Күні: 23.12.2016ж.
Тәрбие сағатының
тақырыбы: «Имандылық жарасады
ұл-қызға».
Мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың инабаттылық
түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен
пайдасы туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың мұсылман діні туралы адами
қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын,
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты,
ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу.
3. Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін жалғастырып
құрметтеуге, инабаттылыққа, имандылыққа адамгершілікке, адалдыққа,
еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке,
шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл
сөздер, техникалық құралдар,
шарлар.
Түрі: өнеге
сағаты
Әдісі: СТО,
баяндау
Сабақ
барысы
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
ІІ. Шаттық
шеңбері. Музыка ойнап
тұрады.
-Әсем әуен сазымен бір-бірімізге
тілегімізді айтайық.
- Егеменді
еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық
тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына
құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты
міндеті.
Білектей арқасында өрген
бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе
ақырын.
Кәмшат бөрік, қара
қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай
түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын
қыздарымызға,
Атадан жақсы ұл
туса,
Елінің туы
болады.
Атадан жаман ұл
туса,
Елінің соры
болады- деген Қазбек
бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып,
бүгінгі «Имандылық жарасады
ұл-қызға» атты тәрбиелік
шарамызды бастаймыз.
- Сонымен қатар, бүгінгі тақырыбымызға сай өз
оқушыларымыз мұсылман діні туралы қандай
ұғымдарды біледі екен, соған кезек
берелік.
Ән «Жаса
Қазақстан»- Камаладинов
Рафхат
4.Топтастыру
стратегиясы – Имандылық
қасиеттер
Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала
отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі
ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша,
адамгершілік, имандылық мынадай 10 нәрседен
тұрады.Инабаттылық- әдептіліктің әсем
көрінісі.
Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық,
тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы
мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім
деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын
имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген.
Сондай еңбектердің бірі – Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы».
Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз
ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй
шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым
салған»

5. «Ой
қозғау» . Ұлдарға
сұрақ:
1. Қыздың көркі деп
нені түсінесің?
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі
дейді?
3. Қызға қандай қылық жараспайды?
4. Қыздарға арнап мақал
айт

Қыздарға
сұрақ:
1.Ұлдарға қандай қылық
жараспайды?
2. Ұлдарға арнап мақал айт
4.
Атадан жақсы ұл туса, елінің
туы болады дегенді қалай
түсінесің?
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар
едің?
*6.Қайырымдылық туралы
видеоролик
Би: «Жадо» бір топ қыздар
ҮІІІ.
Қорытынды
«Ой
қорыту»
Мұғалім. Сонымен балалар,
бүгінгі тәрбие шарамыздан не
түйдік?
Бүгін біз адамгершілік,
имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да
әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап
жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап
етеді.
Сонымен, иманды ұл мен
инабатты қыздың бойында қандай қасиеттер
болу керек?
Топтастыру
Иманды
ұл
Инабатты
қыз
Тәртіпті
ибалы
қайырымды
сыпайы
әдепті
биязы
адамгершілігі
мол
кішіпейіл
Ән: «Әсем
ән» орындайтын: Мұхтарқызы
Арай
Жүректен
жүрекке.
–Балалар, енді бір –біріңе
тілек жазып, қалаған адамдарыңа ұсына
қойыңыздар.
Аң жортар аяғымен,
жер еркесі,
Құс ұшар қанатымен, көк
еркесі.
Халқыңа қалаулы ұл
боламын десең,
Адам бол! Болма адамның
көлеңкесі – деп Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі
мол, еліміздің иманды да инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер
деп тілек айтамын.
Тәрбие сағатымыз
аяқталды.