15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Мемлекеттік рәміздер"
«Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы
Пролог:
Жүргізуші 1:
Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді Ту болмады дегенге.
Мазмұнына өрнегі жарасқан, Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, салтанатты жиынымызға Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін!
Жүргізуші 2:
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер Әнұран.
Бүгінгі күні «Жұлдызды 25 күн» ұранымен Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ұйымдастырып отырған «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы» атты мерекелік концертімізді ашық деп жариялаймыз.
Әнұран орындалады.
Жүргізуші1:
Бірінші сөз кезегі аудан әкімі беріледі.
Жүргізуші 2:
Бірінші сөз кезегі аудан әкімінің орынбасары Жанбаев Берік Амантайұлына беріледі.
Жүргізуші 1:
Сөз кезегі Целиноград ауданының ішкі саясат басқармасының бастығы Байдильдина Жанар Еркенқызына беріледі.
Марапаттау:
ҚР Тәуелсіздігімен бірге туып, өсіп келе жатқан жас ұлан Утеулин Ертан 25 жасқа толу мерейтойымен, әрі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойымен баршамыз құттықтаймыз.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еліміздің әлеуметтік, экономикалық дамуына жоғарығы кәсіптік шеберлігімен зор еңбектер сіңіргені үшін - алғыс хаттармен марапатталады.
Жүргізуші 1:
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
Жүргізуші 2:
Тәуелсіздік – біздің ең басты бақытымыз. 1991 жылғы 16 желтоқсан - оның тарихындағы ұлы күн. Сол күні Қазақстан өзінің Тәуелсізідігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті. Еліміз егемен мемлекет болды. Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. Оның көгілдір туы Нью-Йорктегі әлем елдері туының арасында желбіреп тұр. Мемлекеттік Әнұранымыз дүние жүзінің әр жерінде қазақ тілінде шырқалады.
Қазақстан: Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты.
Би «Ата толғауы»,
Жүргізуші 1:
Мемлекеттік ту – зерең көк түсті, тікбұрыш мата. Ені ұзындығының жартысына тең. Ортасына жан-жағына нұрын шашқан күн бейнесі мен қанатын қағып самғап келе жатқан қыран бүркіт суреті салынған, ал тудың сабын бойлай тігінен алтын зерлі ұлттық өрнек тартылған. Зерең көк түс тудың негізгі нышандық белгісі ретінде бекер таңдалмаған. Ол адалдық, тазалық және сенім деген ұғымдарды білдіреді. Бұл киелі түс – бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әманда тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған ашық аспанды еске салатын реңк. Аспан көк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады.
Жүргізуші 2:
ТудағыКүнбейнесі – байлық пен берекебелгісі. Оныңграфикалықкөрінісіне айналғаншеңбер – адамзаттіршілігінің, өмірдің символы.
Қыранбүркіт – биліктің, көрегендік пен дархандықтыңнышаны. Қыранбүркіт образы қазақхалқыныңұлттықдүниетанымындаеркіндік, ерлік, жандүниекеңдігі, асылмұрат, жүректазылығысияқтыадамгершілікасылұғымдарменастасыпжатады.
Әдеби монтаж
Ән: «Өз елім», Орындайтын Күнтуар Балгин.
1-оқушы - СериковаЖұлдыз
Қазақедіктүбітереңкәріемен,
Тарихыңныңбәрідастан, бәріөлең.
Бодандықтанбордайтозыпкелгенде,
Замантуыпмойындады бар әлем.
Азатбүгінбайлыққатұнғанжерім,
Азапжүгін, ел жауынқуғанері.
Әділетпен бірліккежанынқиып,
Әділөткенбилердіңтуғанжері.
Қазақжері- қонақжайтөрелержері,
Қазақелі- қасқақпайерлерелі.
Елікедейболмаған-жерібайтақ,
Едігелі, Бабырдайшерлержері.
Қазақжерікөпшеккенқасіретті,
Қазақжеріөнерлі, қасиетті,
Қазақдейтінхалқымыз.
Өзгеұлттайбіздің де
Бар дәстүр мен салтымыз,
ЕгипеттібилегенБейбарстай,
Елітекті, киеліқасиетті.
Жүргізуші 1:
Матасықандай, матасыкөктүстердентаңдалған,
Қазақтыңою-өрнегі, қыраныжәнесамғаған.
Күнкүлімдеп, әлемгетөгіптұрғанарай-нұр,
Туымдыменіңкөргендер, қызығақараптаңданған.
Жүргізуші 2:
«ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнау», Оқитын №27 Оразақ орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Бекзат Смаилов
Жүргізуші 2:
ҚазақстанРеспубликасыныңЕлтаңбасыдәстүрлішеңбернысанынаие. Осы шындыққажақыннысанкөшпелілерүшінүлкенмәнгеиеболды. Бұлуақыттыңмәңгілікжәнезайырлыкезеңі, табиғаттағыөмірайналымыныңнышаны. Қазақстанелтаңбасыныңнегізгіидеясынбейнелейтін, орталық элемент киізүйдіңкүмбезінкөмкеретіндөңгелек - шаңырақболыптабылады.
Жүргізуші 1:
Елтаңбадабейнеленгентүндік – бейбітшілікаспанындағышуақтыкүндіелестетеді. Күмбездіксырықтар – уықтарелтаңбаныңкөгілдіралаңыбойыншаортасынатеңорналасқан, күнсәулесі - тіршіліккөзі мен жылуынескетүсіреді. ЖобаавторларыЖандарбекМелібеков пен Шота Уәлихановкиізүйдіңжылжымалыторлынегізі – керегесінбейнелеупроблемасыншешеалды. Шаңырақтыңүштіккүлдіреуішіоныңберіктігінқамтамасызететін, үшжүздіңбірлігінбілдіреді. Осылайша, авторлар геральдика тіліменқазақтардыңбейбітөмірінбейнеледі. Қазақстанелтаңбасыжұмбақ, бірақтүсініктітілменреспубликаныңбарлықхалқынбіршаңыраққажиналуына, біздіңортақүйіміз – Қазақстандыберікқуаттыболыпқалыптастыруғашақырады.
Тақпақ «Елтаңба» -
Шөмішбай Сариев- «Қазақ елі», , орындайтын: Есімхан Назерке.
Жүргізуші 2:
ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекетікрәміздерініңбірі – Әнұран.
Сөзінжазғандар: ЖумекенНажимеденов, Нурсултан Назарбаев
Әні: ШәмшіКалдаяков. Әнұранмәтінінжаттапалып, салтанаттыжағдайлардақосылыпайту – әрбіразаматтыңпарызы.
«МеніңҚазақстаным» әніжазылғанкездеШ.Қалдаяқов 26 жаста, ЖұмекенНәжімеденов 21 жастаболған. Халқымыз осы әндізорсүйіспеншілікпеншырқап, өзқалауынбілдірді. ӘнұранРесмитүрде 2006 жылы 11 қаңтардаҚазақстанПрезидентінұлықтаурәсімікезіндеорындалды.
Тақпақ – «Әнұран»
Ән «Қазақстан» әні: , сөзі: , Орындайтын КүнтуарБалгин
2- оқушы – «Тәуелсіздік»
Өтіпедіңталайсынақ –азаптан,
Аттыақырыазатболыпғажаптаң,
Егемендікалып, ендітеңелген,
Бақытты ел бар маекенқазақтан,
Егеменболмай – ел болмас,
Етек-жеңікеңболмас,
Терезесітеңболмас,
Ендіқазақ кем болмас.
Білемжақсыеркіндіктің не екенін,
Ешкімге де тәуелсізбін, жекемін,
Иеболыпбайлығыма, жеріме
ӨркендесінтуғанжерімАтамекенім.
Жүргізуші 1:
Отан – әразаматтыңатамекені. Ел тарихын, өлкетарихын, ата-баба салт-дәстүрінзерделеп, оқып, оны қастерлейбілгеназаматқанабиікмәреденкөрінеріанық. «Мен, меніңөлкем, меніңОтаным, меніңәлемім» дегенпарасаттыкиелі ой әрқашанжандарыңызғасерікболсын!
Жүргізуші 2:
Ескендір Хасанғалиев, «Атамекен», Орындайтын Күнтуар Балгин.
Жүргізуші 2:
«Жұлдызды 25 күн» ұранымен Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ұйымдастырып отырған «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы» атты мерекелік концертімізді жабық деп жариялаймыз!
Әнұранайтылады.
Жүргізуші 1:
Мазмұнына өрнегі жарасқан, Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, салтанатты жиынымыздан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкетілсін!
Жүргізуші 2:
«Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы» атты мерекелік концертіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген