400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Мен және менің отбасым" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал сынып жетекші үшін әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Мен және менің жанұям

Сыныбы: 2 е

Мақсаты: отбасындағы қарым - қатынас жүйесін білу, өзгерту, түзету, жеке тұлғаны қоғаммен байланыстыра тәрбиелеу.
Жоспары: 
1. Топтарға бөлу
2. Ассоциация құру
3. " Артық сөзді тап" жаттығуы
4. Сергіту сәті
5. Сұрақ жауап
6." Айнала бір - бірімізге массаж" тренингі
7. Мақал - мәтел
8.Жаттығу " Кемпірқосаққа шығу"

Барысы:
" Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді" - дейді халқымыз. Жерге отырғызғн жа көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтуді, үзбей қарауды керек етеді. Сол сияқты баланы да өзінің кішігірім мемлекетінде,яғни отбасында жан жақты , үйлесімді тәрбиелеу, денсаулығын сақтау, әлеуметтік ортаға араластыру және т.б қарастырылады.

1.Оқушылар топтарының атын таныстырады.
2. Ассоциация құру. ( "мен" , " отбасы" ) 5-минут
3. Артық сөзді тап . Мұнда оқушыларға сөздер сериясы беріледі. Әрбір серия 4 сөзден тұрады, оның 3 сөзі біртектес және оларға тән ортақ қасиет бойынша біріктіріледі де 1 сөзі алып тасталынады.(3 минут)
Сөздер сериясы
1. әке, ана, дәрігер, апа
2. оқушы, радио, парта, дәптер
3. нан, сүт, ірімшік, қаймақ
4. секунд, қол, сағат, минут

4. - Оқушылар, әрбір ата -ана өз баласын жан жақты қалыптастыру кезінде педагогтарға арқа сүйейді. Осыдан келе бірінші балабақшаға, сосын мектепке мұғалім арқылы баласын өзін - өзі тәрбиелеуге , оқуға белсендіреді.
Әрбір бала әр үйдің еркесі, өзіндік ерекшелігі бар. Сендерде бір үйдің еркесі, бірнеше қасиетке иесіңдер. Үйдегі еркелікті, қырсықтықты, бір сөзбен айтқанда жаман қасиеттерді тастап , жақсы болуға тырысу керексіңдер!
Оқушыларға таза ақ парақ үлестіріледі. Ол парақты екіге бөліп сызады. Оң жағына - жақсы, сол жағына жаман қасиеттерін, кемшілігін жазады.
соңына парақты екіге бөліп қияды да , сол жағын умаждап қоқысқа лақтырады.
5. Сұрақтар: Жауаптар:
1- Шаңырақ иесі кім? аға
2- Кімнің алақаны ыстық? әке
3- ....бардың жағасы бар ана
4-...... бардың тынысы бар қыз
5-.....өссе елдің көркі іні
6-Әке, ана, аға, апа.....олар? отбасы

6. " Айнала бір- бірімізге массаж " тренингі
Мұнда оқушылар арқамен келесі оқушыға қарайды. Бір - бірін
ің арқасына массаж жасалынады.

7. Мақал-мәтел 
4 командаға 4 ұяшық берілген.Ұяшықты таңдап, әрбір ұяшықтағы сөздерге сәйкес мақал - мәтел айтады.
Ұяшықтағы сөздер:
1- Оқу, білім
2- Кітап, мектеп
3- Ұстаз, мұғалім
4- Ата-ана, бала

8. Жаттығу "Кемпірқосаққа шығу".
Нұсқау: Орнымыздан тұрып, көзді жұмады және терең дем ала отырып, асықпай кемпірқосаққа шығып бара жатқандай елестетеміз......ал енді демдеріңді шығарған кезде кемпірқосақтан сырғанап түскендей болады.(3 рет қайталанады)

Қорытындылау: Әр бала өз отбасы туралы дайындалған буклет, газеттерін қорғайды.

«Отбасы-шағын мемлекет». Сондықтан әрбір адам өз отбасын, жанұясын қадір тұтуы тиіс. Отбасы мүшелерін сыйлап, оларрға мейіріммен қарауы керек. Жанұя қиын қыстау кезде жаныңнан табылатын қорғаның деп бүгінгі ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз.

Балаларды мадақтау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1049
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі