Материалдар / Ашық тәрбие сағаты: "Мен және менің достарым" 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты: "Мен және менің достарым" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
достық туралы мәлімет беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
2719
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Сарыоба орта мектебі









Сынып сағаты

Тақырыбы: Мен және менің достарым













Сынып жетекшісі: Хавсейт Айжан.

















2017-2018 оқу жылы



Ашық тәрбие сағаты:

Тақырыбы: Мен және менің достарым

Мақсаты: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету. Оқушылардың бойында адамгершілік қасиетін қалыптастыру.

Түрі:  Пікірталас

Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, слайд.


Барысы:

I. Кіріспе

II. Іскерлік ойыннан бір-бірімізге комплимент айтудан бастаймыз.

III. Аңыз. «Екі дос»

IV. Тренинг «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»

V. Жағдаяттан шығу

VI. И. Панарин тесті

VII. Қорытынды.


I. Кіріспе

  Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Мен және менің достарым» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

Абай атамыз айтқандай:

Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,

Қиғаш біткен маңдайға қас та өзгеше.

Кеңшілікте дос та дос, қасыңда дос,

Таршылықта қайырылмаған дос та өзгеше.

Немесе оны Жүсіп Баласағұни былай деп толықтырады:

Дос табу оңай-сақтауы қиын,

Жау табу оңай-тоқтауы қиын.

Ал, Мұқағалиша айтсақ:

Досым саған сенемін, сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген-адамның көрігі екен.

Достық деген-ақылдың серігі екен.

Жоғарыда айтылған өлең жолдарынан не ұқтыңыздар?

Дос деген кім?

1.Сыр бөлісетін адам.

2. Мені өте жақсы түсінетін адам.

3. Көмекке ардайым дайын адам.

4. Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам.

5. Сенімді адам.

II. Іскерлік ойыннан бір-бірімізге комплимент айтудан бастаймыз.
1-оқушы: Аян, сен бүгін ерекше көріктісің
2-оқушы: Дариға, көркіңе ақылың сай. (т. б сол сияқты бір-біріне жылы сөздер айту соңғы оқушыға дейін жалғасады).
- Рахмет, балалар! Әрбір жүректен шыққан жақсы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырды.


III. Аңыз. «Екі дос»

Ертеде жаугершілік заманда қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болыпты. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Олардың мал-мүліктерін тиеп, қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Екі достың біреуі жау қолына түседі. Оны естіген досы күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруын өтінеді. Келген соң ол: «Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп сатып алуға келдім, менің оған айырбасқа берер малым да мүлкім де жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін, ол-өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар! Ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім»-дейді.

Қолбасы оны сынамақ болып: -Жарайды мен сені қыршыныңнан қимай ақ қояйын, маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады-дейді.  –Ол не?-дейді досын құтқаруға келген, асыққан жігіт.

-Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, -дейді қолбасы.

-Олай болса, көзімді тезірек алда, досымды босат-дейді.

Жігіт бұл сыннан да мүдірмей өтеді. Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, соқыр күйінде қуанып, күлімдеп келе жатады.  Мұны көрген қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады»-деп ой түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген. Бұндай достармен мақтануға болады, солай емеспе?

-Достықтың екі түрі бар, олар: адал достық және амал достық.

Адал достық өмірлік нұсқа болады,

Амал достық өрісі қысқа болады.

IV. Тренинг «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»

Бір сыныптас ұлға немесе қызға қысқаша, оның жағымды және жағымсыз қасиеттерін көрсетіп атын атамай мінездеме жазындар. Жазғаннан кейін маған тапсырып оқығаннан кейін, оның кім екенін табуларын керек.

Ал, енді. Барлығыңыз орныңыздан тұрып, бір-біріңіздің қолыңыздан ұстап, қасыңдағы сыныптасыңа бірінші жаман қасиетін, екінші жақсы қасиетін айтыңыздар. «Сын түзелмей, мін түзелмейді»-демекші сынды ашуланбай қабылдаңыз да, болашақта кемшілікті жоюға тырысыңыздар. Сонымен қатар, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»-деп халқымыз айтқандай, жақсы қасиетінде айтып, мадақтап қойыңыздар.

Рахмет, оқушылар! «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». Сондықтан әрқашан кешірімді болыңыздар!

V. Жағдаяттан шығу. Ортаға ойынға екі ер баланың және екі қыз баланың шығуын сұраймын. Үстел үстінде жатқан кеспе қағаздағы ситуациялық сұрақтардың жауабын табыңыздар.

1.Саған ата-анаң үй шаруасын орындау керектігін ескертіп,  өздері жұмысқа кетіп қалды, кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір топ балалар тиісіп жатқандығын айтып көмекке келуіңді өтінеді. Бұл жағдайда не істер едің?

2. Көптен күткен әншінің концертіне бара жатырсың, қалтаңда билеттің құнына жететін 2000 теңге бар, жолдан құрбың кездесіп, тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып, қарызға 1000 теңге беруін сұрады. Бұл жағдайдан қалай шығасың?

3. Екеуің жан доссыңдар, тағы бір досың бар. Сырткөзге қарағанда қызығарлықтай құрбысыңдар. Бірақта сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың. Сен қай досты таңдар едің?

4. Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, ол өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұл жағдайда досыңа не дейсің?

VI. И. Панарин тесті. Қазір сендер әрбір столда тұрған геометриялық фигураға назар аударып әркім өзіне ұнаған фигураға барып отырады.
Әрбір топ мүшелері өздері таңдаған фигураның нені білдіретінін, неге осы фигураны қалағандарыңды айтасыңдар.(оқушылардың болжамдарынан кейін, мұғалім осы тесттің мақсатын түсіндіреді)
И. Панарин тесті бойынша.
Тіктөртбұрыш - таңдағандар лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қаблеті басым жандар.
Үшбұрыш - өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
Төртбұрыш - жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.
Дөңгелек - осы 5 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын қуанышын да бөлуге даяр тұратын жандар.
Зиг-зак - шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.
Міне, балалар, әркім өзін Панарин тесті бойынша да тануға болатынына көзіміз жетті

VII.Қорытынды. Жүректен жүрекке, балалар жылы лебіздерін білдіреді.

Дос

Дос емес достық сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Не қылып дос атыңа қосылады?

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе?

Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас.

Көңілі татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

Жасыған жездей болып мойымаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз.

Құрметті қоңақтар және оқушылар! Осымен «Мен және менің досым» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңілдеріңізге, уақыт бөлгендеріңізге көптен-көп рахмет!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!