жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»
Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің қазақ тарихындағы алатын орнын, құндылығын оқушылардың сана-сезіміне сіңірту.
Сабақтың
тәрбиелігі: Жас ұрпақтың
бойында жоғарғы патриоттық сананы қалыптастыру, өз елі үшін мақтаныш сезімі, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен
конституциялық міндеттерді орындауға тәрбиелеу. – Еліміздің тәуелсіздік
алу жолындағы ата – бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға
желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға –
апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
– Оқушылардың туған өлкемізге деген
сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
– Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге,
шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта,
шарлар, түрлі жайма қағаздар.
- Сәлеметсіздер ме, балалар.Жаңа оқу жылы құтты болсын! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік жетістіктері» деп аталады.
Кіріспе
– Қазақстан Республикасының гимні.
Хор.
Мұғалім
сөзі
Тәуелсіздік
бізге оңай келмеді.
Жұртым
менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл
жолда,
Сан перзентін қара
жерге жерледі.
Мұғалім
сөзі
1986 жылы 16 – желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу
басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден
еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік
керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік
дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды.
Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз
елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға
«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды.
Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол
Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан
оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан
болды.
«Ой ашар» сұрақ – жауап
әдісі
– Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
– Біздің Отанымыз -….
– Біз қай ұлтпыз?
– Қандай Республикамыз?
– Біздің ана тіліміз қандай тіл?
– Елбасымыз кім?
– Балалар, біз қандай елміз?
– Қай жылы тәуелсіздік алдық?
– Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
– Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап
шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)
1-оқушы
Қазақстан Республикасының Гимні – бірлікке, ынтымаққа, достыққа
қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін
қорғауға шақырады.
2-оқушы
Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан
қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында
өрнегі бар.
3-оқушы
Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай – ақ аңызға
айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік
самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.
4-оқушы
Уақыт өте келе Еділ мен Ертістің арасындағы далалық алқапта көшпелі империялардың ұрпақтары қазақ деген біртұтас халыққа бірікті.Қзақ хандығы құрылып,Керей мен Жәнібек ,Қасым мен Хақназар,есім мен Тәуке,т.б. хандар Дешті Қыпшақтың қуатты әміршілері болды.
Алайда тағдырдың талабымен қазақ елі дербестігінен айырылып,қазақ жерінің Ресей империясының құрамына енді.Тәуелсіздікті қайтадан қалпына келтіремін деген «Алаш» зиялыларының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады,1930-жылдардан бастап,тоталитарлық жүйе халықтың тілі мен өмір салтына ,тарихы мен мәдениетіне орасан зор зиянын тигізді.
Бірақ 16млн.халқы бар көп ұлтты Қазақстан мемлекеті 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін қайта жариялады.Дәл осы күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы » Заң қабылдады.Заңның бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.Ол өзінің жеріне,ұлттық табысына жоғары иелік ету құқығы бар,тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді,басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды»,-деп көрсетілді.
5- оқушы
«Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды,олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады.Республика азаматтары өздерінің ұлтына,ұстайтын дініне,қандай қоғамдық бірлестікке жататынына ,тегіне,әлеуметтік және мүліктік жағдайына,шұғылданатын қызметіне,тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар иеленіп,бірдей міндеткерлікте болады » ,-делінген.Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы екендігі, Республика азаматтарының әскери міндетін өтеу,оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп 1991 жылы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы дайындылды. Облыстардың, қалалардың жане аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді.
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің
ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия,сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шет елдік елшілік пен миссия , халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ, мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
6-оқушы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында келелі міндеттер тұрды .
Олар елдің ішкі жағдайында егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық эканомикаға көшу , көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану . Ал, сыртқы саясаттағы басты міндеттер – Қазақстаның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып,алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау,әлемде бейбітшілікті сақтай отырып , ядролық соғысты болғызбау . Республика халқының ерік-жігері осындай аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды .
Міне, осылайша іргемізді бекітіп , эканомикалық дамуымызды айқындап , заң шығарушы және атқарушы биліктің жұмысын қалыпқа түсіргеннен кейін , біз рухани құндылықтарымызды түгендеуге мүмкіндік алдық.
Ең әуелі, туған тілімізді түлеттік. Егер 1990-1991 жылдары республикамызда қазақ тілінде оқытатын 2768 мектеп болса ,2005 жылы олардың саны 3700 ге дейін жетті . Соның нәтижесінде республика мектептерінде қазақша оқитын балалардың үлесі 60 пайызға дейін көтерілді . Қазақ тілінде білім беретін жоғары оқу орындарының саны арта түсуде .
Қазір Қазақстанның 14 облысының біреуінде іс-қағаздарын жүргізу қазақ тіліне көшірілді.
7- оқушы Ең бастысы, елімізде қазақ халқының үлес салмағы артты. Егер 1989 жылы республикадағы қазақтардың үлесі 40 пайызға жетер-жетпес болса , қазір бұл көрсеткіш 58 пайызға жетті. Қандастарымыздың мемлекеттік қызметтегі үлес салмағы 80 пайызға көтерілді . Әрине , бұл салада қолға алатын істер әлі де баршылық , бірақ қол жеткізген нәтижелеріміз де ауыз толтырып айтарлықтай.
8- оқушы Дінімізді дамытуға бар мүмкіндікті жасадық. Тек тәуелсіздік алған жылдары республика бойынша 2000 нан астам мешіт салынып, көптеген медреселер ашылды. Орталық Азиядағы жалғыз «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениті университетін ашып, жоғары білімді діни мамандар даярлау ісін жолға қойдық. Дін-ұстараның жүзіндей өткір ұғым, ал Қазақстан көп ұлтты ғана емес ,көп дінді мемлекет.
Сондықтан ел іші тыныш болуы үшін дінаралық татулық саясатын берік ұстанып, жер жаһандағы алуан түрлі дін өкілдерінің басын қосқан әлемдік діндер басшыларының алғашқы сьезі өткізілді. Қазақстанның халықаралық дәрежедегі беделі артты.
9- оқушы Ұлтттық мәдениетімізді қайта түлетіп, «Мәдени мұра » мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Бұл бағдарлама бойынша қазақ жеріндегі барша тарихи, мәдени ескерткіштер қалпына келтіріліп, халқымыздың аса бай ауыз әдебиеті, мәдени және музыкалық мұрасы жүздеген том болып жарық көруде.
Біз тәуелсіздікті жариялаумен қоса, оны қорғау қажет екенін ұмытпадық. Мемлекет қауіпсіздігін жүйелеп құрып, өз әскеріміз жасақталды. Оны нығайтып, қазақтан қолбасшылар, офицерлер дайындау алғаш рет қолға алынды. Осының бәрі тәуелсіздіктің арқасы.
10-оқушы Қазақстан Республикасының 2010жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, Астана Саммитінің өтуі мемлекетіміздің халықаралық деңгейдегі мәртебесінің жоғары көтерілуі болып табылады. Мемлекеттің мемлекеттілігі оның өз тағдырына қатысты ең маңызды мәселелерді өз бетінше шеше алуынан танылуға тиіс. Еуразия жүрегіне, қазақ жерінің кіндгіне Ақордасын тіккен Астана-Қазақ елінің өз қалауымен жасаған дербес таңдауы. Бұл қазақтың осы бір құйқалы өңіріндегі ұлттық дәстүрді, тілді, өнерді,әдетті, әдепті шайылудан, жойылудан сақтап қалу үшін жасалды.
1-оқушы Ел астанасы Арқа төсіне ауысқалы бері мемлекетіміздің өмірінде жаңа белес-жасампаздық белесі басталды. Астана құрылысы бүкіл еліміз астанаға қарай бой түзеуде . Барлық облыс орталықтарындағы құрылыс қарқыны көңіл қуантып, көз сүйсінтеді. Астананың күн өткен сайын артып барады дей аламыз. Қазақ мемлекетінің астанасын елдің ортасына алып бару, елордаға қай өңірден де бірдей жететіндей ету идеясы тәуелсіздіктен кейінгі ұлы мақсат-мұраттардың біріне айналды. Ендігі жерде жер бетіндегі барша қазақтың назарында тұратын, қазақтың асқақ рухы сән-салтанат құратын бас қаламыз Астана!
2- оқушы Қазақстан бүгінде тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуіне өзімізбен бірге түскен елдердің маңдай алдында . Ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы көлемі жөнінен Тәуелсіз мемлекеттер Достастығындағы талай елдер бізбен салыстаруға да келмейді. Соңғы төрт жылда жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 50 пайызға жуық артқаны-біздегі жасампаздық жұмыстың жарқын жемісі. Бұл заман –тек күштіні, бірлікті мойындаған заман. Бұл заманда әлем тек экономикалық жағынан мықты, ішкі тұтастығы берік, ауыз-бірлігі күшті мемлекеттермен ғана санасады. Қазақстан қазір әлем санасатын, әлем сыйлайтын елге айналды.
Тұрағым Қазақстан-елді-мекен,
Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақтата желбіретем.
Түзлер елдің нұрлы болашағы,
Тек қана тәуелсіздік жол ашады.
Сырым батыр, Исатай Махамбеттер,
Күресіп өтті жаумен Кенесары.
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Қиындығын қазағымның әр қашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы,өзені,көлі бар.
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан- байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қаазақтың ұланымыз,еріміз.
Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың ғасыр тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді,айта бергім.
Тәуелсіздік-менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар,Абай,Шоқаным,
Тәуелсіздік-сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік-ақ батасы атаның.
Тәуелсіздік,Тәуелсіздік-жыр-әнім,
Көк байрағым,Елтаңба,Әнұраным.
Атыңнан айналайын Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным.
Менің елім-Қазақстан,жүрегім,
Тек өзіңсің,Отан ана тірегім.
Аман болсын елім ,жерім,ұрпақтар,
Тәңірден осы менің тілерім.
Менің елім-Қазақстан,Отаным,
Жырлар жазып,өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,
Арта берсің абыройың,атағың.
Жаса елім,жаса достық.бірлікпен
Көштн қалма,қалма және тірліктен.
Елім менің-Қазақстан,Отаным
Алға өрле үшінші мың жылдықпен.
Республикам менің!
Тұлпардың беріп тынысын,
Кемел болсын ұлы ісің!
Орнасын ұлы даламда
Ынтымақ пен ырысың!
Егемендігім елдігім,
Баянды болсын теңдігің!
Дәуірдің күрестерінде
Үзілмесін белдігің !
Дарытпай бойға кеселді,
Шайқалтпай күміс кесеңді,
Әділдік жолмен алып қал
Тарихта кеткен есеңді.
Тамырын жайған тереңге
Төзімнің ұқсап еменге,
Тамсанып тұрсын өзге жұрт
Қазақтың елі дегенде!
Қорытынды:
Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз- Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын , абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын , білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар,яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет.ХХІ-ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай,қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық,әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін,елдігі мен еңбегін баянды еткей!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген