400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты «Жаса мәңгі тәуелсіз Қазақстан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаса мәңгі тәуелсіз Қазақстан»


Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздіңт әуелсіздігін атап өту қарсаңында елтарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Көрнекілігі: шарлар, нақылсөздер, слайд, видеоролик;

Мұғалім сөзі:

-Сәлеметсіздерме, Құрметті ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! «Жаса мәңгі тәуелсіз Қазақстан »атты ашық тәрбие сағатымызға қошкелдіңіздер! Биыл еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл толып отыр

Барысы: Әнұран орындалады.

Әнұраным жанұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады,

                Республикам әнұраны,

 Мұғалім сөзі:

- Егеменеліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі–Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын! 
- Тәуелсіздіктің түп–тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десекте, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе біржылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
- Тәуелсіз ел болу дегеніміз өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің.
- Олай болса, біздің
 оқушыларымыз тәуелсіздік туралы не айтады екен?
Оқушылардың тақпактарын қабыл алыңыздар
1-окушы Наргиз -Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.
2-окушы Айдос

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым


Кеудемдегі қоламта қоздатқаным

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,

Жалтақтап кете барған боздақтарым.

       



3-окушы Ерасыл

Кең далалы,кең пейілді қазақпыз,       
  Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз
 Ел намысын ешбір жанға бермейміз,
 Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.


- Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше, тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне тағы бір зер салайық.

Экранда «Видеоролик кетеді»

Ия, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын

              шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің       арамыздан кете барды.

 

Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт оқушы шығады.


Ербол 1-оқушы: 

19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған

          энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев

          әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің

          жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.

 

Лаззат 2-оқушы:

 Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз,

          армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі

          шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің

          де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін

          дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау.

Еліңнің сен намысы үшін

Құрбан еттің жаныңды

Мазақ етіп қорлай алмас

Ешкім сенің арыңды.

Сабира 3-оқушы: 

Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді.

           26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-

           намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына

           училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен

           педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира Мұхамеджанова

           жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.

 

Кайрат 4-оқушы:

Қайрат деген атым бар,

                  Қазақ деген затым бар

                  «Еркек тоқты құрбандық»

                  Атам десең атыңдар!

 - Ия, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987 жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындылған еді.


Мұғалім сөзі:

Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға апаларымызға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.
Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық...


Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқа болды.
Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.
Хор: Желтоқсан желі


Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде бірнеше мемлекет мойындаған еді.

Оқушылар, қандай мемлекеттер екенін білемізбе? Кане, жауап берейікші?

Ең алғаш қай мемлекет мойындады?

(Оқушылар жауап береді)...

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып :

1.Түркия елі

2.мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады,

3.Айдаһардай айбарлы Қытай мен Ұлыбритания мойындады.

4. Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады.

-: Және де біз осы мемлекеттермен тығыз достық қарым-қатынастамыз, ия. Қонақжай халық болғандықтан кез келген мемлекетке Қош келдіңіздер деп есігіміз ашық. Шет елден келген конақтарға арналған «Welcome to Kazakhstan»әніне флешмобты тамашалаңыздар!

БИ Флэшмоб «Welcome to Kazakhstan»

Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.


Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!


- Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлт жанды аға – әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қолжеткіздік. Ендеше, осындай бейбіт елде ата- ана, бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік!

Ән: Көк тудың желбірегені

Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.


Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.


-Келесі кезекте мектеп оқушыларымен Тәуелсіздік күніне арнаған Видеоролигімізді қабылалыңыздар!

Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған«Жаса мәңгі –Тәуелсіз Қазақстан » атты тәрбие сағаты аяқталды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
1856
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі