Материалдар / Ашық тәрбие сағаты Ғарышқа қанат қаққандар. 4сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты Ғарышқа қанат қаққандар. 4сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғарыш айлағы туралы мәлімет және ғарышқа қанат қаққан қазақтың батыр ұлдарын дәріптеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2021
847
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қармақшы аудандық білім беру бөлімінің «№ 273 орта мектебі»






Тәрбие сағаты

Тақырыбы: « Ғарышқа қанат қаққандар »


4 «Б»сыныбы

Сынып жетекшісі:Калданова Амина





Байқоңыр қаласы

2021 ж.


« Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:____________ Р.Жұбатқанова

Күні:14.04.2021ж

Өтілетін орны:104 кабинет

Сынып :4 Б


Тақырыбы:Ғарышқа қанат қаққандар.

Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір — ғарышкерлер күні екенін түсіндіру.Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру.Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.Адамзаттың ортақ үйі — Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Дербес компьютер,интерактивті тақта, нақыл сөздер, буклеттер Жүргізілу барысы:

Сая: Қайырлы кеш, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Биылғы жылдың 12 сәуірінде 60 жыл толатын дүниежүзілік космонавтика және авиация күнінің мерейлі мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз!

Бекзат:— Мерекелік тақырып аясында 4 Б сынып оқушыларымен өткізгелі отырған « Ғарышқа қанат қаққандар » атты сынып сағатына қош келіпсіздер!

Сая : 1961 жылдың 12-сәуірінде 108 минут уақытта Жерді бір айналып шыққан ғарышкер Юрий Гагариннен кейін де 60 жыл өткен екен екен.Содан бері талай ғарышкерлер ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Солардың ішінде біз мақтанышпен айта алатын Қазақстандық батырлар да бар. Олар қасиетті қазақ жері ”Байқоңырдан” ғарышқа аттанған. Биыл ғарышкер Тоқтар ағамыздың ұшқанына 30 жыл толып отыр.
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа алғаш ұшқан қазақ ғарышкері болып тарихта қалды. Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болды. Ал Талғат Мұсабаев ағамыз ғарышта 341 тәулік болып, оның 42 сағат, 36 минутын ашық ғарышта өткізген.

Бекзат: Адамзат күн санап, сағат санап ғарыш әлеміне саяхат жасап жаңалықтар ашты. Сол сияқты бүгін бізде белгісіз галактикалар мен ғаламшарларды, кометалар мен астероидтарды,жұлдыздар мен тұмандықтарды ашу үшін ғарыш әлеміне бірге сапар шегеміз!

Интер тақта:Қызықты мәлімет.Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының "Спутник-2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы - 2-де, салмағы - 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.

Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді.




Сая:  Ең алғаш ғарыш әлеміне жол ашқан адам бұрынғы Кеңес Одағының ұшқыш-ғарышкері Юрий Гагарин. Ол әлемге ең бірінші болып 1961 жылы 12-сәуірде Восток деп аталатын ғарыш кемесінде Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш аймағынан Жер шарын айнала ұшты. Яғни, 12 сәуір – Ғарышкерлер күні деп аталуы сондықтан. Өйткені бұл күні адам баласы бірінші рет ғарышқа ұшты және де бұл күн тарихқа Ғарышкерлер күні деген атпен енді.

Зарина:Күн – жерге ең жақын жұлдыз. Оның төңірегінде Жерді қоса есептегенде 9 планета қозғалады. Планеталар – өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Планетаның олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан.

Күн оны айналып жүретін планеталар мен оның серіктері Күн жүйесі әлем кеңестігінің немесе ғарыштың бір кішкене мүшесі ғана. Ол галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді.

Планеталардың сұрақтары:

Меркурий: Қандай ғарышкерлерді білесің?

Шолпан: Ғарышкерлер күні қай күні аталып өтіледі?

Марс: Планета грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

Жер: Ю.Гагарин ұшқан ғарыш кемесі қалай аталады?

Сатурн: Жерге ең жақын жұлдызды ата.

Нептун: Т.Әубәкіров қай жылы ғарышқа ең алғашқы сапарын жасады?

Плутон: Тоқтар Әубәкіровтен кейін ғарышқа ұшқан екінші қазақ ғарышкері кім?

Уран: Ең алғаш ғарыш әлеміне адам баласы нешінші жылы ұшты?

Юпитер: Аспан әлемінде неше планета бар

Мұғалім:Енді біз ғарышқа ұшуға дайындаламыз. Ғарышқа ұшу үшін бізге ең біріншіден не қажет? Әрине, зымыран. Онсыз біз ғарышқа аттана алмаймыз. Ендеше біз өз қолымызбен зымыран құрастыруымыз керек. Қазір мен сендерге, әр топқа бір жұмыстан беремін.. Бірақ та, ұшпас бұрын сендер әрқайсысың өздеріңмен бірге бір ғана нәрсе алуларыңа болады. (оқушылар таңдап алған нәрселерін қағазға жазып мұғалімге жазып тапсырады). Естеріңде болсын, бізде тек 40 минутқа жететін ауа бар. Сондықтан да ауа таусылмай тұрып, жерге оралуымыз керек. Сонымен, балалар, қайда ұшамыз? (Оқушылар таңдауы бойынша бір планетаға ұшады).

Экипаж мүшелері

1. Экипаж «СОЮЗ ТМ-13 »

2. Экипаж «СОЮЗ ТМ-27 »

3. Экипаж «СОЮЗ ТМА-18 »











Сая: Ал балалар біз ғарыш туралы,ғарышкерлер туралы тақпақ білеміз бе?

Мерей

Көк пен жерді жалғаған, космодром Байқоңыр,

Корабльдер самғаған, космодром Байқоңыр.

Қанаттылар мекені, қазақ жері Байқоңыр,

Қай жер саған жетеді, ғажап жерім Байқоңыр!

Жансезім

Алтын бесік тербеткен,
“Байқоңырдан ”аттандың.
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.

Аружан

Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Үш жүзден артық онда тәулік болған.
Бір емес үш қайтара сапар шеккен,
Ер жүрек,батыр едің аға неткен?!
Ел мерейін өсірген ерлігімен,
Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.
Туған жерге оралған ел батырын,
Ұмытпаймыз,қосамыз әнге атын.


Жандаулет


Жұмбақ әлем,

Жұмбақ жұлдыз,

Олар көп.

Ғарышкерлер,

Біреуіне қонар кеп,

Қонып тұрып,

Адам ойы мазасыз,

Сұрар тағы,

Бұдан әрі не бар?- деп

Гаухар

Әрқашан ерлікке құштармыз,

Қажымас, дарынды жастармыз.

Жол салып ақмаңдай айға да,

Достарды жұлдызға бастармыз.

Постер қорғау.

1 – топ. Тоқтар Әубәкіров туралы.

2 – топ. Талғат Мұсабаев туралы.

3 – топ. Айдын Айымбетов туралы.



1-топ: ТоқтарӘубәкіров

Жас кезінен алдына қалайда ұшқыш болуды мақсат етіп қойған арманшыл жандардың бірі Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші Май ауылында туған. Ата-анасынан жастай жетім қалған ол апасының қолында тәрбиеленеді. Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды. Балаң жігіт, ең алдымен, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашюттен секіруге әуестенді. Осылай асыл арман аясында жүріп ол орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті. 

Ғарышқа ұшуы

1991 Ю. А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті. 1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.Тоқтар Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.

2-топ:Талғат Мусабаев
Ғарышқа ұшуы

Талғат Мусабаев 1994 жылы Союз ТМ-19 ғарышқа 1-ші рет ұшқанда 126 күн өткізген.

1998 жылы Союз ТМ-27 зымыранымен ғарышқа 2-ші рет ұшқанда 208 күн өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып алынған.

2001 жылы ғарышқа Союз ТМ-32 зымыранымен 3 -ші рет ұшқанда 8 күн ғарышта өткізген.

1991 жылы қазан айының 2 – сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш төріне самғады. 
Ал екінші рет Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994 жылы барып қайтты. Одан кейін 1998 және 2001 жылдары 2 рет барып, зерттеу жұмыстарымен айналысты

3-топ: Айдын Айыметов

Бүгінде 49 жастағы Айдын Айымбетов  «Байқоңыр» айлағынан ғарышқа ұшқан үшінші қазақ ұлтының өкілі. Жалпы алғанда, Айдынның қызмет жолы тұтастай тек әуе және ғарыш қызметімен байланысты, яғни ол осы салаға кездейсоқ келген адам емес, өз ісінің маманы.

2015 жылдың 2 қыркүйегінде отандасымыз Айдын Айымбетов Байқоңырдан «Союз ТМА -18М» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Он күнге созылған сапар барысында ол бірқатар физикалық-ғарыштық эксперименттер мен Арал және Каспий теңіздерінің экологиясына мониторинг жүргізіп, шаңды дауылды зерттейді.

Бұл Қазақстан тарихында мәңгі қалатын айтулы оқиғалардың бірі болды. Өйткені, А.Айымбетовтың бұл сапары Қазақстанды ғарыштық өнімдерді сатып алушы елден, ғаламды зерттеуші мемлекетке айналары сөзсіз.    

2-тапсырма:

Тіл өнері. Үш тұғырлы тіл үйлесімін тапқан бүгінгі Қазақстанда үш тілділік ұлттық мерейі саналады . Ендеше осы турасында да өзімізді сынап өтсек артық етпес. Яғни, сіздер бұл кезеңде қазақ тілінде берілген кез-келген сөздің орысша және ағылшынша баламасын табасыздар .
Тіл - өнер
Қазақ тілінде берілген сөздерді - орысша, ағылшынша тілге аудару.
1- топ. 

1. Ауа – воздух – air
2. Ғаламшар – планета – planet
3. Ай – луна – moon

2- топ.

1.Жұлдыз –зведа -star
2. Уақыт – время – time
3. Аспан – небо – sky


3- топ. 

1. Ғарыш – космос – space
2. Күн – солнце – sun
3. Жер – земля – earth

Сергіту сәті. Мирзагулова Нурсила:Ән «Мен ғарышкер боламын»

Қорытынды:Сөзжұмбақ шешу:







ғ

а

р

ы

ш

к

е

р






а

й







т

о

қ

т

а

р










з

ы

м

ы

р

а

н










ш

а

р






1.Ғарышқа ұшатын адам.

2.Аспан денесі.

3.Ең алғашқы қазақ ғарышкері.

4.Ғарышқа немен ұшады?

5.Ғаламшарлар қандай пішінге ұқсайды?


Қорытынды. 


Сая: Ежелден адамдардың арманы ғарыштың әлі де ашылмаған құпиясын, сырларын зерттеп білу болды. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауапты - адам. Біз өзіміздің тұратын Жер планетамызға ұқыптылық-құнттылықпен қарап, қорғауымыз керек. Тәрбие сағатымыздың соңғы бөлімі «Сіздерден бізге бір тілек» деп аталады. Құрметті қонақтар, араларыңыздан біздерге тілек білдірем деушілер болса, сөз тізгіні өздеріңізде.

(Қонақтар оқушыларға тілек білдіріп, тәрбие сағатынан алған әсерлерін айтады).



Бекзат: Қымбатты ұстаздар ! Көріп, тамашалағандарыңызға және тілектеріңізге көп рахмет! Тәрбие сағатымызды әнмен аяқтаймыз. Хор: «Байқоңыр».











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!