Тақырыбы: "Мейірім бастауы – жылы сөз"
Ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Іс-шара түрі: ашық тәрбие сағаты
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап,әңгімелеу.
Көрнекі құралдар: слайд
Барысы:
Мұғалім:
-Саламатсыздар ма құрметті оқушылар !Бүгінгі біздің тақырыбы: «Мейірім бастауы – жылы сөз» . Адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.
Абайдың 14 қара сөзімен таныстыру: Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та - жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптен атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау - ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры - әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз.
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атап өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды , рақымшыл, жылы жүректі.
Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
— Адамзат ненің,кімнің мейіріміне бөленген?
— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
1.«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
2. «Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)
Мейірімділік шуағы: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, бірлік жарастық, махаббат, шыдамды, рақымшыл, ынтымақ , бауырмалдық, жылы жүректі , сүйіспеншілік, қамқорлық, достық.
3. «Мейірімділік» өлеңін оқу:
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
4. «Сары тауық және балапан» әңгімесімен таныстыру
Сұрақтар:
1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
3. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?(балалар жауабы)
-Сары тауық өзінің бойында бар, қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті?
Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай жағымсыз
қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды себетке саламыз.
5. «Болады-болмайды» тренингі
(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш реет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)
-Мейірімді болуға ….(болады),
Кешірімді болуға …. (болады),
Қатыгез болуға….(болмайды),
Тәртіпті болуға …. (болады),
Әдепті болуға ….(болады),
Ұрысқақ болуға…. (болмайды),
Сыпайы болуға ….(болады),
Қайырымды болуға …. (болады),
Бұзық болуға …. (болмайды),
Бауырмал болуға …. (болады),
Ақылды болуға …..(болады),
Мақтаншақ болуға …. (болмайды),
Шыншыл болуға….(болады),
Арам болуға …. (болмайды),
Маман болуға ….(болады),
Жаман болуға…. (болмайды),
Мұғалім:
-Балалар жаңа өздерің көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал,
қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды,
мейірімді болуды кім үйретеді?(оқушылар жауабы)
— Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам?
Ана: Кішіпейіл, мейірімді,бауырмал, сыпайы, кешірімді, әдепті, жақсы, жанашыр.
Ана — халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші — Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.
6. Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек.
Күлімдеген ….мейірімді. (күн) Кіршіксіз ақ …. мейірімді! (қар)
Таза мөлдір…. мейірімді! (су) Бәрімізді көтеріп түрған …. мейірімді! (жер)
Аяулы …. мейірімді! (анам) Қадірлі …. мейірімді! (әкем)
Әлпештеген ….мейірімді! (әжем) Еркелеткен …. мейірімді! (атам)
Жылы жүзді ….мейірімді! (ұстазым) Тату-тәтті …. мейірімді! (достарым)
Жағдаяттарды шешу:
7. 1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?
4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
Мұғалім:
-Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз.
8. Қорытынды: -Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер? Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер? (оқушылар жауабы)
-Дұрыс балалар, адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға,бауырларына мейірімділік таныта білуі керек.
"Мейірім бастауы – жылы сөз" атты челлендж өту барысы
1.«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер?
Ауызша жауап беріледі.
2. «Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру
Мейірімді сөзіне сай, жылы сөздермен толықтыру.
3. Мейірімділік өлең оқу
4.«Сары тауық және балапан» әңгімесімен таныстыру.
Күздің алғашқы айы. Сары тауық балапандарын ертіп, шегіртке қуып, ауылдан ұзап кеткен. Шайдай ашық күн аяқ астынан бұзылды. Аспанды қара түнек бұлт басты. Жарқ-жұрқ етіп найзағай ойнады. Жаңбыр құйып кетті. Сары тауық балапандарымен суық жаңбырдың астында қалды. Асыққанмен мекеніне жете алатын емес. Балапандар қара қанаттанбаған. Жылы жүні әлі шықпаған балғын. Сары тауық қатты састы. Балапандарымды ауыртып аламын ғой деп қауіптенді.
Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай, сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп, бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда, бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келді. Ана оны сыртқа теппеді.
— Оны неге шығармайсыз? — деп сұрады бір ақ балапан.
— Ол тым жас.
— Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
— Ол сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, бұның орнына кім барады? — деп сұрады анасы.
— Мен, — деді тұңғышы.
— Мен барайын! — деді оған тетелесі.
— Кезекті маған беріңіз! — деді онан кішісі.
— Мен қалам ба сонда? — деді алғаш қарсылық білдірген ақ балапан.
— Қатеңді түсініпсің, сенің барғаның жөн! — деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.
Сары тауық су
өтіп, қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген
ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады. Сары тауық балапандарым
жылынсын дегендей, азық іздеп жүгіре
жөнелді.
Сұрақтар қойылады , жауаптар балапан және себетіне жабыстырылады. Сөздер дайын шығарылу керек.
5. «Болады-болмайды» тренингі. Шеңберде шапалақтау арқылы.
6. Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» Толықтыру. Ақ параққа шығарылып тақтаға ілінеді, сол жерге толықтыру енгізіледі.
7. Жағдаяттарды шешу. Балаларға сұрақ ретінде қою.
«Мейірімділік ағашын» өсіру, тақтаға ағаш және жапырақтары.
8. Қорытынды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты Мейірім бастауы-жылы сөз 6 сынып

шағым қалдыра аласыз