Тақырыбы: Мен өз елімнің
патриотымын.
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні
мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Ата Заң күні мерекесін
атап өту. Көңілді орта қалыптастыру.
Сабақтың
мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні –
білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне,
мектебіне сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем
құра білуге үйрету.
Көрнекі-құралдар:
Қазақстан
Республикасының рәміздері,
суреттер.
Барысы:
Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық еліміздің әнұранын!
ҚР Мемлекеттік
әнұраны (Мемлекеттік әнұранды
орындау)
Мұғалім:
Балалар,
бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне,
бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық
мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл
күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін
үлкен мереке күні болып саналады. Әрбір мектептерде, басқа да білім
беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады. Осы тұңғыш қоңыраудан
бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі
азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер
мектепке күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу
керексіңдер.
Балалар, даярлық тобында
оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім
алғандар, солай ма, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай
Қазақстан Республикасының рәміздерін
білеміз.
(балалардың жауабын
тыңдау)
Мұғалім: Дұрыс, әнұран,
елтаңба, ту. Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада
тұрамыз?
Балалар:
Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Мұғалім: Дұрыс. Қазақстан Республикасының
президенті кім?
Балалар:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мұғалім: Өте жақсы. Біздің Қазақстан
Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар:
Қазақстан Республикасының елордасы Астана
қаласы.
Мұғалім: Өте жақсы, балалар.
Айтыңдаршы, біз қай қалада,ауылда туып, өмір сүріп
жатырмыз?
Балалар: Біз Фарфоровый
ауылында туып, өмір сүріп жатырмыз.
Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы,
біздің мектебіміздің аты қалай?
Балалар: №10 орта
мектеп
Мұғалім: Өте жақсы, балалар.
Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында
барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді тақпақтарымызды айтып
өтейік.
Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!
***
Өмірімнің көктемін
Сенде өткіздім деп келдім,
Алтын ұя-мектебім!
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл – анам мектебім.
***
Қоңырау сыңғырла,
асыға,
Үн қосқан қиядан асуға.
Білім ал, еңбек ет жас ұлан,
Өрле сен биiк шың басына.
***
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма.
Күлкідей әсем сылдырлап,
Бөбекті жиды маңына.
Сәлем, саған
мектебім,
Алғыстарым көп
менің.
Оқу, білім,
тәрбие
Ой санама
еккенің.
Қуаныш бүгін –
мереке,
Шуағын шашып тұр
әлем.
Мектепке келген
алғашқы,
Жан досым, саған мың
сәлем.
Биыл мен де
мектепке
Біріншіге
барамын.
Мақтанбаймын мен
текке,
Дайын дәптер,
қаламым.
Мектепке енді
барамыз,
Біз оқушы
боламыз.
Жақсы оқып
сабақты,
Кілең бестік
аламыз.
Өсті міне
бойымыз,
Өсті міне
ойымыз.
Қуанышқа
ортақпыз,
Құтты болсын
тойымыз.
Мектебің
мынау,классың
Осында он жыл
тұрасың.
Тарыдай болып
кіресің
Таудай болып
шығасың...
Соқ,соқ қоңырау
Сыңғырлайды
қоңырау
Сылдырлайды
қоңырау
Сыңғырлайды,сылдырлайды
алғашқы
қоңырау!
Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен.
Алдыңа келіп, ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейіріңді сезіндім.
Отанның біз ұл-қызы,
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.
Сылдырлайды, сыңғырлайды
Мектеп жақта қоңырау.
Ұмытпаймыз бұл бір айды,
Гүлге толы омырау.
Гүл толы қала, дала да,
Гүл толы бүгін омырау.
Шақырып мектеп – анаға,
Соғылмақ тұңғыш қоңырау
Құттықтау
сөз
Қорытынды
бөлім.
Мұғалім: Міне, балалар, осы
күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге
үйренетін күндеріміз басталады.
Әрқашан бүгінгідей жақсы
көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен мектептеріңе,
сыныптарыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы
қатысқандарың үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне
арналған сабағымыз осымен аяқталды.