам...»
« Егер мен
зерттеуші болсам...» « Егер мен жұлдыз болсам... » не істер едіңдер?



IX. Сергіту сәті (музыканың ырғағымен аспан әлеміне саяхат жасау)

X. Қорытынды.


Мұғалім: Ертеде ұланғайыр қазақ даласын жаудан қорғап, талай жауынгерлік жорықтарда жеңіспен оралған бабаларымыздың ержүректілігін, отансүйгіштігін бүгінгі Тоқтар мен Талғат, Айдын ағаларымыздың ерлігімен теңдей бағаласақ артық болмайтындай!
Адамзат баласының жан-жақты рухани үйлесімді дамып қалыптасуына білім мен тәрбие ғана емес, табиғат аясы, жеті қат Көк, Жер, нұрын төккен Күн мен Ай керек екенін олар дәлелдеп өткендей!





Ән: « Көк тудың жебірегені»



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
33 ұстаз жүктеп алған
27 қазан
8327
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі