400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Келешегі кемел-Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген құрмет сезімін арттыруға, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру,"Мәңгілік ел"идеясын саналарына қалыптастыра отырып, потриатизмге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып

11

Тақырыбы

Келешегі кемел Қазақстан

Мақсаты

Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген құрмет сезімін арттыруға, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру,"Мәңгілік ел"идеясын саналарына қалыптастыра отырып, потриатизмге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже


Білу.Оқушылардың бойында Қазақстанның қарқынды даму тарихы туралы танымдары қалыптасады. Ұлттық сана сезімі, саяси сауаттылығы оянады.

Қолдану. Сабақ соңында әр оқушы "Мәңгілік ел"идеясы туралы кең көлемде мағлұмат алып, оны басқа пәндерде,өмірлік іс-тәжірибесінде пайдаланады,топта бірлесе жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.

Бағалау. Өзін – өзі бағалауды үйренеді.

Әдіс-тәсілдер

Дейін-кейін стратегиясы, Ой қозғау , Мағынаны тану стратегиясы,АКТ, СТО, топтық жұмыс.

Ресурстар

Интернеттен қосымша материалдар

Қолданылған құралдар:

А4 парағы, АКТ, маркер, түрлі-түсті қағаздар, суреттер,

Тәрбие сағатының барысы


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Уақыт

1












Жағымды психологиялық ахуал туғызу.Оқушыларға қағаз таратылады, олар есімдерін және өздерінің айналысатын сүйікті ісін сурет арқылы бейнелейді. Шарты: Оқушылар шеңбер ішінде бір-біріне қарап, сүйікті ісі туралы айтады.



Есімдерін жазып, сурет салады



Мұғалім мен сыныптастарына сүйікті ісі туралы айтады

3 мин



2






Топ құру: Парақшадағы әріптерді біріктіру арқылы 3 топқа бөлу"Нұр,"Күн","Бақ"

Дейін-кейін стратегиясы:Оқушыларға Қазақстан тақырыбы бойынша не білетіндерін жазу тапсырылады.





Оқушылар үлестірілген ақ қағаздың «дейін» бағанасына берілген тақырып туралы не білетінін жазады.

7мин

3






Ой қозғау

«Мәңгілік Ел» . Видеоролик

1.Қалай ойлайсыздар сіздер мына көріністен қандай іс-әрекетті байқадыңыздар?

2.Идея дегенімізді қалай түсінесіздер?

Бостандық, еркіндік, тәуелсіздік – асыл арман. Оған жетудің жолы әрқилы. Негізгісі екеу. Бірі – күрес жолы, екіншісі келісім жолы. Ал тәуелсіздікке қол жеткізген соң оны сақтап қалу, одан да қиын. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ел ішінде алауыздық болмау керек. Ал, ол үшін халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат – мұрат керек.

Ұлттық идея - халық мұраты. Бұл бiр көптен көтерiлiп жүрген тақырып.

Идея – грек сөзi, образ, ұғым, түсiнiк мағыналарында қолданылады. Атқаратын мiндетiне қарай идея алуан-алуан қырымен көзге түседi. Мәселен, бiрде ол сырт дүниенi бейнелейтiн қоғамдық сананың пiшiнi болса, ендi бiрде адамның басты сенiмi орнына жүредi.

Әрбір тарихи даму кезеңінде өзіндік идеясы болмайтын ұлт жоқ және де кең ауқымды адамдар тобының санасы мен жүрегін жаулап алуда ешбір идея тиімділігі жағынан ұлттық идеямен теңдесе алмайтыны анық. Елбасының халыққа "Мәңгілік ел жолдауынан:«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент.

Қазіргі уақытта Мәңгілік Ел болу үшін азаматтарымыз (әсіресе жастар) білім, ғылыммен мықты қаруланған болуы қажет. Себебі, кез келген мемлекеттің басты байлығы ол халқы, адам капиталы. Сондықтан Мәңгілік Ел болу үшін әр азаматымыз осы бағытта жұмыс жасауы керек.



Оқушылар интертақтадағы Видеороликке зейін аударады



Сұрақтарға жауап береді

Пікір алмасады





8мин














5

Мағынаны тану стратегиясы:

Интертақтадағы слайдқа қарауды ұсынамын

Слайд-1

Қазақстан -кеше,бүгін және ертең

Сіздер мына слайдттан қандай ой түйіндер едіңіздер?

Тағы қандай жаңалықтар туралы өз ойларыңызды қосасыздар?


Оқушылар интертақтадағы слайдқа зейін аударады



Оқушылар слайдтарға қарап, өз ойларын білдіреді



8мин










7

Сергіту сәті

Оқушылар сергіту жаттығуын орындайды

"Жалқау сегіздік"

1 мин




8

Қолдану «Автобус аялдамасы»әдісі

Ұялы телефондарыңызды пайдалану арқылы берілген тапсырма бойынша жұмыс жасауларыңызға болады .

1-топ "ЭКСПО-2017"

2-топ "Жолдау-2030"

3-топ "Олимпиада "туралы жалпы мағлұмат беру .

Тапсырманың шарты бойынша үш топ та таратылып берілген парақтарға постер жасайды.Біткен соң бір –бірінің жұмыстарын қарап керекті сөздермен толықтыруларына болады артық сөздерді сызып тастауларына да болады

Оқушылар берілген тапсырманы толықтыру үшін ұялы телефондарын пайдаланып ақпарат жинап ,постер жасайды.

10мин


Талдау. Дейін-кейін стратегиясы

Оқушыларға сабақ барысында

Қазақстан тақырыбы бойынша не білгендері туралы жазуды ұсынамын.

Оқушылар үлестірілген ақ қағаздың «кейін» бағанына сабақ барысынан кейін тақырып туралы не білгені туралы жазады.




3мин







Бағалау«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды

стикерге өзіне ұнаған екі нәрсені және бір ұсыныс айту арқылы жұмыстарын бағалайды

2мин


Рефлексия кері байланыс

- Сабақтың ұнаған сәті;

  • Сабақтың қиын сәті;

  • Сабақтан алған әсері.

Оқушылар арасында кері байланыс орнайды ойларын жазады,айтады.

3 мин


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
2819
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі