400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты «Мен - патриотпын»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен - патриотпын»

Мақсаты:

1.Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің  тарихын білуге тәрбиелеу.
2.Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.

3.Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу.

Түрі: пікірталас

Көрнекілігі: проектор, слайд, видео т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Мұғалім: – Балалар, бүгін қандай күн?

1-қыркүйек –білім күні. Білім күні-гүлденген, тәуелсіз еліміз Қазақстанның болашағының мейрамы. Бұл күн тек қана оқушылар мен ұстаздардың мерекесі ғана емес, сонымен қатар өз балаларынан өмірлерінің жалғасын, арман-мақсаттарының орындалып, олардың жарқын болашағын көруге үміттенген ата-аналардың да мейрамы. Сіздерге денсаулық, бақыт, оқушылар білім бәйгесінде тек биіктен көрінсін!

/Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны/

Кіріспе:

Жүргізуші:

- Қадірлі ата-аналар! Қымбатты оқушылар! «Мен - патриотпын» атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер!

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан – 2030» жолдауында  «Біздің балаларымыз-бен немерелеріміз бабалардың игі істерін, дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы, нарықтық экономика өркендеу үстіндегі, күллі әлемге, әйгілі әрі сыйлы, өз елімнің патриоттары болады» – деп нақты көрсетілген.

Патриотизм - ұғымының түп тамыры гректің «патрис» деген сөзінен шыққан. Ол қазақ тілінде – «Отан», «Атамекен» - деген мағынаны береді.

Патриот болу ол қиын нәрсе емес, өзіңнің тіліңмен, еліңмен мақтансаң, міне, сен патриотсың. Патриот болу тек қана ұлттық киім киіп немесе халық әндерін тыңдау емес, тіпті бұларды істемеуге де болады. Ең бастысы сен отанға адал қызмет етіп, еліңмен мақтанып жүрсең, бұның өзі отанға деген махаббатты білдіреді. /Бейне таспа көрсету/ 

Жүргізуші:

«Жібек жолы» іскерлік ойыны. /Ескерткіштер туралы постер қорғау/

Ән: «Көк тудың желбірегені».

Жүргізуші:

«Мәңгілік Ел» – республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламасы. Онда Қазақстанның барлық тұрғындарының басын біріктіретін құндылықтар туралы айтылады. Олар: теңдік, еңбекқорлық, әділдік, білімге құштарлық. Еліміздің сәтті  дамуы осы құндылықтарға  байланысты. Оларды сақтау Отанымыздың жарқын болашағы үшін керек.

Оқушы:

«Мәңгілік ел» – бұл біздің бірлігіміздің қуатының қайнар көзі.

Оқушы:

«Мәңгілік ел» – барша қазақстандықтарды біріктіретін Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.

Оқушы:

«Мәңгілік ел» – бұл атамекенімізге деген сүйіспеншіліктің белгісі.

Жүргізуші:

«Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі. /Шеберлердің бұйымдары туралы/

«Мұражай алаңы» /слайд-шоу, суреттер/

Жүргізуші:

-Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа буын, ертеңгі ел тізгінің ұстайтын азаматтарымыз патриот ұғымын қалай түсінер екен?

Назарларыңызға шағын түрде жүргізілген сауалнаманы ұсынамыз.

– Сен өзіңізді патриотпын деп айта аласың ба?

Оқушы:

Мен өзімді патриотпын деп есептеймін. Менің бұған дәлелім, кез келген жерде кез келген уақытта тек қазақ тілінде сөйлеймін.

Патриоттық деген еліне, туған жеріне деген  сүйіспеншілік, барлық ұлттық құндылықтарды құрметтеу болып табылады.

Оқушы:

Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс.  Мен  өз Отанымның патриотымын, өйткені, кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің өз Отаныма деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты.

Қорытынды:

Жүргізуші:

– Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің патриоты екендеріңді,  көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі, – деген екен.

-Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойыңдағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, құрмет тұтып, еліміздің нағыз патриоттары болатындарыңа сенімім мол.

Ән: «Атамекен».


















Оқушы:

«Мәңгілік ел» – бұл біздің бірлігіміздің қуатының қайнар көзі.





Оқушы:

«Мәңгілік ел» – барша қазақстандықтарды біріктіретін Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.




Оқушы:

«Мәңгілік ел» – бұл атамекенімізге деген сүйіспеншіліктің белгісі






Оқушы:

Мен өзімді патриотпын деп есептеймін. Менің бұған дәлелім, кез келген жерде кез келген уақытта тек қазақ тілінде сөйлеймін.

Патриоттық деген еліне, туған жеріне деген  сүйіспеншілік, барлық ұлттық құндылықтарды құрметтеу болып табылады.





Оқушы:

Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс.  Мен  өз Отанымның патриотымын, өйткені, кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің өз Отаныма деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі