400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Мен едім от жүректі Қасым ағаң!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің негізгі мақсатым жерлесіміз дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың өмірбаянымен таныса отырып, өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу, білім алушыларды патриоттыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен едім от жүректі Қасым ағаң!»

(Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 104 жылдығына арналған аймақтық әдеби-сазды кештің бағдарламасы)

/Сахнаны безендіру/

/Күй ойналып тұрады, слайд көрсетіледі/

Жүргізуші: Бұлбұлым, сайра кеудемде,

Бұлбұлым – менің жүрегім.

Көңілдің күйі келгенде

Ағыл да тегіл жыр едім.

Ағыттым ойдан ел үшін

Өлеңнің ерке өзенін, - деп ақынның өзі айтқандай, уақыттың сынынан сынбай, сүрінбей өткен, сымбаты бөлек, сырлы әлемнің сәулетшісі болып қала беретін, алаштың ақиық ақындарының бірі ғана емес, бірегейі – Қасым Аманжолов.


Жүргізуші: Біздің бүгінгі «Мен едім от жүректі Қасым ағаң!» атты әдеби–сазды кешіміз өр тұлғалы дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 104 жыл толуына арналады.


/Бейнепроектрдан слайдтар көрсетіліп, музыка ойнап тұрады/


Жүргізуші: Аманжолов Қасым Рақымжанұлы 1911 жылы қазан айының 10 жұлдызында Қарқаралы ауданы қазіргі Қасым Аманжолов селолық округіне қарасты Қызыл Көшен тауының етегінде Ақтайлақ өзенінің бойында дүниеге келген. Қаршадайынан жетім қалған Қасым тамаша табиғаттың қойнында өзінің жетімдігін елемей, өжет болып ер жетті.

Қасым өз сырын жеріне жеткізе, шыңына шығара, тұңғиық түбіне қопара айтқан ақын. Поэзияға ол өзгеше қарқындылық пен өткірлік, қайсарлық пен жайсаңдық әкелді. Осынысымен өзінен кейінгі барлық қазақ ақындарына әсер етті. Кейінгі қайсыбір тегеурінді ақындардан Қасым лебі сезіліп тұратыны содан.

Жыр сүйер қауым үшін Қасымның аққан жұлдыздай небәрі қырық үш жас ғұмыры, «Күніне жүз ойланып, мың толғанам, өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп», - тебіренген сұңқар даусы қалды құлағында.

Қасымның әкесі Рақымжан Аманжолұлы 1918 жылы 6-қаңтар күні 43 жасында қайтыс болса, Қасым сол доңыз жылы борандатып туып, 43 жыл өмір сүріп, ол да 43 жасында қайтпас сапарға кетті. Сағынсаң да, жыласаң да, қайтып оралмақ емес, тағдыр солай. Ендігі үміт Қасымның «Өзім туралы» деген өлеңінде айтқаны:

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,

Өкінем ұқсата алмай келемін деп.

Күніне мың ойланып, жүз толғанам,

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.

Қасымның азды – көпті жазған өлең – жырлары әдебиет саласынан орын алып, қазақ әдебиеті тарихына белгілі аты қалса, жұбайы, балалары, туыстары соны қанағат етеді де...


Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» әнін орындайтын өзіміздің жерлесіміз, дәстүрлі әнші Хордин Қанат Алпысұлы


Қасым жастарға арнаған бір өлеңінде:

Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,

Қараймын елесіңе мен таңырқап.

Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,

Көрпемді мен жатырмын қырда қымтап, - деген еді. Қасымның «мен таңырқап қараймын елесіңе» деген болжамы расталып, аз жылдың ішінде қанаттанып ұшқан жас сұңқарлар артынан қанат қағып ұшты. Қасымды көре қалған, одан тәлім – тәрбие алған көп-көп ізбасарларына - өмірлерің ұзақ, қаламдарың жүйрік болсын! – деген тілектеміз.


Ендеше келесі кезекте мектебіміздің оқушылары, Қасым атаның ұрпақтарының мәнерлеп оқуында Қасымның бірнеше жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар.

Мәнерлеп оқитындар: Мүси Мұстафа: «Атамекен», Мәукен Уміткер: «Жаз дидарлы жас ана», Малгаждар Науан: «Нар тәуекел», Төлеужан Аяна: «Қазақстан», Ернияз: «Жетпіс пен жеті»,


Мектебіміздің білім алушысы Советхан Айдананың орындауындағы Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.



Қасым 1943 жылы соғысқа аттанып бара жатқанда өзінің жастық шағы өткен Орал қаласының үстінен поезбен өткен екен. Сонда өзінің Оралы туралы былай жырлаған екен.


ӘН: «Жасдәурен» орындайтын жерлесіміз Малгаждар Спанұлы


Жүргізуші:

Маған неге өлең жазбайсың деп мүдіртуіңіз өте орынды. Жазу керек. Бірақ менің ынта зейінім Отан соғысының Ұлы күйін тыңдауға аударылғандықтан, ұсақ-түйек шығармаға алаң болғым келмейді. Сұрапыл соғыстың концерті біткен соң, поэзия ұясына қайта қонып, Отан соғысының ұлы хикаясын шындап бір шертсем деймін. Болашақ игілікті шығармалардың желісі жанымда тартылып жатыр- деген екен Қасым атамыз бір сөзінде. Сол сұрапыл соғыста жаумен айқасып жүріп бірнеше поэма мен өлеңдер жазған. Соның бірі «Үстімде сұр шинелім» өлеңі.


Өлеңді мәнерлеп оқитын 8-сынып оқушысы Тоғанбек Руслан


КҮЙ: «_________________________________________» орындайтындар саз мектебінің домбыра сынып мұғалімдері Қуат Болатұлы мен Дәулет Нұрланұлы


«Ақынның орындай алмай кеткен армандары көп еді. Мәселең, Сырбай Мәулен Қасым ақынды былай еске алады:

«...Ол арманшыл жан еді. Қайтыс боларынан жиырма күндей бұрын бір кіріп шыққанымда Қасым:

- Енді менің дәмімнің таусылатын уақыты жақындап қалған сияқты. Қанша өлмейін деп құлшынсам да ауру, шіркін, күннен – күнге жанға батып, меңдетіп барады. Өлім үшін өкінбеймін. Өйткені, екінің бірі өледі ғой. Бірақ, кеудемде орындалмаған ойым, жүзеге аспаған қиялдарым бірге кетіп бара жатқанына өкінемін. Үш нәрсені армандап бұл дүниеден мәңгілік аттанып бара жатырмын. Оның біріншісі – Абайдан асамын ба деп едім, аса алмай бара жатырмын. Екіншісі – қазақтың «Евгений Онегинін» жазамын ба деп едім, оған да ажал шіркін жеткізбейтін түрі бар... Үшіншісі – көшеге шыққанын бүкіл Париж аңдып тұратын Виктор Гюгоның құрметтелгеніндей қошеметке бөленсем бе деп едім, бұл да арман болып қара жерге менімен бірге көмілетін болды, - деді. Міне, Қасым осындай армандарын тірлігінде орындай алмай қырықтан жаңа ғана қылтиып аса бергенінде қыршын кетті».


10-сынып оқушысы Марат Фаризаның мәнерлеп оқуында «Ақын арманы» өлеңін тамашалаңыздар



Қасым қазақтың айтулы ақыны. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»-демекші, ұлы ақынның есімі әр жыл сайын жерлестері еске алып жатады. Ақынның биылғы 104 жылдық мерейтойы, Қазақ хандығының 550, ҚР Конституциясының және Қазақ халық Ассамблеясының 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғаны да тегін емес.


ӘН: «Ақ сәуле» орындайтын мектебіміздің білім алушысы Оразбек Айжарқын


1-жүргізуші:

Жас талаптан зор болашақ көремін

Қанат талмай сайрай берші өренім

«Сайра, сайра, сандуғашым» ақынның

Тамашала, Ләззат қыздың өнерін!


Ақын 25 жасында «САЙРА, САЙРА, САНДУҒАШЫМ!» өлеңін жазған екен. Ал, Әбілахат Еспаев әнге қосты. Осы әнді 9-сынып оқушысы Мамырбаева Ләззаттың орындауында тамашалаңыздар



1-жүргізуші:

Қасым шығармашылығы 1946 жылдың 6-қазанында одан сайын шарықтай түсті. Оның себебі өмірінің жалғасы, шаңырағының шаттығы, сөнбес шырағы Дариға дүниеге келді.


Дариғаға арнап жазған «Дариғашым, Дариғашым», «Дариғаға хат» өлеңдерін 6-сынып оқушысы Қонысбек Айтолқын және 9-сынып оқушысы Оразбек Айжарқынның мәнерлеп оқуында тамашалаңыздар


ӘН: «Дариға, сол қыз» орындайтын Хордин Қанат


КҮЙ: «______________________________________________» орындайтын Қайырбеков Дәулет


Мен едім от жүректі Қасым ағаң,

Дүние қасіретіне жасымаған.

Дауыл ғой, дауылдап бір тұрған бойым,

Мен қайтіп іштегі отты жасыра алам.


1-жүргізуші:

Құрметті жыр сүйер қауым Қасым ағамыздың 104 жылдық туған күніне арналған «Мен едім от жүректі Қасым ағаң!» атты әдеби-сазды кешімізді аяқтаймыз.


2-жүргізуші:

Көріп тамашалағандарыңызға мектеп ұжымының атынан алғысымызды білдіреміз.


1-жүргізуші:

Қасым ағамыздың тойында кезіккенше ел аман, жұртымыз тыныш болсын!










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
4606
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі