400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Желтоқсан құрбандары"

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныптарға арналған ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы





Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы

«БІРЛІК НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ









Shape1

/Ашық тәрбие сағаты.4-сынып./



Толеуова К.М.

Shape2

Бірлік ауылы

2018 жыл





Тақырыбы: Желтоқсан құрбандары».

Мақсаты:    білімділігі: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру.
Тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһарманды-ғы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Лаззат, Сәбира, Ербол), интерактивті тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар.

Жүру   барысы:

Мұғалім сөзі: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. Отанымыз Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! «Желтоқсан құр-бандары» тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін байтақ жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжыға-лы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Міне содан бері 27 жыл! «Қазақстан бақытты» әні орындалады.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан құрбандары» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 1986 жылғы «желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ. Слайд: «Желтоқсан желі ызғарлы».

1986 жылы 16 желтоқсанда орталық алаңға жастар мен студенттер Үкімет басына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына орыс Геннадий Колбиннің келуіне қарсы екендіктерін білдіріп, елдің тәуелсіздігін алу үшін шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!», « Қазақ елінің өз көсемі сайлансын!»деген тілек білдірді. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді.Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұтшылдар» , «Нашақорлар» деген



кінәлар тағылды.

Диас:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.

Әділдікпен шындықты

Өтірік жала жапқан күн.

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн,

Қасқалдақ ұшіп көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

Азамат:Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы,

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы.

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

Зәулім:

Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,

Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?

Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,

Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.

Арнұр:

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн

Адиля: Жас арудың жанарында –Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында –Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастаған да –Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан.

 Мұғалім:Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.Бірақ қазақтың






өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы  — 26 жыл

бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш  еткен -Желтоқсан оқиғасы.

Қарлығаш: Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

Нұршуақ: Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған-

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

Қайсар:

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.

Рина:Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық деген ұғымның

Желтоқсан тұрар басында!

Мұғалім: Тәкапәр нағыз құдайдай

Қасқайып қарап тұратын

Ағасы өлсе іні боп,

Жауына қарсы шығатын,

Арыстандай алысып,

Жолбарыстай жұлысқан

Қыздары көп қазақтың – демекші өзінің жас өмірін қиып кете берген Сабира Мұхаметжанова өмір жолымен танысып өтейік.

Адиля:

Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.

Мұғалім:Желтоқсанның қазаққа

Ызғары көп тастаған

Намыстан өлген ұлтымның

Қыздары көп, қарағым

Өр намыс иесі, қайсар, жас қыз Лаззат Асанова жайлы айтып өтсек.

Нұршуақ:

Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді. Ол жазалаушылардың қорлығынан қаза тапқан. Лаззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.




Мұғалім:Еш алаңсыз бейбіт демонстрация күшпен басылып, қанмен тойтарылды, жас өмірлерді қиып кетті.

Тәртіп қорғау санаға екті нені,

Өз халқына ойпырмай кекті ме еді?

Азаматты сойылмен қанға бояп,

Шаштан сүйреп, қыздарды тепкіледі-дей келе қанды Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқтала кетейік.

 Диас: Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол — Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 2000-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан

қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізде сақтап, аруағына бас иеміз.

Ән: «Біз-Отанның ұланымыз».

Мұғалім: Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жас өркенінің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.

Соның бірі – Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.

Қарлығаш:Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.

Поэзия минуты:Тілекен Губашев «Желтоқсан желі». Мұрат Нұршуақ пен Еркін Адиляның орындауында тәуелсіздікке арналған өлең жолдары.

Сергіту сәті: «Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер» бір-біріне доп лақтыру арқылы кезекпен айтып шығу.

Мұғалім: Ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған еркіндік пен бостандық таңы 1991 жылы16 желтоқсанда атты. Бұл күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Тәуелсіздік ел атануымызға Қай-рат Рұсқылбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мухаметжанова сияқты апаларымыз бен ағаларымыздың арқасында еліміз жеңіске жетті. Өзіміздің Елбасымыз, өзіміздің жеріміз, еліміз бар. Өзіміздің Туымыз, Ел-таңбамыз, Әнұран, тіліміз, теңгеміз бар. Тәуелсіздіктің жарық күні мәңгі ата берсін! Балалар, әрбір Қазақстанның азаматы өз Туын, Елтаңбасын, Әнұранын бұлжытпай тану керек. Өз Отанын жанындай сүйіп, еліміздің тәуелсіздік белгісін қадірлеу, мақта-ныш тұту біздің міндетіміз!

Ән: «Көк тудың желбірегені».

Мұғалім: Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апала-рымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсан жұлдыздары»— атты тәрбие сағатымыз аяқталды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
5023
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі