400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан.


Мақсаты: 

Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.

Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата-бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы балаларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Коррекциялық: Сөз қорын кеңейту, жаңа сөздермен жұмыс жасап тіл түзету жұмыстарын үйрету.

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана қаласына байланысты суреттер.


Барысы:


Ұйымдастыру

Балаларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.
Тәрбиеші: Біз бүгін ата-аналармен бірлесе отырып, «Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой-пікірлерімізді ортаға салып, Отандарыңа арнап салған суреттеріңді көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан.
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай. (слайд)

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр. (ҚР-ның физикалық картасынан көрсету)

- Біздің еліміз – жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң-құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол. (слайдтан көрсетіледі)

Хор: «Отан»
- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз? (ой-пікірлерін тыңдау)

- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.

1-оқушы: 

Көп аузынан түспейтін, Отан – сенің ата-анаң,
Отан деген немене?, Отан – досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан – өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан – аудан, ауылың.
2-оқушы: 

Отан – жерім, Отан – суым,
Отан – қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата-анамды,
Мені өсірген елімді.
3-оқушы: 

Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – пана,
Қазақстан – туған ел.
4-оқушы: 

Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
5-оқушы: 

Отанды жас-кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Тәрбиеші: - Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады?
6-оқушы: - Оңтүстік Қазақстан.

Тәрбиеші: Туған жеріміз Арал біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз. Қазір, сендер «Туған жер» өлеңін мұқият ден қойып отырып тыңдап, өз ойларыңды айтуға дайындалып отырыңдар. (өзім оқимын)

Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер біледі екенбіз?

7-оқушы: 

Туған жер – тұғырың
Туған ел – қыдырың.
8-оқушы:  Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
9-оқушы:  Туған жер – алтын бесік.
10-оқушы: Туған жердің топырағы да ыстық.

1-оқушы: Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.

Бәрі: Қазақстан – Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.

Тәрбиеші: Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.

Хор: «Елтаңбасы елімнің» әні 
2-оқушы: 

Тас жаратын семсердей тілімдесің
Жүрегімде, дінімде, ділімдесің.
Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан
Ойым да, түнім де, күнімдесің.

Тәрбиеші: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздерімен зерделеп келе жатқан халық. Терең мағыналы сөз өнері арқылы тәлім-тәрбиесі зор ойлар айта білген. Қазір қазақ халқының үш биінің сөзіне назар аударалық.

Ортаға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би түрінде киінген үш бала шығып, сөздерін айтады.

3-оқушы: Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы, жасыл жайлауы – менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары тыңдалады.

Шығармаларын оқып, өз ойларын ортаға салады. Суреттерін таныстырамын.

4-оқушы: Біз жас ұлан – Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
Ән «Бақытты балалық шақ»
5 - оқушы: 

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
Ата-ана орындауында «Туған ел» әні домбыраның сүйемелдеуімен.
Қорытынды

Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз! Біз – тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. Ұстаздар, ата-аналар, оқушылар сіздерге көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
928
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі