Ашық тәрбие сағаты «Жол белгілері және оның мақсаттары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты «Жол белгілері және оның мақсаттары»

Материал туралы қысқаша түсінік
! Біздің қаламызда, еліміздің барлық қала, ауылдарына – бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Осы мақсатта бастауыш сынып оқушыларының «Жол белгілері және оның мақсаттары» атты тәрбиелік шарамызды ашық деп жариялаймыз. Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Жол белгілері және оның мақсаттары»

Мақсаты: Оқушаларды жол ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, жол белгілермен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу, жол апатынан сақ болуға үйрету.

Көрнектілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, жол белгілері суреттері, интербелсенді тақта т.б.


Түрі: Көрініс түрінде
Сабақтың барысы:

Құрметті оқушылар! «Жол белгілері және оның мақсаттары»  атты шарамызды Шөмішбай Сариев ағамыздың мына өлең жолдарымен бастағым келеді.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Біздің қаламызда, еліміздің барлық қала, ауылдарына – бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Осы мақсатта бастауыш сынып оқушыларының «Жол белгілері және оның мақсаттары» атты тәрбиелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.

Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.

1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

ескерту белгілері, басымдылық белгілері, тыйым салу белгілері, міндеттеу белгілері, ақпараттық-көрсеткіш белгілері, қызмет көрсету белгілері,

қосымша ақпараттық белгілер.


Келесі кезекте «Жалғасын тап» деген ойын түрінде өтеді. Қазір мен бірнеше жол ережелерін бастап оқимын, соңын сіздер аяқтайсыздар. Сендер бұл ережелерді мұқият тыңдаңдар.







Оқып болған соң, жалғасы екі топқа таратылады. Мен қайтадан жол ережесін бастап оқығанда сендер жалғасын тауып жалғастырыңдар.

1. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.

2.Аялдамада тұрған автобустың арт жағынан айналып өт.Сонда сен оның соңынан келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

3. Жолдан өткенде әңгімені доғарып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.

4. Көшенің шетіне өту үшін арнайы өткелден өту керек.Ал қалалық жерлерде аспалы көпірлермен, жол асты жолымен жүреді.

5. Транспорттың артына жабысуға болмайды,құлап, апатқа ұшырауын мүмкін.

6. Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан көлікті көрсең күте тұр.

7. Көшеде тоқтап тұрған көліктің қасынан абайлап өт, көлік есігін ашып қалуы мүмкін.

8. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол!Асықпа! тек тратуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.

«Жаяу әні» (4 а сынып оқушыларының орындауында)

Келесі «Жол белгілері» Бұл кезеңде әр сынып дайындаған жол белгілерін айтады.

2 б Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.

2 а Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.

3 а Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.

3 б Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі.







Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.

Келесі бастауыш сынып оқушыларының дайындаған «Көшедегі кездейсоқ жағдайлар» деп аталатын көрінісін тамашалайық.

Көрініс.

Жол бойында абай бол!

(Музыка ойнап тұрады)

Бір топ бала жол шетінде футбол ойнап жүреді. Оларға велосипед мінген Ақтілек пен Жалғас келеді.

Оралхан: -Сәлем Қонжық, Жолбарыс. Халдерің қалай?

Жалғас: -Сәлем. Халіміз жақсы.

Ақтілек:-Қонжық, Жолбарыс сендер неге бұл жерде футбол ойнап жүрсіңдер. Бұл жерде ойнау қауіпті.

Жалғас: -Ой , қойшы шиқылдамай. Біз жолда ойнап жүрген жоқпыз ғой.

Балалар:- Бар, өз жөніңмен кете бер. Біз өзіміз білеміз. Жалғас теп допты.(Осы кезде Жалғастың тепкен добы жол үстіне домалап кетеді. Бала оны аламын деп жүгіргенде, оны машина қағып кете жаздайды. Машина тежегішін басып әрең тоқтайды. Қорқып қалған балалармен Жалғасты жол үстінен алып шығады.Жүргізуші- бала машинасын жол жиегіне қойып, бірге келеді. Зәресі ұшқан бала жылап жібереді).

Ақтілек: — Жылама, , жылама. Келесі жолы абай бол.

Бала: Жол көліктің жүрегі, Машина көп жүреді. «Қауіп жоқ» − деп ойлама, Жолда футбол ойнама!

Бала: -Сендер бізге ақыл айтасыңдар. Ал өздерің жолда велосипед теуіп жүрсіңдер.

Ақтілек: -Жоқ Қонжық біз велосипедті тек арнайы рұқсат етілген жерде ғана тебеміз. Әне рұқсат етілген белгісі тұр.

(Полиция машинасының сиренасы естіледі)

Осы кезде жол инспекторы келеді: -Сәлеметсіздер ме? Бұл жерде не болып жатыр?

Ақтілек: -Жол жиегінде футбол ойнауға болмайды десек, балалар тыңдамайды.

Жол инспекторы: —Ақтілек дұрыс айтады. Жолда сақ болу керек. Ой, Қонжық сен жарақаттанып қалғансың ба? Қазір Жедел жәрдем шақырайын.

-Алло, Жедел жәрдем. Тезірек жетіңіздер. Мына жерде Жалғас жарақаттанып қалыпты.

(Жедел жәрдем машинасының сиренасы естіледі)

Дәрігер келеді. -Сәлеметсіздер ме? Кім жарақаттанып қалды.








Жол инспекторы:

-Жалғасты машина қағып кетіпті.Аяғын жарақаттап алғанға ұқсайды.

Дәрігер: -Қане, қарап көрейік. Аяғыңды созып көрші.

-Бақытымызға қарай аяғың сынғаннан аман екен. Келесі жолы абайлап жүр. Кел Оралхан досыңды тұрғызайық. (Оралханмен дәрігер екеуі сүйемелдеп Жалғасты тұрғызады)

Жол инспекторы: -Рахмет сізге дәрігер.

Жол инспекторы: -Онда жүргізіушінің кінәсі жоқ екен. Жалғас өзі кінәлі. Жүргізуші бара беруіне болады. Жолыңыздан қалмаңыз. Сау болыңыз.

(Балаларға қарап)

Ата – ананың сенімін, Еске ұстап ақтай біл. Жолдан өтер жаяудың, Ережесін сақтай біл!

Айнала қауіп бар ойла, Жан-жағына қарайла! Доп ойнама көшеде, Машина жолын абайла!

-Енді бәрін түсінген шығарсыңдар?

Балалар: -Ия, біз бәрін де түсіндік. Енді жол тәртібін сақтап жүреміз.

Жол инспекторы: -Енді жол тәртібін бұзбаңдар. Сау болыңдар.

Бәрі хормен: Көшеде тек жүрелік, Өзінше бұл да бір ерлік. Ата — ана қынжылмасын, Түсірімесін ұнжырғасын.


Ән: «Ата-ананы тыңдаймыз» 1 б сынып оқушылары

Қорытынды


Біздің еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережесін жете білмейді. Ал кейбіреулері біле тұра жаяу жүргіншілерге арналған міндеттерді орындағысы келмейді. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқытылатын жолда жүру ережесін мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруы керек. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.11.2018
4893
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі