1-оқушы:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой
аспаннан,
Тарихы оның тым әріден
басталған.
Бодандықтан құтқарам деп
елімді,
Талай боздақ қара жерді
жастанған.
2
- оқушы:
Жазалаушы қара құрттай
қаптады,
Қазағымды қырып - жойып
таптады.
Сонда елімнің ұл - қыздары
ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін
ақтады.
3
- оқушы:
Жалғыз Отан -адамның жүрегі
ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді
ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан
болған,
Ербол, Қайрат - нағыз ердің
бірі еді ғой.
4 - оқушы:
Сәбира, Ләззат сынды
жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді
ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып
берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр
еді ғой.
5- оқушы:
Желтоқсан - тарихымда әйгілі
күн,
Ерттеп мініп ар - ождан
сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой
салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі
күн.
4. Видеоролик «Желтоқсан
құрбандары»
5. 3 «в» оқушылары ортаға
шығады
Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың
суреттерін ұстаған төрт оқушы шығады.
1-оқушы: 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан
жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол
Сыпатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол
біреудің жалғыз баласы еді. «Құйын-86»
операциясының құрбаны болды.
2-оқушы: Сол бір ерте
түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған
ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл
дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де ләззат үнің талып
естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін дамытуда
үлкен үлес қосар едің-ау.
Еліңнің сен намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды
Мазақ етіп қорлай алмас
Ешкім сенің арыңды.
3-оқушы: Сәбира, Сәбира
Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді.
26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн
қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер
айтып, балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай
алмай, Өскемен педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира
Мұхамеджанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап қайтыс
болды..
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ
ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп
талпындың
Айналайын, айналайын, жас өркені
халқымның
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл
әнің.
4-оқушы: Қайрат деген атым
бар,
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!
- Ия, бұл
жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987
жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде
тұтқындалған еді.
6.
Жүргізуші
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан»
оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта
алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген
қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің
түп тамыры сонау бабалар ар - намысынан туындап
жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп
саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз
жұмса, аман қалғандары өздері
аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді
жұбатқанымызбен, қыршын кеткен
бауырларымыз есімізге түскенде жан - жарасы
жаңғырып, қайғының
айықпас дертіне
шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат
Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира
Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев
сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
Осы желтоқсан оқиғасы
салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп,
орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут
үнсіздік.
7. Тәуелсіздік туы ( ән
орындалады)
8. Флэшмоб
№
46
жалпы беретін орта мектеп
Ашық тәрбие
сағаты
«Желтоқсан шыңы –
Тәуелсіздік»
8«а» класы
2017 – 2018 оқу жылы