Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Мен және менің отбасым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Іле ауданы, Чапев ауылы «№45 орта мектеп» МКМ

Авторы Калибекова Алма Жамбуловна математика пәнінің мұғалімі

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Мен және менің отбасым»
Мақсаты: Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Отбасының қоғамдағы орны туралы біледі.
Тапсырмаларды орындауда сындарлы ойлайды, ізденеді, ой түйіндейді.
Түйінді түсінік: Отбасы, адамзат, қоғам.
Керекті жабдықтар: Интербелсенді тақта, компьютер, бағалау, смайликтер, кері байланыс парағы,

«Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Топтық жұмыс: сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.
- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай?

  • Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық.
    Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық,тұтастық. Шеңбер
    арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық таратайықшы.

  • Оқушылар сандық қағазды таңдау бойынша мақал-мәтелдерді құрастырып 3 топқа бөліну.
    Әке-асқар тау, _____ (ана-бұлақ), бала- ________(жағасындағы құрақ)
    Әкеге қарап _______(ұл өседі), шешеге қарап _________(қыз өседі)
    Отбасы-адамзат ____________ ( бесігін тербеткен ұя)

- Балалар, біз неге осы сөздер арқылы бөліндік?

Кіріспе

-Отбасы дегеніміз не? Қалай түсінесізіңдер? Отбасы қандай болуы керек? Отбасы деген ол сіздер өскен шағын мемлекет, яғни жанұя бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары. Сыйластық, жарастық орнаған орта; шағын мемлекет;ата-әже, әке-шеше; қоғамның басты негізі; бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы; адам ғұмырының тірегі.
Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.
Отбасы- Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары.



1 топ «Мен және менің отбасым»,

2 топ «Отбасының тірегі – сүйіспеншілік»

3 топ «Отбасы болу бірлік және сенім» атты әр топ тақырыптың мазмұнын, тақырыбын, идеясын, тәрбиелік мәнін ашу мақсатында жоба құрады, қорғайды.

  • Отбасы туралы пікірлерін ортаға салады, бағалайды (бас бармақ әдісі бойынша бағалайды басқа топ).


Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес
(Ғ. Мустафин) дана сөз текке айтылмаған

Жаднама айту оқушыларға

«Ата-анам – ардақтым!»
Ата-анаңды өмір бойы сыйла!;
Ата-анаңа ауыр сөз айтпа;
Күнде таңертең амандас;
Үй шаруасына қолғабыс ет;
Алыста жүрсең жиі хабарласып тұр;
Ата-анаңа жаманат келтірме;
Өзің есейгенде рухани, материалдық жағынан қарасып тұр!;
Ата-анаңның достарын сыйла;
Қартайған шақтарында көңілдерін аула!;
Ауырып-сырқағанда қабақ шытпай бақ!;
Олар қандай жағдай да сен үшін «ең асыл жандар» екенін ұмытпа!



Кері байланыс парағы:
Бүгін мен сабақта білдім (нені)?
Бүгін мен сабақта үйрендім (неге?)
Бүгін мен үшін күтпеген нәрсе болды (не?)

  • Жыр арнау топтық ән (әр топ) балдык жүйемен

Қорытынды ашық тәрбие сағатына қатысқан үздік топтар мактау қағаздарымен марапатталады.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.11.2021
480
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12