400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Менің елімнің қасиетті жерлері" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне пайдалы.Балаларды Отанға деген сүйіспеншілік сезімге,патриоттық сезімге,елін,жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында өткіздім.Ата-аналарға да балаларға да жаұсы әсер етті.Сондықтан сайттқа жариялап ,бөліскім келді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Менің елімнің қасиетті жерлері»

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар!

2 «Б» сыныбының «Менің елімнің қасетті жерлері ! атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

2-жүргізуші:

Не замандар өтсе дағы болағай,

Көк түріктің туы қалды құламай.

Маңғыстауым –тұнып тұрған тарихым,

Ашық аспан астындағы мұражай,-демекші кең байтақ қазақ даласында осы өлкенің тарихы ерекше.Тарихы терең Маңғыстау талайды тамсандырған қасиетті өлке.

Енді өлкеміздің тарихи жерлері мен кереметтерін оқушылар айтып берсін.

Әлихан,Жансерік,Дарын,Әли,Серікбол,Бұлбұл,Кәусәр.

1-жүргізуші:

Маңғыстау көкірегі жұмбақ әлем,

Сырласқан көзіңді ашып мұнарамен.

Шұбыртып езуінен жқлдыз ағып,

Кірпігін таң алдында жқмады әрең.

Ендігі Мағыстау туралы бейнебаян тамашалайық.

2-жүргізуші:

Менің елім санасы ,даласы бай,

Түндігі ашық,пейілі бала шырай.

Ұзын арқан,кең тұсау,мәрт мінезді,

Маңдайы ашық жазира даласындай.

Ән: «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар» Нұркенқызы Айымнұр

1-жүргізуші.

Маңғыстау қойтастарың жұрегімдей,

Мұнарың жалы жалын күреңімдей.

Аспаның Адайлардың көкірегі,

Құс жолы көкмойнақтың шідеріндей.

Би: «Туған жер» бір топ қыздар

2-жүргізуші:

Көркем сөз: «Маңғыстау» Ерболқызы Кәусәр

1-жүргізуші:

Маңғыстау десе аузымызға бірден Бекет ата мен 362 әулие түседі.Бекет ата -1750-1813жылдары өмір сүрген әулие,көріпкел, батыр,сәулетші,ағартушы болған. Мүрдесі Маңғыстауда Оғыландыдағы өз мешітіне қойылған.Бекет ата 4 мешіт салған. Құлсарыда,Бейнеуде,Үстіртте,Оғыландыда.

Қазақта

Мединада-Мухаммед

Түркістанда –Қожа Ахмед

Маңғыстауда –Пір Бекет деген ұранды сөз бар.

Кезекті көрініске берейік. «

1-Жүргізуші:

Маңғыстауым-жыр мекен,

Ақындары –дүр мекен.

Ақмаржандай саз қайырған,

Перзенттері гүл мекен.

«Мен қазақпын» әнімен ортаға Мұрат Нұрсәтті шақырамыз.

2-жүргізуші:

Уа,дариға алтын бесік туған жер.

Қадіріңді келсем білмей кеше көр.!

Жата алмас ем,топырағыңа тебіренбей,

Ақын болмай тасың болсам мен егер.

Көркем сөз: «Маңғыстауым» Жолдасқали Іңкәр

1-жүргізуші:

Енді кезекті «Алаш ұраны» биіне берейік

2-жүргізуші

Маңғыстау кқне тарих куәгері

Білмейміз қанша ғасыр , жыл ілгері

Бабалар басын құрап қоныс қылған

Шамасы жылдар кеткен тым ілгері

Ортаға «Бипыл» биімен Жолдасқали Іңкәрді шақырамыз

1-жүргізуші

Ендігі кезекті балалардың «Қазақ биі»

Маңғыстау талай тарих өткен жер,

Мәңгілік ата қоныс тепкен жер.

Біз қасиетті жердің ұрпақтарымыз.Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
1151
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі