400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық тарбие сағаты Жаныңда жүр жақсы адам. 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаныңда жүр жақсы адам атты тарбие сағаты оқушылармен ардагер ұстаздармен танысып, ұстаздық жолмен танысады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жаныңда жүр жақсы адам


Мақсаты: Ардагер ұстаздармен жақын пікірлесу, ұстаз  мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу және өз бетінше ой қалыптастырып, жаңа өмірге, мамандыққа, бейімділікке тәрбиелеуге, балаларды сөйлеу мәдениетіне, кез-келген ортадан өзін еркін ұстап, мәдениетті болуға, ойын жинақтап жүйелі сұрақтар қоя білуге үйрету.

Жоспары:

  1. Презентация (өмірбаян көрсету)

  2. Ұстаздарға арналған өлең шумақтар

  3. Қызықты сұрақтар

  4. «Менің қызықты бір күнім» айдары

  5. Хор. «Ұстазым»

  6. Қорытынды

Барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің іс - шарамыз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Қазақстан - 100 жаңа есім» бағытын жүзеге асыру жолында Қазақстанның түкпір түкпірінде аталып өтілуде. Біздің де ат саласып, кішкентай да болса да өз үлесімізді қосқымыз келеді.


Арттырған шәкірт талғамын,
Ұстаздар – үміт ардағым.
Өзіңнен үміт нәрін ап
Қырандай алға самғадым.
Сөйлесе тілі балдайын
Ұстазым, гүлдей жайнадым
Көркейіп өсіп келеміз
Жапырақ жайған талдаймын, - дей келе ұстаз адам баласының жанашыры, өмірге бағыт бағдар беруші, ұстаз білімнің нәрімен сусындатып, еңбекке үйретуші жандар. «Жаныңда жүр жақсы адам» кездесу кешінде өз мамандығынының майталмандары, ісімен де, сөзімен де үлгі тұтарлық жандар қонақта болады. Сіздер оларды бейресми жағдайда, өзге қырынан, бұрын-соңды айтылмаған, көпшілік біле бермейтін тұсынан танитын боласыздар. Келген қонақтың өмірдегі шынайы образын оқушылар өздерінің көкейінде жүрген түрлі сауалдарымен ашады. Оқушыларымыздың сұранысы бойынша бүгінгі кездесу кешіміздің сыйлы қонағы өздеріңісіздер!

-Қош келдіңіздер, дейміз тағы да, аяулы ұстаздар! Осындай кездесу кештерінің негізгі мақсаты үлгі тұтарлықтай қонақтарымыздан үлгі-өнеге алып қана қоймай, сондай дәрежеде болуға ұмтылу. Біз сізді бүгінгідей әдемі бір кеште әңгімеге тартып , сіздердің басқа қырларыңыздан танып білгіміз келіп отыр.Сыр-сұхбатымызды бастамас бұрын экранға назар аударсақ.... (өмірбаянымен таныс болайық)

Презентация

Алдымен ұстаздар сіздерге арналған оқушыларымыздың жыр – шумақтарын тыңдасақ:

1-Оқушы: Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

2-Оқушы:Ақ көңіл ұстаздарым, адал ниет,
Жандарың жадырасын, жасымасын.
Қайда да шәкірттерің жүрер сүйеп,
Қиындық басқа түссе қасымдасың.

3-Оқушы :Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Бала десе ойламайды өз қамын

Керсем дейді күнге де кол созғанын

Шәкірттерін өзінен де озғанын.

4-Оқушы:Ұстаздар!

Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

5-Оқушы:Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін.

Біз сізге өлеңнен өріп ұсындық,

Жүректің алғысы мен рақметін.

6 – Оқушы:Алғаш рет оятқансың санамды,

Алғаш рет ұстатқансың қаламды.

Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін

Түсіндірген жақсы менен жаманды.

7 – Оқушы:Ұстаз бізді білім беріп өсірген,

Қатемізді әрқашанда кешірген.

«Өмір жолы – қиын жол» деп әрдайым

Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.

Жүргізуші: Қонағымыз туралы шағын ақпарат алдық, ендеше кезекті оқушылар өздерінізге береміз. Көкейініздегі сұрақтарды қойып, оған жауап алсаңыздар болады.

Кезекті балалардың сұрақтарына берейік.

-    Ұстаздық өміріңіз сізге ұнады ма?
-    Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте  қандай өзгерістерді байқайсыз?
-    «Ұстаз - мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
-    Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
-    Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?
-    Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?
-    Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.
-    Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме едіңіз?
-    Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?


Ән. «Ұстазым, менің ұстазым» орындайтын Дәрібек Назгүл


«Менің қызықты бір күнім» айдары. Біздің дәстүрлі айдарымыз бойынша басыңыздан өткен қызықты оқиғаларыңызды оқушыларға баяндап берсеңіздер.


Жүргізуші: Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,

Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.

Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан

Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!

Ұстаздарға арнап караокеде бірге ән шырқайық. «Ұстазым».


Мұғалім: Қиындық туса басыңа,

Мойыма бекер, жасыма.

Әрдайым жадыңда болсын,

Жаныңда жүр жақсы адам. - биіктігі де, тереңдігі де, кеңдігі де бір басынан табылатын жандар, ұстаздар жеткілікті. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп айтқандай, білікті де шебер, ұстаздарға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ өмір, бақытты ғұмыр, бақ береке тілейміз. Міне балалар, бүгінгі кездесуіміз де аяқталып қалды. Жарасымы бар бір сағат уақыттың өзінде демалып,бүгінгі кездесуден үлкен әсер алдыңдар деп ойлаймын. Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты мен жастарға сенемін» дегендей Тәуелсіз еліміздің көк байрағын биік ұстайтын, еліміздің өсіп - өркендеуі, гүлденуіне зор үлесімізді қосып, терең білім алып өмірден өз орнымызды таба білуіміз керектігін ұмытпайық.Осымен біздің кездесу кешіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар












































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
788
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі