Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Жолда жүру ережелері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Жолда жүру ережелері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты "Жолда жүру ережелері" 8-сынып. Оқушыларға бағдаршамның түстері туралы және жолда сақтық шаралары туралы айтады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2021
1041
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Күні: 18.01.2018ж.

Сынып: 8,9,10- сыныптар

Сағат: 1600

Өтілетін орны: Демалыс бөлмесі




Тәрбие сағаты тақырыбы: Жолда жүру ережелері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру;

  2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, оны білуге үйрету. Жол ережесінің белгілерімен таныстыру;

  3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, бүктемелер, бағдаршам, жол белгілері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қуан шаттан!

Қуан шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.


Кіріспе кезеңі:

Мұғалім:

- Жол заңы- дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тіртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететіннің салдарынан бұзылады.жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып жатады. Сондықтан, әрбір оқушы жол ережесін бұзбай, абай болып жүру керек. Ол өзіміздің өміріміздің қауіпсіздігі үшін қажет екен.

- Сонымен, қандай балалар жол ережесін бұзбайды?

/Үлгілі, тәртіпті бала/


Негізгі кезеңі:

«Ойлан тап» жұмбақты шешу


  1. Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды. /Автобус-автобус-bus/

  1. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. /Жол-дорога-road/

  1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. / Бағдаршам-светофор-traffic light/

  1. Арқаным бар тым ұзын,

Ала- алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. /Жол-дорога-road/

  1. Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ, «Тоқта! Жүр!» дейді. / Бағдаршам-светофор-traffic light/

Мұғалім:

  • Жарайсыңдар балалар, барлық жұмбақтың шешуін таптыңдар. Ендеше,

келесі кезекті жаттаған өлеңдерімізге берелік.

1 – оқушы:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.


2- оқушы:

Қай көше, қай қалаға барсаңызда,

Қай ақыл өлшеміне салсаңызда.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол артақ үлкен- кіші баршамызға.


3- оқушы:

Қай көше, қай қалаға барсаңызда,

Қай ақыл өлшеміне салсаңызда.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол артақ үлкен- кіші баршамызға.

Басталар ір қадамың аттауменен,

Жол жүру ережесін сақтауменен.


4- оқушы:

Көшеде біз сақ болайық,

Қаймықпасын ата- ана.

Жолда сен бол лайық,

Оқушылар атына.

5- оқушы:

Жол жүру ережесін,

Білгенің жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың,

Сен өзіңді сау сақтап.


6- оқушы:

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.

Кідірме, абыржып онда сен,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.


7- оқушы:

Көшеде ортаға жеткенше,

Әуелі көзіңді сал сол жаққа.

Балақай, ортадан өткен соң,

Мойның бұр сол жақтан оң жаққа.


Мұғалім:

-Жарайсыңдар балалар, барлық өлеңдеріңді өте тамаша айттыңдар. Балалалар, жол жүру кезінде қандай ережелер болады екен?


1-оқушы:
Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.


2-оқушы:
Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.
 Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт


3-оқушы:
Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді. Жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.


4- оқушы:
Мектепке келе жатқанда, өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл, өткел тар болса, қарсы кездескен үлкен кісіге жол бер.


5-оқушы:
Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңа ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.


6-оқушы:

Аялдамада тұрған автомобиль, автобус, троллейбустің артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.




7-оқушы:

Тротуармен келе жатып, қақпадан көрінген машинаны байқасаң, өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.


8- оқушы:

Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе. Жер тайғақ болса, жолда абайла.



Мұғалім:


1.   . Мына белгі нені білдіреді? (Абайла,балалар!)

2.   Мына белгі нені білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады)


3. Сымға асылып,жүр асығып. ( троллейбус)


4. Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? ( алдан түсіп,арттан мінеді)

5. Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .

6. Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

 

«Суреттер сөйлейді»

-Ақпараттық – көрсеткіштік белгілер
-Ескерту белгілері
-Тыйым салатын белгілер
-Сервис белгілері
-Басымдылық белгілері
-Жол таңбалары
 


Ән: «Бағдаршам» Хор

Қорытынды: -Оқушылар жолда жүру ережесімен таныстырылды. Олай болса, оқушыларға айтарым, жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!