15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Мәңгілік ел-Тәуелсіздік пен Астана" 2сынып
МенАшық тәрбие сағатының тақырыбы: «Мәңгілік ел-Тәуелсіздік пен Астана!»
Ашық тәрбие сағатының мақсаты:Мәңгілік ел идеясының маңызын түсіну. Отанын сүюге,бірлікке,ел тарихын білуге,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Ашық тәрбие сағатының көрнекілігі:Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны,Н.Ә. Назарбаевтың суреті.
Ашық тәрбие сағатының барысы:
-Армысыздар,құрметті ұстаздар қауымы және оқушылар! «Мәңгілік ел –Тәуелсіздік пен Астана!» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Қазақстан-туған елім байтағым
Қашан үнім таусылғанша айтамын
Қарсы аламын ән ұранмен әуелеп
Қазағымнын алтын арай,әр таңын
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
2014 жылдың 17ші қаңтарында Қазақстан Республикасының призиденті
Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын жолданды. 2050жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария етті.Басты мақсаты –Қазақстанның ең дамыған30 мемлекеттің қатарына қосылуы еді .Ол «Мәңгілік –Қазақстан» жобасы.
«Мәңгілік ел-менің елім» слайдтары
Елбасының «Қазақстан-2050:бір,мақсат,бір мүдде,бір болашақ»атты халыққа жолдауы.
Асылзат :Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол-арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын әлем картасынан ойып тұрып орын алатынТәуелсіз мемлекет атану еді.Ол арман тұрмысы бақуатты,түтіні түзу ұшқан,ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.Мәңгілік елдің ірге тасын қаладық.
Сырым:Мен қоғамда,Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?-деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін.Біз үшін болашағымызға бағдар ететін ұлтты,ұйыстырып,ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.Ол-Мәңгілік ел идеясы.
Ақгүл:Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі-Мәңгілік ел ордамызды тұрғыздық.
Расул:Ендігі ұрпақ мәңгілік қазақтың перзенті.Ендеше қазақ елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік ел!
Мәңгілік елдің ұландары өз Отандары жайлы жыр шумақтарын жырлайды.
Ақниет:Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман,жасыл жайлау,көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан-елім менің
Сымбат:Қасиетті Қазақстаным-мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім,жерім,Отаным-бақ-дәулетім
Болашағым,өнер-білім,өркенім
Аңсар:Жарқын жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк айтып кеткендейөсиет
«Қазақ елі-Мәңгілік ел» боп қаламыз
Ән: «Егемен ел Қазақстан»
Орындайтындар:Тұрмахан С.Танабаева А.Бекенова А.
Көрініс: «Ата өсиеті»
Әнімізді жырымызды тыңдап
Ерлігімізге тірлігімізге қарап
Тұқымымызды ғұрпымызды көріп
Өзімізді,сөзімізді тыңдап
Оқушылар хормен: «Бұл қазақ»-дейді
Мадияр:Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Мен- қазақпын,жаныммен,жүрегіммен,
Еңбек өмір,ер өмір,жыр өмірмен
Алабөтен болмаймын өзгелерден
Өзгемен бірөзім боп жүремін мен
Қазақ елінің жүрегі,Тәуелсіздігіміздің тірегі-ол Астана
Сымбат:Жаса,жаса Астанам,
Өркен жая бастаған.
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған
Заман жаңа,ел жаңа
Күлімдейді кең дала
Өз Астанам өз ордам
Сүйенерім сен ғана!
Жасмин:Ел ордам менің-Астанам,
Астанам менің бас қалам.
Зәулім-зәулім үйлер көп
Өркендеген-Астанам
Арайлы таң Астанам
,Бір өзіңмен мақтанам
Есіл өзен бойымен,
Көркейген менің жас қалам.
Астана қаласының тарихы туралы видео қосылады
Миға шабуыл. «Ойлы болсаң озып көр»
Сұрақтар :
1Қазақстан егемендігін қайжылы алды?
2Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар.
3Призидент күні қай күні тойланады?
4Астана рәмізі «Бәйтерек» не себептен 97 метр?
5Қазақстаннан ең алғаш қарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім?
6Мәңгілік ел идеясы кімнің идеясы?
7Ән ұранның авторы кім?
8Бас қаламыз Алматыдан Ақмолаға қай жылы көшірілді? Ақмолаға Астана деген атау қай жылы берілді?
9Қазақстанның Ұлттық теңгесі қай күні айналымға еңгізілді?
10Н.Назарбаевқа берілген атақ? (Ғасыр адамы)
Өз елдеріне арналған жыр шумақтарын оқушылар әрі қарай жалғастырады.
Тақпақтар.
Ән «Жаса Қазақстан» орындайтын Жунусов Б.
Тәуелсіз Қазақстанға ақ тілек Мына сөздерді пайдаланып болашаққа тілектерімізді айтайық (Елбасы,Астана,Қазақстан,Мәңгілікел,ұл,қыз,тіл,
Жастар)
1)Заманымыз тыныш болсын!
2)Елбасымыз аман болсын!
3)Ата заңымыз айбынды болсын!
4)Ұлдарымыз айбатты,қыздарымыз салмақты болсын!
5)Қазақстан жасай барсін!
6)Тіліміздің мәртебесі өсе берсін!
7)Мектебіміз заман талабына сай білім ордасына айналсын!
8)Астана мәңгілік ел орда болсын!
9) Қазақстан Мәңгілік ел болсын!
Жарқын жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін еңбектен қуат табымыз.
«Қазақ елі –Мәңгілік ел» боп қаламыз.
«Мәңгілік елі-Тәуелсіздік пен Астана» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
Қош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген