Ашық тәрбие сағаты "Менің туым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Менің туым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан туралы білімдерін кеңейтіп мемлекетіміздің нышандары туралы түсінік қалыптастыру..Елін, жерін сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 04.12.2023ж

Тақырыбы: «Менің туым»

Мақсаты: Отан туралы білімдерін кеңейтіп мемлекетіміздің нышандары туралы түсінік қалыптастыру..Елін, жерін сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық дайындық.

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы алғаш көріп қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қызығушылықты ояту. «Сен білесің бе?»

1.Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

2.Қазақстан Республикасы қандай ел?

3. Тәуелсіз ұғымын қалай түсінесіңдер?

Топтастыру.    Бейбітшілік                          ашық аспан

егеменді                 мереке

                     бірлік                          татулық


Мағынаны тану.

Қазақстан-тәуелсіз мемлекет,егеменді ел.Бірақ осы күнге жету үшін біздің халқымыз қаншама қиын қыстау кезеңдерді бастан өткізді.Қаншама жылдар бойы Қазақстан тәуелсіздік алуға тырысты.

Бейнетаспа «ҚР тәуелсіздік күні»

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика блып жарияланды    1 слайд

1992 жылғы маусымның 4-де Қазақстанныңжаңа мемлекеттік рәміздері алғаш бекітілді-бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.

-Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

-Мемлекеттік рәміздердің авторларын кім айтады?

-ҚР мемлекеттік туының авторы кім?- суретші Шәкен Ниязбеков .

-ҚР мемлекеттік туында нелер бейнеленген?әрқайсысының нені білдіретіні туралы ашып айтайықшы.

Ту – Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  негізгі рәміздерінің  бірі. Мемлекеттік  ту  көгілдір  түсті  тік  бұрышты  кездеме. Оның  ортасында  арайлы  күн, күннің  астында  қалықтаған  қыран  бейнеленген. Ағаш  сабына  бекітілген тұста – ұлттық  оюлармен  кестеленген. Күн, арай, қыран, ою – өрнек – алтын  түсті. Тудың  авторы:  суретші  Шәкен  Ниязбеков.

Күн – өмір сүрудің белгісі. Күн сәулесі Қазақстанның барлық жеріне нұрын шашып, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ.
Қыран – киелі, қасиетті құс. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын дегенді білдіреді.
Ою – қазақ халқының мәдениетінің бір көрінісі.
Түсі – көк. Ашық аспан мен тыныштықтың белгісі.
Ту – тік бұрышты, 2х1
-Балалар сендер туды қай жерлерден көріп жүрсіңдер? Мемлекеттік ту қай кезде көтеріледі?

ҚР – ның Туы еліміздің үкіметтік ғимараттарында ілінеді. Сонымен қатар мемлекеттік мерекелерде қала алаңдарында ілінеді.1 қыркүйекте,соңғы қоңырауда ту көтеріледі.
Спорттық жарыстарда, олимпиадаларда спортшылар 1 орын алғанда ,халықаралық іс – шараларда қазақ елінің көк Туы көтеріледі.

Сергіту сәті.

Құсқа ұқсап бәріміз,

Қане, қанат жаяйық

Құс сияқты қалықтап

Ұшып-ұшып алайық

І қатар  Отан туралы мақал -мәтелді сәйкестендіру.

Отан елдің анасы,                                    отқа жанбайды,суға батпайды.

Отан қадіріне жетпеген                           жүрегі бірдің тілегі бір.

Отансыз адам,                                          елге тиген үлес.

Отан үшін еңбек етсең,                           Адал адам отанын сүйеді.

Отанын сүйген:                                       халқыңның сүйген ұлы боласың.

Отаны бірдің жүрегі бір,                        өз қадіріңе жетпейді.

Отан үшін күрес,                                     Ел ердің анасы.

Бұлбұл гүлзарын сүйеді,                        Ормансыз бұлбұл.

ІІ қатар «Аяқталмаған сөйлем»

Біздің туымыз ерекше,себебі--------------------------------------

Мен рәміздерімді мақтан етемін,өйткені--------------------------

ІІІ қатар  Күн сөзіне «Бес жолды өлең құрастыру»

Күн

Ашық, сары, шұғылалы

Жарқырайды,жылытады, шашады

Күн бәріне ортақ

Шығармашылық тапсырма

Күн шықты----------    (күлімдеп)

Шуағын шашып ------ (әлемге)

Қазақ елі-----------        (гүлденді)

Танылды енді---------   (бар елге)

Қорытынды:Балалар ,Қазақстан туымен тұғырлы,елтаңбасымен еңселі,әнұранымен айбатты.Олай болса еліміздің болашағы сендерсіңдер. Отанды сүюге,қорғауға, әрқашан дайын болыңдар.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2023
1052
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі