Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Желтоқсаншылар тарих төрінен өтті" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Желтоқсаншылар туралы жаңа деректер мен қатар оладың өз отаны үшін қандай ерліктер жасағаны туралы мәлімет алады.Желтоқсан оқиғасының шығу себебін біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Желтоқсаншылар тарих төрінен өтті

Мақсаты: Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар. Бүгінгі «Желтоқсаншылар тарих төрінен өтті» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер.

1986 жыл.16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күні Асанқызы Ләззат, Сыпатайұлы Ербол, Мұхаметжанқызы Сәбира, Ноғайбайұлы Қайрат сынды жүздеген қыршындарымыздың қанатын қиып түскен, озбырлық күні, өктемдік күні еді. Ендеше, сол Желтоқсан ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын орнымыздан тұрып бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

Ал,енді ортамызға тәуелсіз елдің ұландарын шақырайық.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындау

1-жүргізуші: Балтабай Таңшолпан. Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірлуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

2-жүргізуші: Мусабек Гүлсезім. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. 264 адам жоғарғы оқу орнындарынан,758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді.

1-жүргізуші: Қазіргі күнде 16-17 желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.

1-оқушы: Аманкелді Ақманат.

Болат Шарахымбай. Желтоқсан өлеңін мәнерлеп оқиды.

Өгей қала. Өгей жұрт. Өгей бәрi,

Өгей дүние өгейсiп қарайды әнi, —

Көше толы сенделген тiрi өлiктер,

Сары орыстың кездiгi сорайғалы.

Өгей дүние. Өгей жұрт. Өгей бәрi.

Күл-талқан боп қираған қалпым мынау,



Шөгiп кеткен сияқты паң Алатау.

Шатыр-шұтыр мидағы жарылыстан

Шарқайраққа түскендей шарқ ұрдым-ау.

Шуақ қашты кеудемнен ымырт түнде,

Айналамның бәрi де күңгiрт мүлде.

Сайқал өлiм кезедi Алматыны,

Өлi екенiн паш етiп үмiттiң де.

Бiздiң үйдiң сыртында ұры бардай,

Шәуiлдейдi кәнден ит дымы қалмай.

Тиiп кетсең еденi сықырлаған,

Жеркепеде жатырмын үн шығармай.

Мұңаяды мұң емiп мұнар арман,

Жылан-қабақ тас бөлме, шұбалаң маң.

Мызғымастай мәңгiрiп мәңгүрт дәуiр,

Iшiн тартып төңiрек тына қалған.

Сiлекейi шұбырып жақынсырап,

Тереземнен төнедi жетiм шырақ.

Жел аңқыған желбүйрек сол бөлмеде,

Шалажансар жүрегiм жатыр сұлап.

Қап-қара боп түнерiп қарайды аспан,

Қоқсық пенен бықсыққа араласқан.

Түн ұйқымды ұрлаттым қаншыр түнге,

Қорқау қасқыр секiлдi қара басқан.



Қайда жүрсе қайғы, лаң, қан былығы,

Қанiшердiң есiмде сан қылығы.

Тышқан түрткен сол түнек түкпiрiнен,

Естiледi кiскеннiң жаңғырығы.

Қала жатыр қансырап кiндiгiнен,

Жетi түнде жерiнiп тiрлiгiнен.

Кекке уланған кеудесi керiс тарта,

Қақ жартысы басының сынды бiлем.

Қопарылып кеудемнен мұң құлады,

Мың сан ойдан миым да мыңғырады.

Қабырғасы сөгiлiп қара жердiң,

Шыңырауда бiр шындық шыңғырады…

Түн — сұлудың түндiгiн желкен қылып,

Өркештене өртеңде өртендi үмiт.

Құлап түссе қайтер ем шынында да,

Тiреп қойған аспаны төңкерiлiп?..

Дұға жасап, қол жайып тiлеген шын

Үкiлеген үмiтiм, тiрi екенсiң.

Қаңғып келген нән төбет үредi кеп,

Үрiп жатқан тек сол ма — Үре берсiн.

Ол шiркiнiң үргенде шабаланып,

Сабап алғың келедi көк ала қып.

Қан-қан болған жарасын жалап алып,



Түнге сiңiп барады қала маңып.

Тағдыр көрдiм мен одан зар құсалы,

Дүние бiткен у жұтып, зәр құсады.

Көз жетпейтiн алыста лып-лып етiп,

Алматының ең соңғы сөндi шамы…

Құлақ қоям үн-түнсiз бәрiне мен,

Жым-жырт жатқан дүниеге жаным елең.

Ғұмырнамам жазылып жатыр менiң,

Желтоқсанның қып-қызыл қаныменен.

Ыза, нала қанымды қарығанда,

Аш өзегiм арман жеп зарығар да.

Жарақаты тәнiмнiң жазылар-ау,

Жарақат жанымның жазылар ма?..

2-оқушы: Рахматулла Әлия

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.

«Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

3-оқушы: Әмірхан Нұрлыбек

Қақаған күннің ызары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын,

Омондар бастан тепкен күн.

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір дауа,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Ән. «Қара бауыр қасқалдақ»

4-оқушы: Исман Мадина ән айтады.

5-оқушы: Шыназбекқызы Үміт

М.Шаханов. Желтоқсан тағлымы

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп, шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас Қайратым, жас өркені халқымның!

Арманыңның атын,

Жігеріңнің отын.

Өшіре алмас асау желі уакыттың.

Егер кім қанша.

Уайымсыз болса.

Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубет дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

6-оқушы: Болысбек Сұлушаш,Балтабай Таңшолпан.

М.Шаханов Желтоқсан алаңы

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындықта елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,
Кемсітпекші "желтоқсанның жалаң аяқтары" деп.

Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады
Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады. ...
Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.
Оны да еске салады
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.

2-жүргізуші: Көрініс «Ызғарлы желтоқсан»

Қатысушылар: Бір топ студент жастар, бір топ әскерлер, Қайраттың рөлінде Шекербек Бекарыс.

1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы - 20 ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тоталитарлық комунистік жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси-әлеуметтік құбылыс болды.

2-жүргізуші: 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.

7-оқушы: Рахматулла Ғалия

Желтоқсанның ызғары - ай,

Кірпікке қатқан мұздары – ай.

«Елім - ай» - деп егілген,

Қаһарман ұлдар, қыздар – ай.

8-оқушы: Сабитхан Ақдидар

Тегеурінді соққылары жарақтан,

Ақшақарға судай ақтық айнапқап.

Қайдан білсін қызбаланған ерлерім,

Айрыларын Ләззат,Ербол,Қайраттан.

1-жүргізуші: Ән «Желтоқсан желі»

9-оқушы: Орындайтын Курманай Диас

10-оқушы: Шекербек Мерей

Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

Тәуелсіздік – үшін тігіп бастарын,

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым.

Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік,

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн.

2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміз үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың ерен еңбегі ұмтылмақ емес.

1-жүргізуші: Ендеше, сол ұлы мерекеге байланысты

«Тарих беттерін парақтасақ»

11-оқушы: Жолбарыс Ербол

1991 жылы қазан айында қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

12-оқушы: Рахматулла Ғалия

1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданды.

13-оқушы: Айхын Ерсұлтан

1993 жылы 13-қарашада Төл теңгеміз дүниеге келген.

14-оқушы: Куаныш Ақерке

1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды.

15-оқушы: Мамытхан Аягоз

1996 жылы 16-желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

16-оқушы: Алтынбек Ораз

1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.

17-оқушы: Мұратхан Шерхан

1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» болып белгіленді

18-оқушы: Мухан Бағдаулет

1999 жылы «Ұрпқтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.

19-оқушы. Курманай Диас

2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп белгіленді

20-оқушы: Болысбек Сұлушаш

2002 жылы «Денсаулық сақтау жылы» болып белгіленді

21-оқушы: Шекербек Мерей

2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды

22-оқушы: Исман Мадина

2006 жыл 6 қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Нұрсұлтан Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты жаңа Әнұран бекітілді.

Әмірхан Нұрлыбек

2010 жылы Қазақстан Ұлттық Самитке төрағалық етті.

Аманкелді Ақманат:

2017 жыл Тәуелсіздікке 26 жыл толды

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік 11 әріп құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

Талай дара, даналардың көз жасы,

Қаныменен атты таңым боп алдан

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан-тәніңмен ұғып біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал, талдайық жеткенінше қызыл тіл.

Шекербек Бекарыс: Т - білдіреді теңдікті

Шыназбекқызы Үміт: Ә - әдептілік өрлікті

Рахматулла Ғалия: У - уайымсыз уақытты

Рахматулла Әлия: Е - егемендік елдікті

Сабитхан Ақдидар: Л - дейді лағып лепірме

Болысбек Сұлушаш: С - сенімділік секілді ең

Алтынбек Ораз: І - ілтипат пен ізет қой

Куаныш Ақерке: З - зиялылық тілек қой

Пайыз Аянат: Д - шақырады достыққа

Айхын Ерсұлтан: І - ілкімді боп сақтыққа

Жолбарыс Ербол: К - дейді күн бол көктегі

1-жүргізуші: Ән «Көк тудың желбірегені»

Орындайтын Мұхан Бағдәулет

Хормен: Қазақстан !

Туымен тұғырлы

Елтаңбасымен еңселі

Әнұранымен айбатты



1-жүргізуші: «Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі » деп Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай оңай келегн жоқ. Бұл тәуелсіздік бізге қазақтың басы мен жұлын жүйкесі Кененсары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды. Қайда жүрсек те Отанымызды мақтан тұтуымыз керек.

2-жүргізуші:

Тәуелсіз 26 жыл туыңды биік ұстадың,

Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа

Жасай бер,жаса Тәуелсіз Қазақстаным!

Хор: Ән «Атамекен»






























































































































2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды.

· 2004 жыл - Ресейдің Қазақстандағы жылы.

2003-2005  жылдары -«Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.Тақырыбы: Тәуелсіздікке 25 жыл

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу,болашаққа сеніммен қадам басу 
ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. 
б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. 
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үнтаспа

Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 
ҚР Әнұраны орындалады.
3. Жүргізушілерге сөз беріледі 
1 жүргізуші: Тында жолдас,тында дала,тында ел! Сөйлеп тұрған байтақ өлке - менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан! 
2 жүргізуші: Жанға сая панамыз – Қазақстан көркем жер! 
1 жүргізуші: Он алтыншы желтоқсан 
Ел мерейі тасыған 
Қазақ деген қалың жұрт 
Бәрін кешті басынан 

2 жүргізуші : Он алтыншы желтоқсан 
Тәуелсіздік алған күн 
Ерекше боп мәңгілік 
Ел жадында қалған күн 

1-оқушы:

Тәуелсіздік – 11 әріп құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

Талай дара, даналардан көз жасы,

Қаныменен атты, таң боп бізге алдан.

2-оқушы:

Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған,

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар,

Әр кезең де сен деп ерлік жасаған.

3-оқушы:

Тәуелсіздік !Бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары

Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы

4-оқушы:

Абылайлап сабалақ қол бастады,

Абылайхан атанып ел басқарды.

Ерлігінен хандардың басталады,

Егемендік, елдіктің сел бастауы.

5-оқушы:

Ер елінің Қабанбай тірегі боп,

Өренінің мақтаныш жігері боп.

Ерлік Сапта жүр мәңгі өзі бастап,

Әр ұрпаққа күш берер жүрегі боп .

1-оқушы:
Қайраттай қайсар ұлдардың 
Жанымен келген еркіндік 
Жазира мен ляззаттың 
Арымен келген еркіндік 
Қасірет пен қайғының 
Бәрімен келген еркіндік 

2-оқушы:

Азат рухты риясыз мен шын сүйем,

Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кием.

Жақсы күнге жете алмай шәһит болған

Желтоқсан құрбанына басымды ием.

2 жүргізуші: 1986 жылы желтоқсан отты оқиғасы болды. Сол оқиғадағы жастар ерлігі Тәуелсіздігіміздің бастауы болды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова сияқты біртуар ұл-қыздар өздерінің жас ғұмырларын сарп етті. Олардың есімдері халық жүрегінде мәңгі сақталады.

1 жүргізуші: Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға бас иіп, Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялауға рұқсат етіңіздер.

1-оқушы:

Тәуелсіздік сан ғасырлар келмеді ғой

Аңсаған ұлыларым бүгінгіні көрмеді ғой

Ұлылығын асқақтатқан ата-баба

Ұрпақтары тәуелсіз боп жүреді ғой.

2-оқушы:

Тәуелсіздік- елдің алтын діңгегі,

Тәуелсіздік-ел арманы ,тілегі.

Тәуелсіздік, тұғырлы бол мәңгілікке,

Тәуелсіздік, біз біргеміз үнемі.

3-оқушы:

Тәуелсіздік ,құтты болсын мерекең!

Ол қазақтың, ол менің де мерекем!

Тәуелсіздік, мәңгі жаса қазақпен!

Сенсің менің қуанышым, берекем.

2 жүргізуші: Көрініс:

Бала жүгіріп әжесіне келеді.

Бала :Әже-әже, не істеп жатырсың?

Әжесі :Ой құлыным, мен ұршық иіріп жатырмын.Кел, отыр, ойнап шаршаған шығарсың.

Бала:Әже,әже, балабақшада Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз,Әнұранды айттық.Әже «Тәуелсіздік» деген не?

Әжесі:Е... құлыным-ау, «Тәуелсіздік» деген бұл –үлкен әңгіме.Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді.Қайсар батыр аға-апаларымыздың арқасында ел болдық.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды.Өзіміздің туымыз,әнұранымыз,елтаңбамыз бар.Аллаға шүкірміз.

Бала:әже, мен сізге тақпақ айтып берейін бе?

Әжесі: Айта ғой,құлыным!

Бала:

Күміс күй мен әнге толып тұла бой,

Қуанышқа кенелтеді асыл ой.

Шаттандырған баласы мен бабасын,

Тәуелсіздік күні бүгін-Ұлы той.

Әжесі: Ой ,ақылдым,өркенің өссін.

Бала: Әже, мен ұйықтап алайыншы шаршадым.

Әжесі: Ұйықтай ғой, құлыным.

Бала: Ассалаумағалейкум ,ата! Сіз кім боласыз?

Алтын адам:

Мен сендердің бабаларың болам.

Аман қалған шабуылдан жүздеген,

Батыр халық екенбіз ғой біз деген.

Аямаған жұрттан нанын тұзбенен,

Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.

Өзіңдікі-елің де,

Өзіңдікі- жерің де.

Өзіңді-өзің еткен бақ,

Тәуелсіздік төрінде.

Ей, балақай, қазақ халқының болашағы сендерсіңдер. «Қазақ» деп соққан жүректерің осы алаудай мәңгі өшпесін.

Бала ұйқысынан оянады.

Бала: әже,әже, қайдасың?

Әжесі:Оу,құлыным,не болып қалды?

Бала: мен түс көрдім.

Әжесі: Піссімілла,піссімілла айналайын, қандай түс көрдің?

Бала:Мен түсімде Алтын Адамды көрдім.Ол маған жанып тұрған шырақ берді.

Әжесі:Оу,құлыным жақсы түс көрген екенсің. «Шырақ» деген- бұл біздің еліміздің биіктен көрінуі.Әне,әне жарқырап күн де шықты, тәуелсіздіктің таңы атып келеді, туымыз да биікте желбіреп тұр.

1- оқушы:

Көк байрағым желбіресін көгімде,

Әнұраным әуелесін елімде.

Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,

Тұрса артық не арман бар өмірде.

2- оқушы:

Көптен күткен көк байрақ желбіреді,

Күннің көзі көктемдей елжіреді.

Мұннан ыстық, жалын-от барма сірә,

Әнұран-әнімен жүрегіміз тербеледі.

3- оқушы:

Қазақ елі қашан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі

Қазақстан аясында бұрыннан

Жүздеген ұлт бірге өмір сүреді.

4- оқушы:

Туған елім, туған жерім тәуелсіз ел-Қазақстан

Жарқырап нұрлана бер егемен еріктегі Қазақстан

Елтаңба ,көк байрағың,Әнұраныңмен

Әлемге таңыла бер тәуелсіз ел-Қазақстан.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік деген тәтті ұғым, қастерлі сөз. Әлемде тәуелсіздік туын биік ұстап, алға басқан ел – ол Егеменді Қазақстан.

Хор: «Егемен Қазақстан»

1 – оқушы:

Өмір жасың ұзақ болсын ғұмырың,

Тәуелсіздік, берік болсын тұғырың!

Ашық болсын, Тәуелсіздік аспаның,

Баянды боп ертеңменен бүгінің!

2 – оқушы:

Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын заңың құтты болсын қымбаттым

Туған күнің құтты болсын ,Алыбым.

3 - оқушы

Таңғажайып атың да дәл табылды

Табылды да талай жұртқа танылды.

Қазақ елі, көкке жетті көк туың,

Сен- тәуелсіз мемлекетсің ,кәдімгі.

Би :«Қазақ елі»

1 – оқушы :

Шарықтай бер ,Нұр аға,

Тік ұста бойды әр кезде.

Қамын жеп елдің қашанда ,

Үлгі бол жас ұрпаққа.

Нұр аға ,сенің өмірің

Біз үшін қызық, сара жол.

Жас ұрпаққа қашанда

Өмір жолың қызық қой.

2 – оқушы:

Жиырма төрт жыл еліңді

Сүрінедірмей келесің.

Ес білгелі естіледі

Нұрсұлтан деген ер есім.

3 –оқушы:

Жайқала бер ,Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам.

Көбейткен достың қатарын

Нұр аға біздің –ұлы адам.

2-жүргізуші: Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

Көрсең де талай қорлық азаппенен.

1 – жұргізуші: Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек бірлігіміз.

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,

Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.

2 – жүргізуші:

Көрініс.

(Ақырын басып бір қарт шығады. Орындыққа келіп демалып отырады. Осы кезде немересі шығады).

Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: Ә,балам, атаң не ойламайды дейсің? Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы ойлаймын, қуанамын!

Немересі:Ата, «өткен өмір» деген не?

Атасы: Ә, балам «өткен өмір» деген сонау ата-бабаларымыздың ерте кезден бері өткен өмір жолы, тарихы.

Немересі: Ал ол қандай болған?

Атасы: Ендеше тыңда балам, атаң бір сөйлесін. Сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, Жәңгірді хан сайлапты.Сөйтіп ол өлер шағында ұрпақтарына мынадай аманат қалдырған екен. Әне қара, қызым!

Сахна алдына Жәңгір хан шығады.

Жәңгір хан: Әй балам, бері кел! Анау тұрған жебені әперші (бала келеді).Мә сындыр.(Біреуін сындырады. Екіншісін береді,сындырады. Үшеуін зорға сындырады, төртеуін сындырады, бесеу бергенде сындыра алмайды).

Жәңгір хан: Не ұқтың балам?

Бала: Ата, бір шыбық жалғыз –оңай сындырдым.Екіншісін де сындырдым.Бесеуін сындыра алмадым.

Жәңгір хан: Иә, сонымен не айтарсың?

Бала: Ата, ол бірігіп өмір сүріңдер деген өсиетіңіз шығар.

Жәңгір хан:Иә, балам дұрыс айтасың.

Бірлік түбі –береке,

Береке түбі-мереке.

Ақ білектің күшімен,

Ақ найзаның ұшымен,

Ел болуды ұстаңдар.

1-оқушы:

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2 - оқушы:

Тәуелсіз Қазақстан-ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік – достығымыз,

Тәуелсіздік – ел бірлігі,

Тәуелсіздік – ертеңіміз,

Ұрпақтармен жалғасатын.

Тәуелсіздік – ата жолы,

Болашаққа нық басқан.

2-жүргізуші: Сол бабалар рухы арқылы ғана елімізді, жерімізді сүйіп өсетін азамат болып өсетініміз сөзсіз емес пе?

1-жүргізуші: Иә, сөзсіз.

2-жүргізуші: Біз қазақпыз!

Есігі ашық, төрі кең,

Жылап өттік жылдар өмір өрінен.

Жетер енді желпінейік қарайық,

Мына өмірге иегердің көзімен.

1 – жүргізуші: Ал самға әлем кезіп, Әнұраным, 
Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым. 
Оқушы : Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді, 
Аспандат Атам қазақ Аруағын!

Хор: «Көк тудың желбірегені»

2-жүргізуші: 
Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.
1-жүргізуші:Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз еріміз.

2-жүргізуші: Құрметті, Ұстаздар, ата - аналар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігімен шын жүректен құттықтаймыз.

1-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,

2-жүргізуші: Халқымыздың еңсесі жоғары,

Бірге: Егемендігіміз баянды болсын!













Желтоқсан желі

Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы.
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
Жоғалтып нуын,
Жоғалтып қуын;
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.
 
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
Шайқалды күйім,
Шайқалды миым -
Бомбалар жиі жарылды.
Малым да кеміп,
Әлім де кеміп,
Қинады берік жанымды.
 
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
Бабалар өлер,
Балалар келер,
Аналар берер тіршілік.
Гүлденер дала,
Түрленер қала,
Бұтаққа жаңа бүр шығып.
 
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.









































Көк тудың желбірегені


Көк тудың желбірегені -

Қазақтың асқақ беделі.

Махаббат, қайрат екеулеп,

шымырлатқаны денені.


Көк тудың желбірегені -

жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

жан емес,

маған керегі-

Көктудың желбірегені.


Көк тудың желбірегені-

елдіктің асқақ өлеңі,

әр жаққа тартпай, Қазағым,

бір сөзге жинал дегені.


Көк тудың желбірегені -

бақыттың елжірегені,

қиырда қалған Қазақтың

Азат отанға жете алмай

көзінің мөлдірегені.









































Тарих беттерін парақтасақ...

Құрметті ұстаздар, оқушылар Сіздерді Қазақстан Республикасындағы ең маңызды мейрам - Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтаймыз!

Тәуелсіз 25 жыл!

Тәуелсіздік – тәтті ұғым, қандай ғажап!

Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,

Халқымның орындалды басты арманы.

Зеңгір көкте желбіреді көк байрағы!

Ата – бабам аңсаған азаттық таңы арайлап атып, көк байрағымыз көкте желбіреді.

Тәуелсіздік, бұл халқымыздың сан ғасырлар аңсаған асыл арманы еді. Тарихқа жүгінсек, ежелден қазақ халқы өздігінен ешқандай соғыс ашпаған, қашанда бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған. Алайда, кең – байтақ жерінде мамыражай тіршілік еткен бейбіт елге көз алартушылар көп болды.

Тәуелсіздігіміз үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың ерен еңбегі ұмытылмақ емес. Ендеше сол Ұлы мерекеге байланысты «Тарих беттерін парақтасақ»

1991 жылы қазан айында қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекееттік рәміздері қабылданды.

1993 жылы 13 қарашада Төл теңгеміз дүниеге келді.

1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды.

1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескертшкіші ашылды.

1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.

1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» болды.

1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.

2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.

2002 жыл «Денсаулық сақтау жылы» деп белгіленді.

2003 – 2004 жыл «Ауыл жылы»болып саналады.

2006 жылы 6 қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Нұрсұлтан Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты жаңа Әнұран бекітілді.

2010 жылы Қазақстан Ұлттық Самитке төрағалық етті. Осы Самитте Астана Декларациясы қабылданды.

2016 жыл Тәуелсіздікке 25 жыл

Тәуелсіздік сөзіне анықтама:

Тәуелсіздік 11 әріп құралған

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

Талай дара, даналардың көз жасы

Қаныменен атты таңым боп бізге алдан.




Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,

Ей келешек, жан – тәніңмен ұғып біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.




Т – білдіреді теңдікті

Ә – әдептілік, өрлікті

У – уайымсыз уақытты

Е – егемендік, елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең

І – ілтипат пен ізет қой

З – зиялылық тілек қой

Д – шақырады достыққа

І – ілкімді боп сақтыққа

К – дейді күн бол көктегі

1 - оқушы: /Ләйла/
Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,
Біз көрдік қас дұшпанның балтасында.
Еліме тәуелсіздік келіп жетті,
Мың жылдық күрестердің арқасында.

2 - оқушы: /Нұртілек/
Жаңғырды халқымыздың мың өшкені
Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.
Ел үшін мәңгілікке жалғасады.
Ақыл - ой, ар - намыстың күрестері.

3 - оқушы: /Меруерт/
Ұлан-ғайыр далам менің кеңдігім,
Ұзақ күтті - ау елім менің теңдігін
Ата - бабам армандаған, аңсаған
Ұрпақтары көрді тәуелсіздігін.

4 - оқушы: /Ержан/
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Күрескерлер осы күнді көрмеді.
Қаны менен жанын берген ерлердің
Есімдері биіктерге өрледі.




5 - оқушы: /Жұлдызбек/
Тәуелсіздік көптен күткен бақытым
Әзер жеткен баға бермес жақұтым
Өркендей бер, пейілі кең қазағым
Қалықтасын көк аспанда бақ құсым.

Хор: «Желтоқсан желі»



Жүргізуші: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына биыл 29 жыл толды. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз - жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Лаззат Асанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді.
Ендеше сол желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут еске алайық.



Бейне жазба «Желтоқсан құрбандары»


6- оқушы /Жайна/
Тойланып мың мереке ұлыс күні,
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па,
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.
Ішкі жау балағыңнан қаппасын кеп,
Сыртқы жау пәле - жала жаппасын тек.
Мен әркез отырамын Тәуелсіздік,
Қадірін білмегеннен сақтасын деп.

Би: «Қыздар биі»

Ән«Қазақтай ел қайда»

Жүргізуші:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!...



Арайлап атқан бейбіт таңы бар, асу бермес асқар - асқар тауы бар кең жазиралы мекенді, қонақжай, жомарт халқы бар еліміз – Қазақстан. Біз 29 жылда үнемі даму үстіндеміз.



Көрініс: «Жаса Қазақ елі»



Жүргізуші:
Бүгінгі біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса тәуелсіздігімге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп, құрметтеп келер ұрпаққа аманаттап тапсыруға тиіспіз, оны ішкі - сыртқы дұшпандардан сақтауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.


7 – оқушы Қазақстан Туы /Жанира/
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек -
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман - қыраны.
Жалауы бұл - халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.


8-оқушы Елтаңбасы елімнің /Жангүлім/
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада - аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер тамған...
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім - Елтаңбам.


9-оқушы Әнұран /Назар/
Әнұраным - жанұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым -
Мың қайталап айтам мұны.




Хормен:
Қазақстан!
Туымен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты.

Би: «Жұмыр қылыш»




Жүргізуші:

Тәуелсіз 24 жыл туыңды биік ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!



Ән: «Көк тудың желбірегені»

Қорытынды:
Мұғалім: «Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» деп Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай оңай келген жоқ. Бұл Тәуелсіздік бізге қазақтың басы мен жұлын жүйкесі Кенесары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды. Қайда жүрсек те Отанымызды мақтан тұтуымыз керек.

Тәрбие сағатымызды «Қазақстан болашағы біздің қолда» ұранымен аяқтаймыз.

Хор. «Атамекен»



Сюжетті көрініс




Қорытынды:

Еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын. Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын! Қазақстанға оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік!



Желтоқсан алаңы

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.


Сол арадан сатқындықта елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.


Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,
Кемсітпекші "желтоқсанның жалаң аяқтары" деп.
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады
Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады. ...
Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.
Оны да еске салады
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.

М.Шаханов



Желтоқсан тағлымы

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Қайырмасы: 
Арманыңның атын,
Жігеріңнің отын
Өшіре алмас асау желі уақыттың.
Егер кім қанша
Уайымсыз болса,
Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!















Қара бауыр қасқалдақ



Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап?

Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап.

Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,

Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.


Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы,

Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.


Өз босағаң - бұл жердің тауы, қыры, белесі,

Босағасын басқаға тастай ма екен, о, несі.

Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,

Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.


Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы,

Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.



























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
2394
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12