400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Менің ауылым" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Менің ауылым" тақырыбында 5 сыныпқа өткен ашық тәрбие сағатым. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға туған ауылдың өткен тарихымен таныстырып, туған жерге деген ыстық сезімін бөлісуге, әр баланың елін, Отанын қадірлеуге бағыттау болып табылады. Ауыл туралы тәрбие сағаты барлық сынып жетекшілерге қажет деп ойлаймын. Оқушыларға патриоттық тәрбие беруге негізделген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 5б

Пән мұғалімі: Әбішева Айжан

Сабақтың аты

Менің ауылым

Сілтеме

жоспар

Жалпы мақсаты

Оқушыларды туған ауылдың өткен тарихымен таныстырып, туған жерге деген ыстық сезімін бөлісуге, әр баланың елін, Отанын қадірлеуге бағыттау.

Күтілетін нәтиже

Оқушыларды туған ауылдың өткен тарихымен танысады, бір-бірімен туған жерге деген ыстық сезімдерімен бөліседі, әр бала елін, Отанын қадірлеуді ұғады

Негізгі идеялар

оқушыларды халқымызға болашағынан үміт күтетін білімді ұрпақ керек екенін ұғындыру.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Болжау-зерттеу әдісі»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс « Қос жазба күнделігі»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «РАФТ» әдісі


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. (1 минут)

Топқа бөлу тренингі. «Айна»
Екі адам бір-біріне қарап тұрады, біреуі айна, екіншісі айнаға караған адам болады. Таңертең ұйқыдан тұрып, айнаға қарайсыңдар, сабаққа шығып кеткенше жасайтын іс-әрекеттеріңді айнаға қарап көрсетеді. Сонда екеуі де куледі. Осы тренинг арқылы жағымды эмоциямен сабаққа кіріседі. Топқа бөлу (таңдап алынған карточкалардың астындағы суреттер бойынша /1 топ- балық түрлері, 2 топ – балық құралдары , 3топ – балық өнімдері ( 2 минут)

ІІ. Қызығушылықты ояту. Менің ауылым (5 минут)

Ауыл туралы видеоролик көрсету

«Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы

Бұдан артық рахат табылмайды.

Бұлдырасын сағымдай өткен бір күн,

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы».

М. Мақатаев.

Ауыл — адамзаттың кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекені. Дүниедегі ең құдіретті  АНА болса, ауыл да бар лық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі.

Ауыл — халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен –жайы, ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі жақсарады, әлеуметтік жағдайы көтеріледі деген сөз.  Жусаны мен жуасы бұрқыраған, ауыл төсінде жайқалып егін өссе, жайылып мал өрсе – ауылдың сәні емес пе?

Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ертеден-ақ ежелгі мекені – ауыл болғаны анық. Яғни, ауыл – ұлтымыздың ұйытқысы.Елбасымыздың: «Біз кез-келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауга тиіспіз» ,- деген сөзі өте дұрыс айтылған.

Ауыл – қазақтың алтын бесігі, салт-дәстүрі, өлең-жыры, өнері, мәдениет пен адамгершілік ортасы. Сөз өрнегін оймақтап, жырдан кесте тіккен ақын-жазушыларымыз да, өз өрнегін айшықтаған сазгер , күйшілеріміз де, аты аңызға айналған даналарымыз да сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан.Саналы әрбір азаматқа туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына болуы тиіс. Жұмыр жер өз төсін мекен еткен барша халықтың шежіресін жаза беретін мәңгілік кітап тәрізді.


ІІІ. Топтық жұмыс «Болжау-зерттеу әдісі» бойынша Кеше, бүгін, ертең кестесі (15 минут)

І топ: Кеше- Өткен ауыл тарихы туралы баяндау

ІІ топ: Бүгін- Бүгінгі ауыл келбетін суреттеу

ІІІ топ: Ертең –Болашақ ауылды қалай елестетесің эссе жазу



ІV .Жұптық жұмыс « Қос жазба күнделігі» ( Мақалдың жалғасын тауып, мағынасын ашу)

(4 минут)

Мақалдың жалғасын тап

Мағынасын аш

1.Айтысқан ауыл болмас,

Болыспаған бауыр болмас.

2.Ауылға айтсаң – асар,

Көршіге айтсаң – қосар.

3.Ауылға барсаң қона бар,

Қамысты көлде сона бар.

4. Ауылда лақ туылса, адырдың шөбі көгереді

5.Ауылдасың жақсы болса ағайының не керек,

Алғаның жақсы болса, айтың,тойың не керек?

6. Ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді

7.Ауылы басқа алдырмас,

Ауылың сені қалдырмас

8.Ауылын көріп, азаматын таны

9.Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең,

Ауыл сыртында төбе болса, ерттеп қойған атпен тең.


V. Сергіту сәті (Оқушылар өнері) (2минут)

VІ. Жеке жұмыс «РАФТ» әдісі

Р – роль
А – аудитория
Ф – формасы
Т - Тақырыбы

VІІ. Кері байланыс.

«Бір  сәт  қуаныш»  бүгінгі  сабақтан  алған әсері  туралы  жазып, тақтаға  іледі.

  1. Тәрбие сағаты ұнады ма?

  2. Қиын тапсырма кездесті ме?

VІІІ. Қорытындылау

  Әрбір жан ауылдың тұрмысы мен тіршілігі, мәдениеті мен ғылымы, хал-жағдайларының жақсаруына қолдарынан келгенше үлес қосуы керек. Себебі ауыл күйзелсе, халық өмірі жақсармайды.

Алдағы уақытта барлық адамзат көрікті ауыл, келбетті қалада бақытты тұрмиыс кешуге тиіс. Жасампаз ауылдың тұтқасы – білімді де өнегелі жастадың қолында. Ауылдың көркеюі – жастардың санасы мен сезіміне,рухы мен ерлігіне, білімі мен билігіне байланысты. Сол үшін біз білім шыңына талаптануымыз керек!Терең білім, тума талант, дархандарын ауылдың ауасымен сусындаған жастардың бойында мол.

Қазақ ауылы гүлденсе, әр атқан таңнан үміт күтетін ауыл халқы үшін зор қуаныш екені сөзсіз.

Келешекке үлкен сеніммен көз тастасаң, біздің ауылымыз — сәулеті асқан, дәулеті тасыған, рухани дамыған, берекелі де, мерекелі, құтты мекенге айналады. Міне, сондықтан да балалар, осы ауылды көркейтуге  келешекте өз үлестеріңді қосады деп ойлаймын.Тектіліктің тамырын тереңге тартқанын ойлайтын халықпыз ғой. Өткенімізден өнеге алар, үлгі болар сәттерін еске түсіріп, естелігін тыңдап, тағылымын ұғынып өсуге арналған бұл тәрбие сағатымыздың мәні зор.

Сондықтан ауылдан жырақ жүрсекте,

 «Қарашада қара үй тұр,

                                          Қарайлай жүр артыңа» — деген жырау сөздерін естен шығармасақ екен.
Елдің еңсесін көтеру жастардың мойындағы міндеті, бабалар заманнан қалған арман – тілекті алға апарушы жастар екенін әрбір жас білуі тиіс. Құрметті қонақтар, оқушылар Аманаттың ақ ордасы – ауыл. Ауыл мәдениетін көрейік. Аманаттың ақ жолына қанат қағайық ағайын. Міне, осымен «Менің ауылым» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Ән-шашу «Ауылға кеткім келіп тұрады»




Аманөткел - Қызылорда облысының Арал ауданындағы ауыл.

Географиялық орны - Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстікке қарай 96 км жерде, Сырдария өзенінің жағасында орналасқан.

Халқы

Тұрғыны: 1,7 мың адам (1997); 2,1 мың адам (2009).

Тарихы: 1962 жылдан балық аулау базасының орталығы болды. Аманөткелде балық аулау бригадасы, Нұртуған атында акционерлік қоғам, орта мектеп, кітапхана, клуб, тұрмыстық қызмет көрсету пункті бар.

Аманөткел мектебі 1929жылы ашылды. 1929-1933 жылға дейін бастауыш мектеп, 1933-1953жылға дейін орталық мектеп, 1953-1959 жылдары 7жылды. Мектеп, 1959-1970 жылдары 8 жылдық мектеп, 1970-1971 жылдан бастап орта мектеп болды.

Шежіре өлкетану музейі 1988 жылы 8 желтоқсанда ашылды.

Сыр бойынан белгілі ақын, жыраулар шыққан. Мысалы: Әйімбетов Кәрібоз, Бітімбаев Жаңаберген, Элмира Жаңабергенова, сегіз дастан қырық мың жолдан астам жыр жолдарын қалдырған Нұртуған Кенжеғұлұлы.

Нұртуған Кенжеғұлұлы (1887, Арал ауданы Аманөткел ауылы Мырзабас мекені – 1930, сонда) – ақын. Атасы Еспембет суырып салма ақын, әкесі Кенжеғұл шебер күйші, анасы Айсұлу шежіреші болған. Сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін медреседе Мұхаммеди молдадан дәріс алған. 13 – 15 жасынан бастап өлең жаза бастаған. Алғашқы эпикалық туындысы – «Едіге» жыры (1910). 1910 – 20 жылдары «Мәулімнияз – Едіге», «Орақ – Мамай», «Қарасай – Қази», «Қобыланды», т.б. ірі эпикалық жырлары қазақ халқының өшпес мұрасына айналды. 1920 жылдан өмірінің соңына дейін нақыл-терме, толғаулар, тарихи дастандар, тұрмыстық жырлар, т.б. жыр үлгілерін жазған. Ақын өмірінің сегіз жылын (1922 – 30) ауыр науқаспен өткізген. Нұртуған шығармашылық сан салалы, қазақ әдебиетінің бірнеше жанрына қомақты үлес қосқан, Оның Исатай – Махамбет туралы «Ақ Кете Шернияз», жоңғар қалмақтарының басқыншылығы жайында «Ақтабан шұбырынды» атты тарихи дастандары, «Адалдыққа не жетсін», «Арғымақ сұлу көрінбес», «Адаспайды ақылды», «Әуелі сөйле, жаппар хақтан», т.б. терме-толғаулары, көптеген хат-өлеңдері бар. НұртуғанАрал өңірінде «Нұртуған мектебі» аталатын дәстүрлі жыршылық, ақындық өнер мектебін қалыптастырды. Ақын мұраларын Ә. Суханберлин, Б. Жүсіпов, А. Сақыпұлы, т.б. ғалымдар зерттеген.

Ауыл халқының негізгі кәсібі балық шаруашылығы. Рысқалов Бақыт – Аманөткел калхозының төрағасы болған, балықшыдан министр болған Саржанов Құдайберген ағамыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1310
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі