жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты Мен өскенде кім болам? 4 сынып
Тақырыбы: Мен өскенде кім болам?
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру;
Дамытушылық: Сурет бойынша сөздер, сөз тіркестерін және шағын мәтіндер құрастыруға үйрету, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Басқаның пікірін тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Әдісі: Тәрбие сағаты.
Көрнекілігі: Мамандыққа байланысты суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Ауызекі сөйлесу.
Бүгін қай күн?
Бүгін ауа райы қандай?
Жылдың қай мезгілі?
Жаңа сабақ барысы:
Қайырлы күн, құрметті балалар және қонақтар! Балалар, бүгінгі біздің ашық сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Балалар, бүгін біз «Мен өскенде кім болам?» тақырыбына ашық сабағын өткізгелі отырмыз. Олай болса, балалар, жақсы сөз жадыратар демекші бір-бірімізге бұрылып қарап жүрегіміздің жан-жылуын сыйлайық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып, ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан жағым.
Тәрбиеші:
Мамандық алғың келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық
Айналаң толған өнеге.
Тыңдайық қане, ойнайық,
Білімге терең бойлайық.
Оқыған маман – шын маман,
Мамандық алмай қоймайық.
Үйренем десең жалықпа,
Мамандық сырын анықта.
Еңбектің бәрі – мамандық
Жер-көктің бәрі – мамандық.
Мамандық таңдауда мектеп қабырғасынан болады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Балалардың пікірлері тыңдалады.
Тәрбиеші:
Әсемпаз болма әр неге
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан, - деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз. Біздің таңдауымыз да әр түрлі. Біреуіміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз керек. Жаман мамандық жоқ. мамандықтың бәрі жақсы.
Оқушы: Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда. Адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі. Мамандық бойынша адам жұмыс істейді. Оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық. Белгілі бір кәсіпке ие болу, арманды іске асыру. Мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады.
Тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.
Мақал-мәтелдер.
Ендігі кезекте мақал-мәтелдер. Балалар, мамандыққа байланысты кім қандай мақал біледі?
Еңбек түбі – береке,
Еңбек түбі – зейнет.
Еңбегі аздың өнбегі аз.
Ұстаның бізі сүйкімді,
Жақсының сөзі сүйкімді.
Шебердің инесі де алтын,
Соққан күймесі де алтын.
Жатқанға жан жуымас,
Жалқауға мал құралмас.
Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.
Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.
Шебердің саусағы асырайды.
Еріншектің ертеңі бітпес.
«Менен сұрақ, сенен жауап».
- Қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (Мұғалім, кітапханашы, аспаз, есепші, зергер, дәрігер, шахтер, тігінші).
- Сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер? (Машина, ұшақ, кеме, автобус, мотоцикл, велосипед т.б.)
- Қандай мамандық түрлерін көбірек естисіңдер? (Мұғалім, кітапханашы, аспаз, есепші, зергер, дәрігер, шахтер, тігінші).
Сергіту сәті
Анам менің сауыншы,
Апам менің қауыншы,
Әкем менің қауыншы,
Атам болса ол ұста.
Бәрі-бәрі жұмыста,
Отырмайын мен текке,
Кеттім мен де мектепке.
Сөздікпен жұмыс
Балалар, біз қазір тақтадағы суретке қарап әңгіме жүргіземіз.
Өрт сөндіруші
Тігінші,
Әнші,
Құрылысшы,
Аспаз,
Дәрігер,
Мұғалім.
«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді.
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.
Тәрбиеші: Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Ендеше, әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық. Сен өскенде кім болғың келеді?
Рамазан: Мен өскенде шахтер болғым келеді.
Кең қазатын комбаин
Келер іске дап-дайын.
Қазып енді, темірді,
Ағылтамын көмірді.
Тәрбиеші: Дариға, сен өскенде кім болғың келеді?
Дариға: Мен дәрігер болғым келеді.
Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де баланың.
Қиналғанда қасына,
Бірінші болып барамын.
Тәрбиеші: Ерғали, сен өскенде кім болғың келеді?
Ерғали: Мен өскенде өрт сөндіруші болғым келеді.
Батыр болам мен ертең,
Жүрексіздік танытпай.
Атқарамын елімді,
Жанған оттан қорықпай.
Тәрбиеші: Расул, сен өскенде кім болғың келеді?
Расул: Мен өскенде мұғалім болғым келеді.
Мен бақшаға барамын,
Ойнаймын ән саламын.
Тәрбиеші апайлар,
Досы барлық баланың.
Тәрбиеші: Пакизат, сен өскенде кім болғың келеді?
Пакизат: Мен өскенде шаштаразшы болғым келеді.
Тәрбиеші: Дұрыс, бізге шаштараз мамандығы өте қажет.
Тәрбиеші: Арай, сен өскенде кім болғың келеді?
Арай: Мен өскенде аспазшы болғым келеді. Дәмді тамақ пісіремін.
Тәрбиеші: Зияда, сен өскенде кім болғың келеді?
Зияда: Мен биші болғым келеді.
Алға қарай мақсатпен,
Армандарым көп менде.
Шыр көбелек айналар,
Биші болам өскенде.
Ал енді балалар, мамандыққа байланысты жаңылтпаш айтып көрейік.
Орманбай – аңшы
Марқабай – малшы.
Тұра қап алшы,
Құлағыңды суға салшы.
Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер,
Айтшы, ғарыш алыс па?
Ас аспай
Бас аспазшы,
Ас асты жас аспазшы.
Көрініс.
Интербелсенді тақтадан мамандық иелерінің суреттері шығады.
Шаштарыңды қиямын,
Қастарыңды қиямын.
Үздік шебер атанған,
Сұлуларың мен болам.
Мен инженер боламын
Жерден алтын табамын.
Жолын қуам әйгілі
Академик ағаның.
Ал мен ақын боламын
Суылдаған қаламым.
Адамдардың жүрегін
Жырмен жаулап аламын.
Қарап тұрсаң не керек
Елдің бәрі жұмыста.
Гүл сорады көбелек,
Дән тасиды құмырсқа.
Мен үлкейіп толамын,
Сонда өзіміздің осы ауылдың.
Бөбектерін оқытып, үйретіп,
Мұғалима боламын.
Нан беремін баршаға,
Жер маманы мен болам.
Барып жүрмін бақшаға,
Агроном ағаммен.
Тәрбиеші:
Көк жүзінде алаулы
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіне сай болу.
Балалар, қазір біз сәйкестендіру әдісін қолданып «Кім не істейді?» ойынын ойнаймыз.
Тігінші бала оқытады
Малшы шаш түзейді
Мұғалім мал бағады
Дәрігер сурет салады
Шаштараз адам емдейді
Суретші тамақ пісіреді
Аспаз киім тігеді
Тәрбиеші:
Көк жүзіне алаулы
Міндет емес ай болу
Ең бастысы қалаулы
Кәсібіне сай болу.
Талапкерлер көбейіп
Көңіліміз жайланса.
Сөзжұмбақты шешіп көрейік,
Кәсіпкерге сай қанша.
Сөзжұмбақ: «Бұл қай маман?»
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам. (Милиционер)
2) Бал тамған мәзір,
Ол бар жерде әзір. (Аспаз)
3) Оқу білім – бағдары,
Заманының бағбаны. (Мұғалім)
4) Өскен шашты жаратпайды,
Қайшы бар жалақтайтын. (Шаштаразшы)
5) Келіп баған қасына,
Өрмеледі басына. (Монтер)
6) Еңбек орны талабы,
Сүйікті әні – дала әні.
Егін салып мәпелеп,
Асырайды қаланы. (Диханшы)
7) Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа
Бұл кім? . (Футболшы)
8) Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)
Қажетті сөздерді қойыңыз
... киім тігеді.
... сабақ береді.
... адамдарды емдейді.
... сиыр сауады.
Сұрақ-жауап.
Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?
Сенің атаң кім болып жұмыс істейді?
Сенің әжең кім болып жұмыс істейді?
Ал сен кім болғың келеді?
Жақсы маман болу үшін не істеу керек?
Қорытынды.
Балалар, біз бүгін мамандықтың қандай түрлерімен таныстық?
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, мамандықтар туралы жас кездеріңнен өздерің қалаған кәсіпке ерте бастан дайындалған жақсы. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білген жөн. Кейбіреуіне әрине қабілет керек. Дегенмен, ең бастысы қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген