400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Мен Отанымның кішкентай патриотымын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағатының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен Отанымның кішкентай патриотымын

Мақсаты: Оқушыларды білімділікке баулу, бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге үйрету, Мәңгілік ел идеясын бойларына сіңіру.



Күтілетін нәтижелер:



Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады. Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.



Керекті жабдықтар: суреттер, маркер, флипчарт.



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру.



1. «Шаттық шеңбері» -шеңберге тұрып, бір-біріне тілек айтады.



Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!



2. Топқа бөлу (сурет қағаздар арқылы)

1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі.

2.Оқушылар қиық қағаздарды таңдап, топқа бөлінеді. І-топ: «Әнұран», «Ту», «Елтаңба».



Мұғалімнің кіріспе сөзі.



Құрметті оқушылар! Сіздерді 1-қыркүйек-Білім күнімен құттықтаймын! Білімдеріңді шыңдап, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы болатындарына кемел сенемін. Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, еліміздің болашағы-білімді жастарда!

Бігінгі алғашқы білім сабағы «Мен Отанымның кішкентай патриотымын» тақырыбына арналады. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған- туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз- Қазақстанның патриотымыз!

Отан деген не, кім қалай түсінеді?

Оқушылар оқитын тақпақтар:

1-оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Отан дейміз өсірген елімізді.

Биік тау, орман, тоғай көлімізді

2-оқушы: 3-оқушы: 

Отан дейміз кең-байтақ астананы, Отан- тарих, Отан – тіл,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы. Жасаған елің, өз- халқың.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ, Отан – өлең, Отан-жыр,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады. Көтерген көкке ел даңқын.

4-оқушы:  5-оқушы:

Отан – сенің ата-анаң, Отан – осы достарым,

Отан – досың, бауырың, Көңілге мұны түйе біл!

Отан – өлкең, астанаң, «Отан» деп өс жас қауым,

Отан – аудан, ауылың. Оны ардақтап сүйе біл!



«Миға шабуыл» стратегиясы

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Мемлекеттік тіл қай тіл?

-Еліміздің бас қаласы қай қала?

-Биыл тәуелсіздікке неше жыл толады?

-Біз қандай тілдерді білуіміз қажет?

-Қазақстанның басты Заңы қалай басталады?



Презентация



Әр топ өз топ аттарын қорғау.



3.Мағынаны ажырату

1. Әр топ мүшесі «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында ортаға шығып, өз өнерін көрсетеді: тақпақ, салған суретін қорғайды.



 2. Ресурс шешу.

1 топ– «Мәңгілік ел идеясы» тақырыбында қысқаша әңгімелеу.



2 топ – «Тәуелсіздік шежіресі» сызбасын жасау.



3 топ- «Біз -қазіргі заманның жастарымыз» көрініс көрсету.

4.Қорытынды

Рефлексия парағын толтыру.

Рефлексия парағы (Нені білемін? Нені білгім келеді? Нені білдім?)



Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!

Әсем қала Астанаға арналған тақпақтарымызбен сабағымызды аяқтаймыз.

Астанам - алтын ордам

Бар қазақ ғашық оған

Астанам әсем қалам

Бір көру арман маған



Алтын Арқа даласы Борлашаққа бастаған

Жасыл Есіл жағасы Шарықтайды асқақ ән

Қанат жайып құлпырған Елордасы Отанның

Аспаны ашық қаласы Мақтанышым - Астанам

Соңы.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
695
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі