Төрлет,
Құтты
Жаңа жыл
Мақсаты:
Оқушыларға
Жаңа жыл туралы
ұғым беріп,
жаңа жылды
татулықпен,
достықпен,
бірлікпен
өткізуге
баулу.
Жаңа жылда
барлық
бойларында
бар өнерлерін
ортаға
салып
үйрету.
Көңілді
өткізу
өз қолдарында
екенін
түсіндіру.
Барысы:
Екі жүргізуші
ортаға
шығады.
1 -
жүргізуші:
Армысыздар
ардақты
ағайын,
ұлағатты
ұстаздар!
2 -
жүргізуші:
Бармысыздар
замандас
бауырлар,
шабытты
шәкірттер!
1 -
жүргізуші:
Бүгін
бізге
жырдан
алқа тағайын,
Шат күлкіге
толы болсын
маңайын.
Көргендер
де,
көрмегенде
арманда
Жаңа жылың
құтты
болсын
ағайын!
2 –
жүргізуші
Зеңгір
көкте
жұлдыз
болып
жанайын,
Ай жүзіндей
айшықтанып
арайың.
Жанға
шуақ,
бойға
қуат әкелген,
Жаңа жылың
құтты
болсын
ағайын!
1 -
жүргізуші: Айман
байқаймысың,
бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Мына шырша
жанындағы қаптағы не болды
екен?
2 – жүргізуші
Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар.
Қане ашып көрелік. Дана, қане
сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып
тұрмын.
1 - жүргізуші:
Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде
екі қаптың аузын бірге
ашайық.
2 – жүргізуші
Жарайды, мен келістім.
Ендеше
бастасақ, бастайық.
(қаптың аузын
ашқанда клоундар атып
шығады)
Клоун1: Сәлем
саған, туған ел!
Клоун2: Сәлем,
сәлем достар!
Ой, ой, ой
біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Көп соза бермейік.
Достарымызда ертіп келейік
қане?!
Клоун1: Кешті
көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Ертсек, ертіп
келейік.
(клоундар шығып
кетеді, сыныптағылар
келеді)
Музыка ойнайды
(оқушылар шыршаны айналып «Жаңа жыл» әнін
орындайды).
1 - жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз
көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат
салысайық.
2 – жүргізуші
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке
сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат
етіңіздер!
1 - жүргізуші:
Армысың, аманбысың, Жаңа
жырым,
Жаңа жылым! О
менің Жаңға жылым!
Ит
жылы келгенде,
сый ғып тартып,
Ақтарайық
әнменен көңіл сырын – дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа
жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі
сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының
білікті басшысы, мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Алламұратова Қырмызай апайға
береміз.
Рахмет
апай, сіздің
құрметіңізге әсем ән
жолдаймыз.
Ән: «Мереке» Орындайтын Бердібек
Балауса
2 – жүргізуші
Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан
шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып
тұрмыз,
1 - жүргізуші:
Қуаныңдар ағайын,
тамсаныңдар!
Сүйіншімен
маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді
Ақшақармен,
Қол соғып
қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып
қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде
музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар
келеді).
2 – жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысыз
Ақшақар!
1 – жүргізуші:
Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен
құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір – түпкірінен өнердің
өрінде жүрген небір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай
қарайсыз?
Би:Валъс
2 – жүргізуші: Олай болса, сыныбымыздың
жігіттерінен құралған «Жастар» КВН командасын
шақырамыз.
(Рахмет жігіттер өнерлерің өрге
жүзсін.)
1 – жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің
тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның
өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы
лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің
ержетуі.
Ән: Жаңа
жыл
2 – жүргізуші»: Жаңа жыл – бұл жаңа
нұр
Нұрдан ләззат ала
біл.
Ақын жазар жаңа
жыр,
Жырдан тыңда терең
сыр.
Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар.
Құрметпен Тауық жылын шығарып
салайық.
(осы кезде тауық
келеді.)
1 - оқушы: Біздің елде өткен
жылы,
Тауық жылы
тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз
есейдік.
Жақсылыққа
тырыстық.
Ескі Жылым – Тауық
жылы,
Қош, аман бол
көргенше.
Сен сыйладың бақытты
күн.
Қайта айналып
келгенше,
Талап, талант
дарынды,
Өрлеттің туды
аспанда,
Бойыңнан бердің
барыңды.
Айналар бір күн
дастанға.
Тауық жылы: Мен ескі жыл
есіркедім,
Егемендік
елдікті.
Мен сүйемін
батырлықты
Татулық пен
ерлікті.
Қарақтарым,
қанаттарым
Амандықпен
жүздесейік
Ал, Жаңа жыл,
ізбасарым,
Қолыңа ал бір
істі!
Қанат бітір
қанатсызға
Көркейт елді
барысты.
1 – жүргізуші: Құрметпен ортаға Жаңа жылды
шақырамыз.
Ортаға Жаңа Ит
жылы келеді
Ит жылы:
Жақсылыққа бағыттаған
Итпін мен Жаңа
жыл!
Жаңа Жылда
барлығыңыз
Жаңа үміт таба
біл.
Тауық жылының
мерекесін,
Мерекеге
жалғаймын.
Елде, жерде,
табиғатта,
Бейбіт жолды
қолдаймын.
Арым – ұят,
жаным – халық,
Қызметім де
соларға,
Сеніңдер маған
барлығың
Қияға ұшып
қонарда.
Ал, Ескі жыл,
аман бол,
Ізбасарың мен
болам.
Аман болсын деп
тіле,
Елім, жерім,
кең далам.
2 – жүргізуші:
Жаңа жылда жаңа белден
асамыз,
Жаңа жылға
жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік
ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы
да алға басамыз.
Келесі кезекті
тамаша бір биге берейік.
Шығыс биі
(Бердібек
Балауса)
1 – жүргізуші:
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп
кеңейсін.
Ортақ ойы
арманы,
Жақсы дәстүр
көбейсін.
Ән:
«Жаңа
жыл» (Қаршыға Д,Бердібек Б,Халиева
Д)
2 - жүргізуші:
Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын
ортаға.
Ал, ендеше қол
соғайық
Қошеметпен
қолқала.
Қыздар
биі:
1 – жүргізуші:
Келесі кезекті тағы да бір тамаша биге
берейік.
Ұлдар
биі
Рахмет
ұлдар.
Орындалар әсем ән мен сәнді биіміз сіздің
құрметіңізге және ата – аналардың құрметіне
арналады.
1 – жүргізуші: Ал, Аяз ата, Ақшақар!
Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған
өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін биші
қызымыз бар көрінеді. Сол қызымызды ортаға шақырсақ па деп тұрмыз.
Қалай қарайсыз?
Үнді биімен
орталарыңызда
(рахмет, не деген би
десейші!)
Ал, Аяз ата, Ақшақар! Асығып тұрған секілді
сіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан,
сіздерді көп
бөгемейік.
2 – жүргізуші: - Ия, Аяз мына халқыңызға бата
берер кезде келді ғой
деймін.
(Аяз ата бата
береді)
1 – жүргізуші: Құрметтісің қымбат қонақ жыл
тойы
Саған деген сый – сияпат
басқаша
Сені күтіп ән саламыз түн
бойы
Би билейміз шырқалған ән
тоқтас.
2 – жүргізуші: Езуіңнен кетпесін сыңғыр
күлкің,
Аспаның ашық болсын ала
бұлтың.
Мұржаң қисық болса да,
ағайындар
Түтініңнен түзу шықсын, жалпақ
жұртым.
1 – жүргізуші: Келеді жылдар, келеді айлар
ауысып,
Қоян жылы мен ұлу жылын да
тауысып.
Береке, бірлік бейбітшіліктің
төрінде
Тұрайық әр кез татулықпенен
қауышып.
2 – жүргізуші: Бітуге қалды таяп –
ай,
Не қыласың аяп –
ай.
Қане, халқым, қол
соқшы,
Жаңа жылда
аямай!
1 – жүргізуші: Тауық жылы – той
жылы
Ит жылы – мол
жыл,
Жаңа жыл - жаңа нұр
жаудырып,
Ит жылы – сауық жылы болсын,
ағайын!
Хор: Қош келдің
Жаңа жыл