15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы"
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КӨКСУ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы
Орындаған: Жақыпбекова Л.Н
Жастар 2019 жыл
Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы
Мақсаты: 1. Студенттерге егемендік туралы мағлұмат беріп, мемлекеттік рәміздерге терең тоқталу.
2. Туған жер рухына, ұлы тұлғаларға арналған қойылымдар қою арқылы білімдерін дамыту
3. Өз Отанын, елін, жерін сүюге, өз Отанын мемлекеттік рәміздерін білуге, қадірлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен құрбылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандақ тілеймін! Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның тағдырмен байланыстылығында. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де ауыл – үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғалардың бірі.
2-жүргізуші: 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі – XX ғасырдағы айтулы оқиға.
Ол халақ жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззәт Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаевтарды, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындаррыңыздан бір минут үнсіз тұрып, еске алуды сұраймыз.
1-жүргізуші:
Бұрқатып өткен бұл халық мұны,
Бір дәуір сынды жыл болды ұлы.
Желтоқсан таңы жадырап қайта
Ғасырдың бүгін нұрланды күні.
2-жүргізуші:
Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар
Жүректе жылы үміт пен ізгі ар.
Ақ құстай бейбіт арманы самғап
Алаңға шықты жігіттер, қыздар.
1-жүргізуші:
Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.
16- желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасірретті күн еді.
2-жүргізуші:
Дауылға желтоқсанның желі айналды,
Ашуға мінді Алатау кәрі, айбарлы.
Күтпеген іс ақыры не болды деп
Күлкі әлем Алматыға қарай қалды.
1-жүргізуші:
Кез емес жаугершілік «аттан» атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты,
Қытымыр қыстың басы сол бір айда
Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.
«Желтоқсан желі» әні орындалады.
2-жүргізуші:
Иә, қайран қазағым! Ұзақ уақыт «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген астарлы сөздің мәнін ұға алмай, ұқсақ та ашып айта алмай келдік. Айтк үшін тарихқа бойлау керек, ал тарихтың тұңғиынғына барсақ қарауылға іліндік. Ол сөздің салмағын, маңызын жариялылқ таңында ғана түсіндік.
«Мен қазақпын» көркем сөзі оқылады.
1-жүргізуші:
Сол бір суығы ерте түскен қыс кездерінде, тоқырау тажалының ызғарынды аяу сыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі де шыңылдап тұрғандай.
2-жүргізуші:
Желтоқсанда
Алматыда
Ақ қарда
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалда
1-жүргізуші:
Аппақ қала Аппақ ғалам
О, тоба!
Найзағайлар қар жалап тұр жотада.
Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар
Бұйдаланған ұқсап жетім ботаға.
2-жүргізуші:
Кім көріпті о заман да, бұ заман,
Найзағайды көк аязға құлаған
Кеуделерде үрей-бөрі ұлиды
Болсайшы аман, мына ғалам, дін аман!
Көрніс: Көшеде, алаңда ерсілі – қарсылы жүрген адамдар. Тәртіп сақшылары. Екі күзетші Ләззатты тоқтатып, құжат сұрап, тексере бастайды.
1-жүргізуші:
Тапталмасын деп қазақстың кек-ары
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға небәрі.
Қаһарман қыз, ғажап қыз-
Ұрандады Ләззат қыз
Ләззат:
«Жасқанбаған жауыңнан
Біз – қазақпыз, қазақпыз!
Өмір керек азапсыз
Ел боламыз егемен
Сонда ғана азатпыз».
2-жүргізуші:
Азаптады қарақшылар қанқұйлы
Қазақ қыздар қорлық көрді сан қилы.
Арпалысып теңдігі үшін халқының
Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.
1-жүргізуші:
Елі үшін ерлігімен елене
Абырой мен атағына бөлене
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге!
2-жүргізуші:
Есіңе ал, есіңе ал, жас достар,
Бұл жерде батыр жоқ қол бастар.
Бұл жерде жүректе мұз жатыр,
Бұл жерде өрімдей қыз жатыр.
1-жүргізуші:
Бұл жерден мәңгілік аттанған,
Халқының есінде сақталған.
Бұл жерде Ләззаттың қаны бар
Танкінің астында тапталған!
(Осы жерде Ләззатың анасы келеді. Бейітке гүл қойып, құшақтап жылайды).
Анасы:
Желтоқсанның анаға,
Ызғары көп құлыным!
Намыстан өлген қазақтың,
Қыздары көп құлыным!
Заманыңа қайқайып!
Заманыңа қайқайып,
Қарсы тұрған, боташым!
Алтын сақа асықтай,
Алшы тұрған боташым!
Дәл өзіңдей қыз тапқан,
Менде арман бар ма екен?
Қайтейін құдай, қайтейін?!
(Бейітті сипалап, қимай – қимай кетеді).
2-жүргізуші:
Ұяңнан ұшып шығып оралмадың,
Туып-өскен Ақжазыққа қона алмадың.
Шілде айы туған күнің екен сенің,
Ол күннің қонағы боп келе алмадың.
1-жүргізуші:
Анаңның арманы едің естен кетпес,
Ортаңа қадірлі едің баға жетпес.
Арнадық осы әнді рухыңа,
Тарихта қалатындай мәңгі өшпес!
«Желтоқсан тағылымы» көркем сөзі оқылады.
2-жүргізуші:
Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік алған күн.
1-жүргізуші:
Нашарқор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
2-жүргізуші:
Қақаған қыстың ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз қазақ қыздарын,
ОМОН-дан бастан тепкен күн.
1-жүргізуші:
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрек шапқан күн.
Аппақ қар қанға боялып,
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.
2-жүргізуші:
Озбырлықкүшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн
Жанына таппай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
1-жүргізуші:
Қайғы езіп елдің еңсесін
Жаншыды – ау жанын батпан мұң.
Енді қайтіп келмесін,
Сол бір қарғыс атқан күн.
2-жүргізуші:
Әрбір тарихи кезң дәуір белесінде өз үнін, өз жырын, өз әуенін қалдырып отырады ғой. Бұл ән сол желтоқсан оқиғасының боздақтарына арналған. Сөзі Есенғали Раушановтікі, әні Оспановтікі. «Қара бауыр қасқалдақ» әні орындалады.
1-жүргізуші:
Түн, бірақ бұл түн өзгеше еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып – соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбековта бар.
2-жүргізуші:
Иә, халық басына төнген осы бір қасіретті сәтті от тілді, қайсар ақын Қайрат былай деп суреттейді:
1-жүргізуші:
Екі жүзің қырылып,
Екі жүзің ұрылып,
Екі жүзің сотталып
Жоқтаусыз кетіп барасың!қыршыныңнан қиылып,
Солармен бірге өлсемші – ай!
Артта қалған ата-анам,
Арулап қодан көмсеші – ай.
2-жүргізуші:
Иә, қылышынан қан тамған сонау Колбин үстемдік қылған заманда – ақ:
Сөйлесең даусың жетпейтін
Кез болдық мынау заманға.
Шовинизм еді ғой
Басты себеп жанжалға, - деп жасқанбай жырлаған Желтоқсанның аққан жұлдызы, жас сұңқар Қайрат Рысқұлбеков ең жоғары ату жазасына іліккендердің бірі.
Көрініс: (Қайраттың қолын кісендеп екі адам алып келеді. Сот залынан көрініс. Сот шешімі оқылады. Үстел басында прокурор отырады).
Прокурор: Қазақ ССР Жоғары Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясы 1987 жылдың 16 маусымындағы үкімімен Қайрат Рысқұлбеков қылмыстық істер кодексінің 60-бабы бойынша қылмысты деп тауып, ең жоғары жаза өлім жазасына кесті Айыпкер, ақтық сөзіңді айт.
Қайрат:
Күнәдан таза басым бар
Қазақ деген атым бар.
21-де жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Ермек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар.
Мен не етермін, не етермін
Мен келмеске кетермін
Көрмеген қош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Хош, аман бол артымда,
Ағайын-туыс, азамат,
Артымда қалған ата-анам,
Ел жұртым саған аманат!
(Екі адам алып кетеді)
1-жүргізуші:
КСРО Жоғары кеңесіПерезидиумының шешімімен 1988 жылдың 28 сәуірдегі Жарлығымен Қ.Рысқұбековке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандағынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ...
(Қайраттың хаты сахна сыртынан оқылады: «Міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ, өйткені, асыл анашым, түсіңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімдіқинағым келмейді»).
2-жүргізуші:
1988 жылғы 21 мамырда Семей қаласындағы түрменің 21 камерасында Қайрат 21 жасында «өзін-өзі өлтірді»деген атпен құпия түрде қаза тапты.
1-жүргізуші:
Араға жылдар салып тарих қойнауына кіріп бара жатқан Желтоқсан оқиғасы, ондағы халқымызға жағылған қара күйе «ұлтшыл», «нашарқор» дегенатақтар халқымыздың біртуар қалаулы ұлы М.Шахановтың басшылығымен қайта қаралып, 1991 жылғы 12 желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы және 17 желтоқсанды «ҚР-ның демократиялық жаңару күні жариялау туралы» Республика Президентінің Жарлығы шықты.
«Заман» Көркемсөз оқылды.
2-жүргізуші:
Өзіңдікі – елің де
Өзіңдікі – жерің де,
Зіңді сезін бақытты,
Тәуелсіздік төрінде.
1-жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
«Алматым» әні орындалады.
2-жүргізуші:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
1-жүргізуші:
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!
2-жүргізуші:
Аққан судай зымырады ғасырлар,
Көк аспанда жарқ-жұрқ етіп жалындар.
Тұрды күтіп аласапыран мезгілдер.
Бел-белестер, қилы-қилы асулар.
1-жүргізуші:
Шыңғыс ханның қалың қолын бөгеген,
Батыр едің, батыр едің не деген
Алатаудың біз – байтағы ұл – қызы,
Өзін ерлік жөргегіне бөлеген.
2-жүргізуші:
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз Егеменді тәуелсіз қазақ мемлекеті.
1-жүргізуші:
Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай далада, егінгі теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүрген әрбір адам өз Отаның жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
«Қазақ» биі орындалады
2-жүргізуші:
Тарихи жылдарға тоқталып өтсек. 1991 жылғы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
1-жүргізуші:
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады.
2-жүргізуші:
4-маусымда Президент ҚР-ның мемлекеттік жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР Заңдарына қол қойды.
1-жүргізуші:
1993 жылғы и12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
2-жүргізуші:
1994 жылғы 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіге алты айлық сапарға аттанды.
1-жүргізуші:
1995 жылғы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды.
2-жүргізуші:
1995 жылы ақыл ойдың данышпаны қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаев 150 жасқа толды. Осы жылы миллиондардың көз жасымен келген Ұлы жеңіске 50 жыл толды.
1-жүргізуші:
1996 жылғы 30 тамызда «Қазақстан Конституциясына» бір жыл толды. 17 желтоқсанда ҚР тәуелсіздігінің бес жылдық мерекесі атап өтілді.
Бұл күні Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.
2-жүргізуші:
1997 жыл «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуған сүргін құбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.
1-жүргізуші:
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.
2-жүргізуші:
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді
1-жүргізуші:
2000 жыл «Мәдениетті қолдау» жылы болды.
2-жүргізуші:
2001 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды
1-жүргізуші:
2002 жыл «Денсаулық жылы» болып жарияланды.
2-жүргізуші:
2003-2005 жылдар аралығы «Ауылды дамыту жылдары»
Болып жарияланды.
1-жүргізуші:
2006 жыл «Ресейдегі Абай жылы, Қазақстандағы Пушкин жылы» болып белгіленді.
2-жүргізуші:
Есігі ашық төрі кең,
Жылап өттік өткен өмір өрінен.
Жетер енді желпінейік, қарайық
Мына өмірге егемендік көзімен.
1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.
Ата – бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан – Гүлстан!
«Атамекен» әні орындалады
2-жүргізуші:
15 жыл болды Тәуелсіздік төрімде,
Бақыт құсы самғап ұшты көгімде.
Қымбатшылық, жоқшылықты өткердік,
15 жыл бізге бір ғасырдай көрінді.
1-жүргізуші:
Тоқсан бірде Президентті сайладық,
Еркіндікке белді бекем байладық.
Ақт киізге Нұр ағаны көтеріп,
Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.
2-жүргізуші:
Мүше болды БҰҰ-на белсенді,
Төл теңгеміз көтергендей еңсені.
Алғаш рет Ата заңға ие боп,
Нұр ағаның бастауына ел сенді.
1-жүргізуші:
Міне, осылай жылдар жылға ұласып,
15 жылда әрбір жылың бір асыл.
Орыс, өзбек, ұйғыр, дүнген, кәрістер
Бірге өмір сүріп жатыр жарасып
2-жүргізуші:
Ал бүгінде қазақ халқы өзінің көптеген арманына жетті. Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды.
1-жүргізуші:
Халқының ар-намысы үшін қаза болған ұл-қызы ақталды. Өшкені жанып, өлгені тірілді. Тәуелсіздігіміздің 27 жылдық мерейтойы құтты болсын, ағайын! (Ұлттық киім киген қыз шашу шашады)
2-жүргізуші:
Құрметті жиналған қауым! Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілейміз. Айымыз оңымыздан тусын ағайын!
1-жүргізуші:
Осымен бүгінгі «Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты концерттік бағдарламамыз аяқталды.
«Менің Қазақстаным» әні хормен орындалады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген