400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Кітаптар мұны"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға методикалық көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Құмжарған орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Алдабергенова Мансия Каймуллиновна

Сабақтың тақырыбы: Кітап – сарқылмас рухани қазына.
Сабақтың мақсаты: 
а) Кітап – сарқылмас рухани қазына,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
ә) Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
б) Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың құрал-жабдықтары: Слайдтар, кітаптар.
Сабақтың барысы: 
1.Ұйымдастыру.2.Кіріспе.3.Әдеби-монтаж.4.Монолог.5. «Кітап қалай жасалады?» Көрініс.
6.Кітап – рухани қазынамыз.(Кітапханашы сөз сөйлейді)7. «Кітаптар мұңы» көрініс.
8. Кітап ұстау ережесі.9. «Оқушы мен кітап» көрініс. 10. «Кітап емханасы» көрініс.
11.Қожанасыр қоржыны(Тапсырмалар орындау) 12.Қорытынды.
2. Кіріспе.
Мұғалім сөзі: 
Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке,
Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың – рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте - деп ақын жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі –осы кітаптар. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес.
Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты.Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған XXI ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап.Ендеше кітап біздің рухани қазынамыз дей келе кезекті әдеби - монтажға береміз.
1Адамның досы – кітап, өмір кілті, 2. Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден. Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит, Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі. Оқысаң кітап сырын алып неден.
3.Кітапты оқымайды сыйламаған, 4. Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,
Білімге жанын жанып қинамаған. Өседі сол кітаптан бұлақ көктеп.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін, Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған. Береді білім нәрін кітап көктеп.
5. Кітаптар-бейне жапырақ, 6.Айдың шалқар кейде бір,
Жырлайтын сырын өмірдің. Кітапты тұнған көл дерсің.
Оқисың кейде жаттап ап, Ауадай қажет бейне бір,
Көтеріп күйін көңілдің. Татпасаң нәрін шөлдерсің.
7. Кетпейді ешбір жадымнан, 8.Достарға толы маңайым,
Мектепке бардық күз айы. Татулық тәтті бәрінен
Тастамай сені жадымнан, Ерекше сені санаймын

Қолтықтап жүрдім ұдайы. Құшақтап жүрдім әлі мен.

9.Елімізде атақты, 10.Бөбектерім оқы, ойна,
Ғалым ата не тапты? Оқу-білім саған пайда.
Бәрін, бәрін білесің Кітабыңның шетін жыртып,
Оқи берсең кітапты. Сияменен бояп қойма.
Мұғалім: Оқы талмай, түй санаңа ,
Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.
Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,
Бар білімді мен егемін санаңа - деп келесі кезекте «Кітап» монолог оқитын Бану
Мұғалім: Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дейсің.
Ауадай қажет бейне бұл,
Таппасаң нәрін шөлдерсің - деп келесі кезекте
«Кітап қалай жасалады?» көрініс. Орындайтындар:
Мұғалім: Кітаптарды таза етіп сақтаған,
Оқырманға бар білгенін ақтарған.
Аянбайды әрқашанда ел үшін,
Кітапханашы ел үмітін ақтаған.
«Кітап – рухани қазынамыз», - деп жатамыз.Сол қазынамызды қорғап, қастерлеп, қазіргі балалар әдебиеті туралы библиографиялық шолу жасау үшін мектебіміздің кітапханашысы Сабила апайға сөз береміз.(Кітапханашы сөз сөйлейді)
Мұғалім: Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп кеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңды болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар.Енді сол оқулықтардан көріністер көрейік.
Көрініс: «Кітаптар мұңы» Орындайтындар: Анель-автор, Азамат-ана тілі оқулығы, Жұпар -қазақ тілі оқулығы, Бану-математика кітабы, Дильназ- дүниетану кітабы.

Сахнаға сүйретіліп, аяқтарьін әрең басып Ана тілі мен Дүниетану шығады.
Дүниетану: (қайда келдім дегендей жан-жағына қарап сәл тұрады да, жанындағы көршісін түртеді).
- Ей, тірімісің өзің? Қайдан келдің?

Әдебиеттік оқу: Ойбай, мазамды алма. Бүйткен тіршілік құрысын! Мұнан да парақтарым дал-дұр болып, желмен бірге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы еді.
Дүниетану: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет? Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтык. Басынды көтер. Жөн сұрасайық, өзің кімсің? Сыртың бүп-бүтін ғой.
Әдебиеттік оқу:: (жер тірене әрең тұрып) Сыртымды қайтесің, сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін, Әдебиеттік оқу: окулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші
Қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырыстым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мынандай күйге түстім. Егер күтіп ұстаса, келер жылы мені екінші бала оқымас па еді? Іші -бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде-кем шығар.
Дүниетану: Мен дүниетану оқулығы боламын. Дүкенге түсісімен Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып мектеп босағасын аттағаныма қуанышты едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей-ак, Сотқарбай көзімді бакырайтып койып, суреттерімді ақ қағазға түсіре бастады. Көтеріп жүруге ауырсына ма, кейін өзіне керекті кейбір беттерімді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп, сілікпемді шығарды да тастап кетті.
Әдебиеттік оқу:: Әріптесім, канша айтқанмен Ана тілімін ғой, менің айтқаныма құлақсал. Бұл жерде кішкентайлар ғана емес, жоғарғы сынып оқушылары да кінәлі-ау!
Дүниетану: Дұрыс айтасың, Ана тілі. Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда да қой демеді ғой. Сондағы сылтауы "оқу жылы аяқталды", — дейді.
Әдебиеттік оқу:: Шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой. Ондай балалар да көп. Алайда, олардың бір кемшілігі, Адырбай мен Сотқарбай сияқты балаларға достық ақыл айта алмай келеді.
Ақырындап, аяғын санап басып, Математика келеді.
Математика: Екеуіңнін әңгімелеріңді сырттарыңнан естіп тұрдым. Мен де сендердін мұндастарың боламын.Ұқыпты оқушы туралы сөз қылдындар. Мен сендерге бір мысал айтайын. Менің өзім сияқты құрдасым болды, екеуіміз дүкенге бір күнде түстік. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық. Ондай баланың қолына бір күн түссен де арманың болмас шіркін! Кітабына шаң жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайырып бүктемейді, қағаз салып қояды, сызбайды, сия тамызбайды. Оның кітабы қыстан су жаңа күйінде шықты.
Әдебиеттік оқу:: Енді бізді не істер екен? Әлде жинап-жинап отқа тастар ма екен?
Дүниетану: Мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер.
Математика: Түптер! Түптесе, сені түптер. Ал түптеуге келмейтін бізді қайтеді? Көрмеймісің, көзге түсуге ұялып, бір түкпірде бұкпалап тұрғанымды.
Ана тілі: Пысықтығыңа қарағанда, есеп кітабы боларсың, бізден енді оқулық шықпайды.
Дүниетану: Әріптесім, отқа тамызық қылады деп ұнжырғаларың түспесін. Мен тарихты білсем, бізді жуып, тазартып, сиямыздан арылтып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Баспахана қайтадан кітап жасап шығарады.
Математика:(қуанып кетіп) "Олай болса , келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деп тілейік", — дейді.

Әдебиеттік оқу: Тілім барда, үнім жоқ, Дүниетану: Мен де бір сандық өзгеше,
Мені адам түсінген. Қолыңа алып жүрерсің.
Жүрегім бар, қаным жоқ, Мені ашып ақтарсаң,
Сөйлей туған ішімнен. Өткеніңді білерсің.
Математика: Амал, тәсіл әр түрлі, Бәрі бірігіп: Қойған жерінде жатамыз,
Қолдан қолға өтеді Қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатамыз.
Өмірдің талай мол сыры, Егер күтіп ұстасаң
Ішіме сиып кетеді. Үлкен алғыс айтамыз.
Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек
Сыр құямыз, нұр құямыз бойыңа..
Таза ұстап, оқы бізді қастерлеп
Бар білімді біз егеміз миыңа!

Мұғалім: Міне, балалар, арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз қарайтын балалар да кездеседі
Кітап ұстау ережесі: (Слайд арқылы түсіндіріледі)
Мұғалім: Кітап жинап, түптеймін, жыртылмасын,
Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.
Таза болсын беттері, кірлемесін,
Көрген кісі кітабың кір демесін - деп
«Кітап емханасы» көрінісін тамашалаңыздар.
Автор, Мұғалім, Дәрігер, Кітапханашы.
«Қожанасырдың қоржыны»(Қоржындағы сұрақтарға жауап беру)
Қорытынды: Мұғалім: Кітапхана - кітаптардың ордасы, Білсең кітап - нағыз жол басшы.
Біздің ғасыр білімділер ғасыры, Деп айтқанды Нұрсұлтандай Елбасы.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білу керек»,- деген еді. Олай болса, құрметті қонақтар, Ұстаздармен бірге отырып балаларыңыздың кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында жұмыс істейік. Кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көбейе берсін!





Кітаптар мұңы

Ертеңгіліктің мақсаты: оқушыларды кітапты күтіп ұстауға, кітапты кұрметтеуге үйрете отырып, кітаптың шығу, жасалу жолдарын білуге үйрету.
Көрнекілігі: кітаптың құрылысы, жасалу жолдары жайлы сызба, кітап көрмесі, кітап туралы жазылған канатты сөздер, ескі және жаңа окулыктардың көрмесі.
Жазылған қанатты сөздер: "Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге". (А. Құнанбаев).
"Кітап — ғасырларға жол шеккен акыл ескерткіш" (Давенаңд).
"Кітап маған тақтан да қымбат" (У. Шекспир).
1. Ұйымдастыру бөлімі. Сахна ескі кітаптар тастайтын мектеп қоймасындай безендіріледі. Әр жерге жыртылған пәндік окулыктардың суреті ілінеді.
Қойылымда пәндік оқулықтар бір-бірімен мұндасады, сондықтан әр "оқулықтын" өзінің атына сай киімі, өз сөзінің мәнері болады.
Қатысушылар: ана тілі, дүниетану, математика пәндері.
Жүргізушы:  Ардақты жас достар! Бүгін біздің кітапханамызда білім бұлағы – кітап мерекесі. Кітаптар бейне жапырақ.      
Айдынды шалқар кейде бір,
Жырлайтын сырын өмірдің,    
Кітапты тұнған көл дерсің,
Оқисың кейде жатып ап,      
Ауадай қажет бейне бұл
Көтеріп күйін көңілдің.
Татпасаң нәрін шөлдерсің! Өмірдегі ең жаксы кеңесшің — кітап. Сондықтан да қолдарыңдағы оқулықтарынды сүйіңдер. Кітаптың жаны жоқ болғанымен тілі бар.Ол өзін аялауды, күтіп ұстауды қажет етеді. Нашар окитын оқушылардың қолына түскен мына оқулықтардың мұңын тыңдап көрейікші.
Бастаушы: Міне, балалар, таза, күтіп ұстамаған кітаптардын мұңын тындадыңдар. Сендердің алдарыңда елеулі бір мақсаттарың бар. Ол — оқу, үйрену. Оқу мен жазуға үйрететін ол сендердің — оқулықтарың.
Сол оқулықтарыңды таза, күтіп ұстандар. Ол сендерді талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды.





















Құмжарған орта мектебі













Shape1



Ашық тәрбие сағаты 2 - класс



















Алдабергенова Мансия Каймуллиновна

2012-2013 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
2596
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі